8.2. Дәруменнің артуы
D дәруменінің артуы гиперкальциямияға алып келеді. Оның белгілері: әлсіздік, бас ауру, жүрек айну. Қан құрамында кальций мөлшерінің көбеюі, гиперкальциурия және әр түрлі ұлпалар мен мүшелердің тұздануы алып келеді. Әсіресе бүйректер, қан тамырлар, өкпелер зақымданады.
Е ДӘРУМЕНІ
Е-дәрумені (токоферол) – залалсыздандырылуға қарсы өте кең таралған. Е-дәрумені күрделі органикалык қосылыс (фитол спирт пен гидрохинонның байланысының өнімі). Е-дәрумені барлық өсімдіктердің жасыл жапырақтарында, еттерде, сүттерде, майларда, жұмыртқа сары уызында өте көп болады. Адам ағзасында негізінен жасуша жарғақшасы және жасушааралық органеллаларда кездеседі. Тағамдардың ішінде өсімдік майында, әсіресе жүгері және мақта майында және кейбір көкөністерде болады. Е дәруменінің біріншілік жетіспеушілігі тамақ рационында зәрулігіне байланысты. Екіншілігі – ішекте сіңірілуінің бұзылуы, стеаторея (майлы нәжіс), жіңішке ішек резекциясында.
Эндогенді жетіспеушілік плазмада бета-липопротеидтердің жоқ болуынан дамиды. Бұл тұқымқуалайтын ауру. Мұнда беталипопротеид және пребеталипопротеид синтезінің генетикалық шартты төмендігі байқалады.
Е дәруменінің жетіспеушілігі – ересектерде аз кездеседі. Бірақ оларда жыныс бездерінің қызметтері бұзылады. Көбінесе аталық дараларда сперматогенез құбылыстары бұзылуы мүмкін. Сол кезде сперматозоидтардың қозғалыстарының белсенділігі төмендейді сол себептен бір-біріне жабысады. Аталық дараларда жыныс сезімі өшеді. Аналық дараларда Е-дәруменінің жетіспеушілігі менструальды айналымның бұзылуына (тоқтауына, тұрақты түсік тастауға, ұрықты алдыруға алып келеді). Көбіне жаңа туылған балаларда, әсіресе шала туылған балаларда көп кездеседі, өйткені плацентарлық барьерден Е дәрумені нашар өтеді.
Е дәруменінің жетіспеушілігі шала туылған нәрестелерде, әсіресе жасанды тамақтандырылатын нәрестелерде, оксигенация кезінде асқынады. Ол гемолитикалық анемияға, петинопатия және көрудің бұзылуына, бронх өкпелік дисплазия және нәрестенің кенеттен өлуіне себеп болады.
Е-дәруменінің ең маңызды рөлі-антиоксидант ретінде қолданылуы, яғни бос радикалдар белсенділікті төмендетеді. Бос радикалдар қартаю кезінде әртүрлі генездің әсерінен жасушалардың зақымдануында ишемия, ағзаның улануында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Олар жасуша жарғақшасының деструктурасын және ДНҚ денатурациясын туғызады. Сондықтан Е дәрумені жеткілікті болуы биологиялық жарғақшасының маңызды компоненті липидтің сутекасқын тотығуының күшейтілуін тежейді. Е дәруменінің антиоксиданттық қасиетіне байланысты оны нәрестелердің тыныс алу жеткіліксіздігінде, гемолитикалық анемия, инфаркт, сәулелі ауруда және т.б. ауруларды емдеуде кең қолданады.
Е дәруменінің жеткіліксіздігінде сонымен қатар қаңқа бұлшық еттерінің дистрофиясы, бауыр өзгерісі, жыныс бездері мен жұлында өзгерістер дамиды. Қаңқа бұлшық еттерінің дистрофиясы Е дәруменінің жетіспеушілігінің айқын көрінісі ретінде көрінеді. Бұлшық ет талшықтары ыдырауға ұшырайды, әсіресе диафрагма (көкетте). макрофагтардың әсерінен фагоциттеніп сарколемдік түтікшелер пайда болады. Кейбір ағза бөліктері жансыздануға ұшыраған талшықтарда кальций тұзы жиналады және тағы жұлынның арқа бағанасының глиозды және деминилизациясы, миокардтағы майда кейбір мүшелердің бөліктерін жансызданады ошақтарын өзгеріске ұшыратады, бүйрек тостағаншаларының зақымдануы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |