К ДӘРУМЕНІ
К дәрумені (филлохикондар) – геморрагиялыққа қарсы, адам ағзасына тамақ өнімдерімен түсіп ішек микрофлорасымен синтезделеді. К дәрумені мына көкөністер құрамында көп кездеседі: шпинат, капуста, томаттарда, қалақайда, өсімдік майдаларында және бауыр мен ана сүтінде көп мөлшерде болады. К дәруменінің біріншілік жетіспеушілігі салыстырмалы түрде аз кездеседі, себебі оның тамақ арқылы ағзаға жеткілікті мөлшерде түсуі ағзаның қажеттілігін қамтамасыз ете алады.
К дәрумен екіншілік зәрулігі көп кездеседі. Ол мыналарға байланысты:
Ішекте К дәрумені сіңірілуінің бұзылуы (созылмалы энтерит және энтероколит).
Өттің түзілуі мен секрециялануының бұзылуы (жұқпалы және улылық гепатитте, бауыр шеменінде, өт тас ауруында, ұйқы безінің ісігі, өт жолдарының дискинезиясында).
Ішек бөлігінің оперативті жолымен алынып тасталынуы, майлардың аз сорылуы т.б.
К дәрумен жетіспеушілігі ұзақ уақыт дәрі-дәрмектермен сульфаниламид препараттарын қолданғандықтан пайда болады. Себебі олар ішектегі сол дәрумендерді синтездеуші микрофлораларды жояды. Тағы ұзақ уақыт антикоагулянттарды (мысалы: коамадин, фенилин, дикумарин) қолданғанда К дәруменінің функциональды жетіспеушілігі пайда болады. Себебі бұл препараттар К-дәруменіне қарсы болып табылады.
К дәруменінің биологиялық рөлі қанның ұю құбылысына қатысуымен сипатталады, К дәруменінің жетіспеушілігінде қанның ұюы бұзылады, яғни бауырда плазменді факторлар II (протромбин) VII, IX және X синтездеу үшін қажет. Осыған байланысты К дәруменінің зәрулігінде протромбин синтезі және VII, IX және X факторлар синтезі жойылады. Егер қанда протромбин болмаса ондай қандар ешқашан да ұйымайды. Осының салдарынан қанның ұйығыштығы бұзылады және геморрагиялық көрініс дамиды. Ол гипопротромбинемия және фибриннің фибриногенге айналуын тежейді. К дәруменінің жетіспеушілігі сонымен бірге жаңа туылған нәрестенің геморрагиялық ауруларымен байланысты. Оларға нәрестенің құрсақ ішілік асфиксиясы және ішкі бас ми жарақаттануы жатады.
К дәруменінің жетіспеушілігі гепатобилярлы жүйенің толық жетілмеуін, майларды сіңіру механизмінің жетілмеуі себеп болады. Сонымен қатар жаңа туған нәрестенің ішектерінде К дәруменін синтездеуші микрофлораның жоқ болуы К дәруменінің жетіспеушілігіне алып келеді. К дәруменінің болмауы ересек адамдарда нәрестелерге қарағанда аз кездеседі және екіншілік түрде болады.
К дәруменінің болмауы көбінесе бауыр ауруларында және ұзақ уақыт антикоугументтер К-эпоксидтің К дәруменінің айналуын редуктазаны тежей отырып кедергі жасайды. Жүкті әйел антикоагулянттер мен барбитураттарды көп мөлшерде қолданғанда ананың ағзасында төмен дәрежеде болады сол себепті жаңа туылған нәрестелерде К-дәруменінің жетіспеушілігі жиі кездеседі. Әдетте бірнеше айдан кейін К дәруменінің мөлшері нәрестелерде қалыпты жағдайдағы деңгейге жақын келеді. Бірақ К дәруменінің жетіспеушілігі нәрестелерде мынадай патологиялық құбылыстардың дамуында сақталады:
Диарея кезінде бір жағынан ішекте қан құйылуы байқалады. К дәруменінің сіңірілуі бұзылады екінші жағынан ішек микрофлораларының К дәруменінің синтезделуіне кедергі жасайды. К дәрумені жетіспеушілік себебіне байланыссыз қан кетуге бейім болады, онда мұрыннан қан кетуден бастап өмірге қауіпті эпидуральды субарахнойдальды, субдуральды қан кету және миға қан құйылу болуы мүмкін. Сонымен қатар петехиальды геморрагия, гематурия, мелена байқалады. К дәруменін қан тамырға енгізгенде қан кету 12 сағатта тоқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |