Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет210/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Технологиясы:
Инфундирлік стаканға 6,0 г 0,5 мм дейін жаңадан 
майдаланған қара күйе қауызын (спорынья) салып, 194 мл тазартылған су 
және 1,44 мл (19 тамшы) 0,83% хлорсутек қышқылының ерітіндісін қосып, су 
моншасында, араластыра отырып, 30 минут тұндырады. Уақыт өткен соң 10 
минут салқындатады. Қос қабат дәке арқылы сүзіп, шикізатты сығады, қажет 
болған жағдайда 180 мл дейін сумен жеткізіп, босататын құтыға құяды. 
Тығындап, безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары 
«Қолданар алдында шайқа», «Балалардан сақта», «Салқын жерде сақта». 
Құрамында иілік заттары бар шикізаттар 
Емен қабығы (дуб)
– 
Cortex Quercus

Қазтабан тамырсабақтары (лапчатка)
– 
Rhіzomata Tormentіllae ;
Жылантаран тамырсабақтары (змеевик)
– 
Rhіzomata Bіstortae;
Аюқұлақ жапырақтары (толокнянка)
– 
Folіa Uvae Ursі

Итбүлдірген жапырақтары (брусника) – 
Folіa Vіtіs іdaea

 


278 
Емен қабығы.
10-20% иілік заттары бар - пирогаллол туындылары, 
қабынуға қарсы әсер етеді. 
Қазтабан тамырсабақтары.
15-31% иілік заты бар. Бактерицидті 
әсері бар. Шаюға, микстура түрінде дизентерияда қолданылады. 
Жылантаран тамырсабағы
. 15-25% иілік заты бар - пирогаллол 
қышқылы. Бырыстыратын (вяжущее) әсері бар. 
Аюқұлақ жапырағы.
30-35% иілік заттары бар. Қуық ауруларында 
антисептикалық құрал ретінде қолданылады. Егер дәрігер осы шикізат 
түрінен тұнба жазса, әрдайым қайнатпа дайындалады.
Дайындау ерекшелігі:
Қайнаған су моншасында тұндырып болған 
соң, суытпай бірден сүзеді. Бұл иілік заттардың, суыған кезде тұнып, сүзу 
кезінде фильтрде қалып қалуымен түсіндіріледі. 
 
Rp.: Іnfusі folіorum Uvae Ursі ex 10,0 - 200 ml 
Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 3 рет 
Есептеу: К
с
= 1,4;
V
су
= 200 + (10,0 ∙ 1,4) = 214 ml 
Б.П. 
Folіorum Uvae Ursі 10,0 
Aquae purіfіcatae 214 ml 
V
ж.
= 200 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет