Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет200/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   388
сығындылаушы агент
ретінде тазартылған су қолданылады 
- бірінші өнім. 
Судың экстрагент, сығындылаушы агент ретінде артықшылықтары: 
көптеген әсер етуші заттарды жақсы сығындылайды (алкалоидтардан басқа), 
фармакологиялық индифферентті, биологиялық қауіпсіз, жоғары диффузиялық 
және жоғары десорбциялық қабілетке ие, арзан, тиімді. 
Кемшіліктері: 
биологиялық заттар гидролизге ұшырауы мүмкін 
(ферменттердің қатысында), микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта.
Екінші өнім
- шикізат. Шикізат - құрылысы жасушалы кептірілген және 
майдаланған өсімдік бөліктері. Жасуша қабығына байланысты, тірі жасуша 
кептірілген жасушадан ерекшелінеді. 
Тірі өсімдік жасушасында көп немесе аз мөлшерде протоплазма қабаты 
бар. Ол таса ролін атқарады. Жасуша ішіндегі сұйықтықты (сөлді) оның 
сыртындағы сұйықтықтан бөліп тұрады. Тірі протоплазмасы бар жасуша 
жартылай өткізгіш қабат ролін атқарады, ерітіндіні сыртқа өткізбейді. Мысалы, 


268 
жаңа қазып алынған мия тамыры өте тәтті дәмді. Егер оны суық суға салса, тәтті 
дәмі суға өтпейді. Су тек жасуша ішіне енуі мүмкін. 
Кептірілген өсімдікте өлі жасушаның жартылай өткізгіштік қасиеті жоқ, 
онда қуыстар, яғни ультрасаңлаулар пайда болып, сол арқылы диализ жүреді. 
Бұл жағдайда сұйықтық жасуша ішіне де, сыртына да өтуі мүмкін. 
Сығындылау процесі келесі сатылардан тұрады: 
жібіту, біріншілік 
сөлдің түзілуі, масса алмасу процесі. 
Бірінші сатыда
- өсімдік шикізаты сумен шыланып, су жасушаға енеді. 
Өсімдік материалында гидрофильді заттардың көп болғандығынан, ол сумен 
жақсы шыланады. Капиллярлы күштердің әсерінен су жасуша қабырғасындағы 
саңылаулар арқылы өсімдік шикізатымен сіңіріледі, жасушааралық кеңістікті 
толтырады. Судың саңылаулы таса арқылы өтіп, жасушаға енуі эндоосмос деп 
аталады. Өсімдік жасушасына судың енуімен бірінші саты аяқталады. 
Екінші сатыда
біріншілік сөл түзіледі. Жасушадағы су алдымен 
диффузияға қабілеті жоғары төмен молекулалық заттарды (қышқылдар, 
алкалоидтар, гликозидтер) еріте бастайды. Содан соң жоғары молекулалы 
қосылыстар, коллоидтар ериді. Жасуша ішінде жоғары осмостық қысым 
тудыратын, концентрлі ерітінді түзіледі. Оны біріншілік сөл деп атайды. 
Үшінші сатыда
- масса алмасу процесі жүреді. Масса алмасу процесі 
сырттағы еріткіш пен жасуша ішіндегі зат ерітіндісі арасындағы 
концентрациялардың айырмашылығына негізделген. Жасуша ішінде осмостық 
қысымы жоғары концентрленген ерітінді түзіледі, ол сөлдің саңлаулы таса 
арқылы еріткішке концентрациялары теңескенше тепе-теңдік орнағанша 
жылжуына мүмкіндік жасайды. Бұл сығындылау процесінің соңы. Сонымен, 
концентрациялар айырмашылығы – сығындылау процесінің қозғалыс күші 
болып табылады.
Негізінен, диффузияның екі түрі болады: молекулалық диффузия,
конвективтік диффузия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет