Шулардың адам ағзасына қолайсыз жағдайларының клиникасындағы маңызды белгілерге естудің кохлеарлы тип бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады. Екі құлақта бір деңгейде зақымданады. Есту ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың шағымдарын, жұмыс орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін, сонымен қатар жұмыс істейтін орнының санитарлық гигиеналық жағдайларын анықтаймыз. Естудің профессионалды төмендеулері кезіндегі отоскопиялық картиналардың ерекшеліктері жоқ. Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.
Барлық дыбыс диапазоны бойынша дыбыстың өткізілуінің бұзылулары сүйек және ауа арқылыда бірдей. Шу және шудың вибрациясының әсерін бір уақытта алатын, «шулы» мамандықта жұмыс істейтін адамдардың есту қызметінің жағдайындағы клиникалық аудиологиялық көрнісі бірдей. Жалпы алғанда «шулы» мамандықта жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық топтарының 4000, 6000, 8000 Гц жоғары жиіліктегі дыбысты қабылдау аймақтарының біршама төмендегенін байқаймыз. Алғашқы 5 жылдықта осы аймақ бойынша естудің алғашқы қадамдарын жоғарлату бойынша жұмыстың нәтижесі онша жоғары емес. Олардың жоғарғы көрсеткіштері 10-40 дБ аралығында болады. Кейінірек естудің жоғарлауы 500, 1000, 2000 жиілікте таралады. Осыған қарамастан мамандық бойынша жұмыс стажының өсуіне байланысты естудің төмендеуі дыбысты қабылдайтын 4000, 6000, 8000 Гц жиіліктер деңгейінде қалады. Аз мөлшерде 500, 1000, 2000 Гц жиіліктегі дыбысты қабылдау деңгейіне төмендейді, және 125-250 Гц жиіліктегі дыбысты есту төмендейді.