Жалпы алғанда адам табиғи радиактивтілік сәулелендіру 3 қосындыдан тұрады: 1.Адамның іс-әрекетіне байланысты емес, бірақ кеңістікте және әр уақытта болып тұратын сәулелендіру. Бұл клийдің радионулид (К40). Калий радионуклидінің жартылай ыдырау мөлшерінің керемет ұзақтығы және оның органдар мен тканьдағы сәулелендіру мөлшерінің тұрақтылығы. Ол жер бетінде біркелкі тараған, өйткені ғарыш кеңістігінен келіп адам ағзасына тамақ және ауа арқылы кіреді.
2. Адамдардың өмір сүру ортасы мен жағдайына байланысты сәулелендіру. Радон радиоизотопы газының ішке кіру жергілікті жердің биологиялық жағдайына, ғимараттардың түрлеріне, биіктік қатарына, үйдің қабаты ауа тазартқышына т.б. Радон газы бар жерлерде жүру қауіпсіз.
3.Екі аралықта сәулелендіру түрлі уақытқа байланысты өзгермейді, бірақ тұрақты орнына байланысты. Бұлар ғарыштың сәулелері теңізден белгілі бір биіктікте кездесетін, жер бетінде тұрғылықты кездесетін радионуклидтер.
Радияциялық фонның 4\5 бөлігін радияцияның табиғи көздері құрайды. Бұлар көбінесе жерден шығатын радиоактивті изотоптардың әсерінен болатын сәулелену жер- құрылыс ауада кездеседі және ағзадағы радионуклидтердің ішкі сәулеленуі жүреді. Табиғи сәулеленудің 1/6 бөлігін, адам космос есебінен алады.
Антропогендік көздер мен табиғи көздерді салыстырғанда оның әсері айтарлықтай төмен. Солардың ішінде ядролық қарудың сынақтарынан атмосфераға түсетін радиоактивті шығындар. Ядролық жарылыстардың жоғары дисперсті фракциялы өнімдері атмосфераның жоғарға қабаттарына көтеріледі де жылдар бойы сол жерде циркуляцияланады. Алғашқы кезде бір мезгілде жер бетіне түседі. 10 жыл ішінде- сынақтар анағұрлым интенсивті жүргізілгенде жердің тұрғындары глобалды шығыннан қосымша 2м 3в қабылдайды. Радияциялық фонның техногенді көзі- ядролық энергетика болып саналады.
Адам энергетикасының шығыннынан болатын сәулелену- адам әрекеті мен өнеркәсіптен алынатын сәулеленудің аз бөлігін ғана құрайды. Ірі өнеркәсіп орындары- кенді өңдейтін зауыттардың шығыны табиғи радияциямен тең немесе одан да аз ғана жоғары. Электро энергиясын алу барысында босап шыққан табиғи радионуклидтердің есебінен биосфера радиоактивті заттарға байтылып- жер шарының тұрғындары орташа есеппен 0,01м 3в сәулеленеді- бұл табиғи сәулеленудің 1 пайызын құрайды.