Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет60/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Қолайлы факторлар:

  • а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;

  • б) шынығу;

  • в) дұрыс, балансты тамақтану;

  • г) рационалды күн тәртібі;

  • д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;

  • е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыстық жағдайда өмір сүру.

  • Қолайсыз факторлар ("қауіптілік" факторлары):

    • а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;

    • б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;

    • в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;

    • г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;

    • д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;

    • е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.



    Дене бітімі дамуын зерттеу және бағалау тәсілдері


    Сонымен қатар, дене бітімінің дамуының көрсеткіштері, балалар организміне қоршаған ортаның тигізетін әсерінің деңгейін анықтаумен бірге, салауаттандыру шараларының тиімділігі туралы пікір айтуға да мүмкіндік береді. Жеке баланың, немесе ұжымның дене бітімінің даму дәрежесі, бағалы гигиеналық көрсеткіш болғандықтан, балалар мен жасөспірімдердің морфологиясы ішкі факторлардың да, сыртқы факторлардың да әсерін көрсетеді. Сондықтан да, қолданылып жүрген тәсілдердің қарапайымдылығы мен арзандығына байланысты, балалар мен жасөспірімдерге дүниеге келген күннен бастап, жыныстық ер жету кезеңіне дейін антропометриялық байқауларды міндетті түрде жүргізу керек.


    Сондықтан, дене бітімінің дамуын бағалағанда бой ұзындығын, дене салмағын және кеуде шеңберін міндетті түрде зерттеу керек. Арнаулы, терең жүргізілетін зерттеулерде дененің әртүрлі бөліктерінің ұзындық диаметрі, сан, иық, жіліншіктерінің шеңбері т.б. қосымша өлшенеді. Ұжымның дене бітімінің дамуын, жеке жас мөлшері топтарының негізгі антропометриялық белгілерінің және олардың өзгерістерінің орташа арифметикалық өлшемдерін есептеп шығару арқылы бағалайды.
    Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі:
    Ең басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің қатынастары – индекстер тәсілі қолданылды. Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер – екі көрсеткіштен тұрды (дене салмағы – бой ұзындығы және кеуде шеңбері – бой ұзындығы индекстері). Индекстердің есептелуі қарапайым болып келетіндіктен, бұрынғы кезде кеңінен қолданылған болатын. Әсіресе, ең кең таралғандары Брок, Пинье, Кетле, Гульда және Кауп, Ливи, Рорера жоғарыда аталған Эрисман индексі және т.б. болды.
    Осы уақытқа дейін жеткен Брок индексі бойынша, дене салмағы (кг), бой ұзындығынан (см) 100 см алғанға тең. Мысалы, бой ұзындығы 170 см болса, дене салмағы 70 кг тең болуы керек. Пинье индексі, немесе "сандық көрсеткіш", бой ұзындығынан дене салмағын және кеуде шеңберінің көлемін алғанға тең. Индекс аз болған сайын, организм әлсіз болады деп есептелді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   167




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет