287
жабылған, ал оған электр қыздырғышты ауыстырып
қосқышы бар басқару
панелі, сигналды лампалары және сақтандырғыш бекітілген. Инфундирлік
ыдыста сығатын құрылысы бар перфорирленген стақан, ал стақанның ішінде
тұтқаға бекітілген штогы мен ұстағышы бар перфорирленген диск
орналасқан, жылжымалы
тұтқа инфундирлік
ыдыстың қақпағына
қондырылған.
Сығатын қондырғы көмегімен тұнбаны (қайнатпаны) араластыруға
және сығу арқылы сұйық фракциясын бөліп алуға болады.
Перфорирленген стақанға өлшенген
дәрілік өсімдік шикізаты
салынады. Су моншасындағы тазартылған судың мөлшері судың деңгейін
көрсететін шыны түтік арқылы бақыланады, конфорканың қақпағын
жауып, ауыстыратын қосқышты қуаты 1200 Вт сәйкес келетін «3»
деген
белгіге орнатып, аппарат электр тогына қосылады. Су моншасында су
қайнаған соң, конфоркаға, перфорирленген стакандағы өсімдік шикізатына
есептелген мөлшерде тазартылған су құйылған, инфундирлік ыдыстарды
орнатады. Кейін су
моншасы қайта қайнатылған соң, аппараттың қуатын
қайнауды қолдап тұратын (қуаты 600 немесе 300 Вт сәйкес келетін
ауыстырып қосқыштың жағдайы «2» немесе «1» тең) етіп қосады. Тұндыру
уақыты талап бойынша аяқталған соң,
аппаратты өшіреді, су
моншасындағы инфундирлік ыдыстарды алып, тұнба мен қайнатпаны
суытады, содан соң перфорирленген стақан құрамын сығады.
Жұмыстан соң аппараттың бөлшектерін өсімдік шикізатының
қалдығынан
тазартып, жуғыш заттардың сулы ерітіндісімен, содан кейін
тазартылған сумен шайып кептіреді. Су моншасындағы тазартылған судың
деңгейін үнемі бақылап отырады және қажет жағдайда судың деңгейін
көрсететін шыны түтік белгісіне дейін жеткізеді.
Инфундирлік аппаратты қолданғанда
нұсқауда берілген электр
қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет.
Аппараттар сериялы шығарылады және ауруханалық, ірі ауруханалық
және жеке кәсіпкерлік дәріханаларда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: