Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Өсімдік шикізатының стандарттылығы



Pdf көрінісі
бет202/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   388
Өсімдік шикізатының стандарттылығы. 
Сулы сығындылардың құрамы 
және концентрациясы, ағзаға әсер ету механизмі және күші ең алдымен 
бастапқы шикізатқа және ондағы әсер етуші заттарға байланысты болады. Әсер 
етуші заттардың мөлшері өсімдік материалдарына, өскен жеріне, өсу 
жағдайына, жинау уақытына, кептіру тәртібіне және басқа да себептерге 
байланысты болады. Сондықтан өсімдік шикізатының стандарттылығының 
маңызы зор. Стандартты шикізат деп нормативті құжаттардың (НҚ) 
талаптарына сәйкес келетін шикізатты айтады. 
Сулы сығынды дайындауға тек стандартты немесе жоғары кондициялы 
шикізат қолданылады. 
Қоймаға түсетін өсімдік материалдары, құрамындағы әсер етуші заттың 
мөлшері көрсетілген, аналитикалық паспортпен (тіркеу құжатымен) 
жабдықталуы тиіс. Ол көрсеткіштер пайызбен (алкалоидтар) немесе 
биологиялық әсер бірлік (БӘБ) санымен (гликозидтер үшін) көрсетіледі. 
Дәріханаға түсетін өсімдік материалдары этикеткамен жабдықталуы тиіс.
Егер әсер етуші заттардың белсенділігі НҚ көрсеткіштен жоғары болған 
өсімдік шикізатын қолданғанда, оны жазылымда көрсетілген мөлшерден кем 
мөлшерде алу керек. Қажетті шикізат мөлшері төмендегі теңдеу бойынша 
есептеледі: 
С
В
А
Х


мұндағы: 
Х – белсенділігі жоғары өсімдік шикізат мөлшері, г 
А – жазылымда жазылған стандартты дәрілік өсімдік
шикізат мөлшері, г 


270 
С – әсер бірлігімен немесе пайызбен берілген белсенді
заттардың нағыз мөлшері (БӘБ немесе %) 
В – 1 г шикізаттағы әсер етуші заттардың стандартты
құрамы 
 
Rp.: Іnfusі Folіorum Dіgіtalіs ex 0,5 - 200 ml 
Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 3 рет. 
КСРО МФ ХІ басылымы бойынша наперстянка жапырағында әсер 
етуші зат белсенділігі 50-66 БӘБ. 
Мысалы, аналитикалық паспорт бойынша әсер етуші зат белсенділігі 70 
БӘБ делік, сонда қажетті өсімдік шикізатын келесі теңдеу бойынша есептеп 
алу керек: 
47
,
0
70
66
5
,
0



Х
г 
Стандартқа сай келмейтін әсер етуші заттардың мөлшері төмен болған 
шикізатты сулы сығынды дайындау үшін қолдануға рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет