499
негізбен бірге жазылса; 3) жазылған заттар арасында кейбір тотығу-
тотықсыздану реакциялары жүрсе.
Тұздарынан газ бөлінетін әлсіз қышқылдарға азотты, тиокүкірт және
көмір қышқылдары жатады. Бұл тұздар күштірек қышқылдармен әрекеттессе,
сәйкес азот тотықтары, күкірт диоксидтері және көміртегі түзіледі.
Rp.:
Papaverіnі hydrochlorіdі 0,3
Natrіі nіtrіtіs 1,2
Aquae purіfіcatae l80 ml
M.D.S
. 1 ас қасықтан күніне 2 рет
Папаверин негізінің тұнбасы түзіледі. Ерітінді сары түске боялып, азот
тотықтары бөлінеді.
Натрий тиосульфаты қышқылдармен біріксе күкірт диоксиді және бос
күкірт түзіледі:
Na
2
S
2
O
3
+ 2HCІ
2NaCІ + SO
2
+ S
Бұл реакцияға қышыма ауруын емдеуге негізделген (М.П.Демьянович
әдісі). Сондықтан 60% натрий тиосульфаты ерітіндісі және 6% хлорсутек
қышқылы ерітіндісі комбинациясын шартты сыйымсыздыққа жатқызады.
Кальций және натрий карбонаттары көмір қышқылынан күштірек
қышқылдармен сыйымсыз:
CaCO
3
+ 2HCІ CaCІ
2
+ H
2
O + CO
2
Сутек асқын тотығы сілтілі ортада тұрақсыз, оттегі бөле отырып
ыдырайды:
2H
2
O
2
2H
2
O + O
2
Сондықтан ол сілтілермен, карбонаттармен, бораттармен және ортасы
сілтілі реакциялы басқа заттармен сыйымсыз.
Тұздарынан сілті әсерінен газ тәрізді заттар бөлетін әлсіз негіздерге
аммиак және оның формальдегидпен қосылысы - гексаметилентетрамин
жатады.
Rp.:
Acіdі ascorbіnіcі 1,2
Solutіonіs Hexamethylentetramіnі 3
180 ml
M.D.S.
1 ас қасықтан күніне 3 рет
Гексаметилентетрамин формальдегид бөле отырып ыдырайды.
Достарыңызбен бөлісу: