Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет58/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   167
Үшінші топ – созылмалы аурулары компенсация сатысында, организмдерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған балалар мен жасөспірімдер. Яғни, созылмалы аурулары немесе туа пайда болған потологиялық ауытқуларының қабынулары сирек болатын және жеңіл өтетін, жалпы денсаулық жағдайы қанағаттанарлық дәрежедегі балалар.

  • Төртінші топ – созылмалы аурулары субкомпенсация жағдайындағы, организмдерінің қызмет мүмкіндіктері азайған балалар мен жасөспірімдер. Яғни, созылмалы аурулары мен туа пайда болған дамудағы ақаулары субкомпенсация жағдайындағы, олардың қабыну, асқынулары жиі болып тұратындықтан денсаулық жағдайы нашарлаған, жедел аурулардан жазылу уақыты (реконволесценция) ұзақ болатын балалар.

  • Бесінші топ – созылмалы аурулары декомпенсация жағдайындағы, организмдерінің қызмет мүмкіндіктері едәуір төмендеген балалар мен жасөспірімдер. Бұл топтағы балалар негізінен жалпы профильдегі балалар мекемелеріне бармайды және жалпы бақылауға алынбайды.

    Мұндай топтастыру, белгілі дәрежеде шартты түрде болғанымен, қандайда бір факторлардың әсер етуін зерттеуге ғана емес, сонымен қатар, салауаттандыру шараларының тиімділігін бағалауда да, балалардың санитарлық жағдайын сипаттауға да мүмкіндік береді.
    Дені сау балалар мен науқас балалардың арасындағы шекара болып саналатын, денсаулықтың 2-ші тобын бөліп көрсетудің іс-тәжірбиелік үлкен маңызы бар. Бұл топқа жатқызылған балаларға емдеу-салауаттандыру шараларын жүргізбесе, аздаған функционалдық ауытқулары аурушылдыққа айналып кетуі мүмкін, сондықтан бұл денсаулық тобын "қауіптілік" тобы деп те атайды.
    Бұдан гөрі әділірек топтастыру үшін, және әртүрлі мекемелердің мәліметтерін үйлестіру үшін "Балаларды жаппай дәрігерлік тексеруден өткізген кезде, денсаулықтарындағы таралған кейбір ауытқулардың дәрежесі мен сипатына қарай денсаулық топтарын анықтау кестесі" өңдеп шығарылды. Бұл анықтау кестесі бойынша, әлі ауруға айналмаған кейбір функционалдық ауытқуларды анықтауға болады, яғни денсаулықтың екінші және үшінші топтарын ажыратуға болады.
    Денсаулықты тексеруге қатысатын әрбір маман, өз саласынан денсаулық тобын анықтап, қорытынды жазады. Осы қорытындылар бойынша дәрігер педиатр денсаулықтың ең соңғы бағасын беріп, денсаулықтың жалпы қай топқа жататынын анықтайды. Мұнда, кейбір ерекшеліктерге көңіл аудару қажет:

    1. Егер, балада қатарынан бірнеше ауру бар болса, онда соңғы қорытынды ең күшті ауруға байланысты қойылады.

    2. Егер, баланың үшінші топқа жататын бірнеше ауруы болса, онда науқас баланы төртінші топқа бөледі.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   167




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет