Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Кейбір дәрілік заттарды алмастыру



Pdf көрінісі
бет385/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Кейбір дәрілік заттарды алмастыру.
Дәрігермен келісіп калий 
бромидін натрий бромидімен, кодеинді кодеин фосфатымен (1,0-1,33), кодеин 
фосфатын кодеинмен (1,0-0,75), кофеин-натрий бензоатын кофеинмен (1,0-
0,4), натрий тетраборатын бор қышқылымен (1,0-0,65), сұйық фенолды 
кристалды фенолмен, эуфиллинді теофиллинмен (1,0-0,8) алмастыру 
арқылы сыйымсыздықтың алдын алуға болады. 
Дәрілік түрді алмастыру.
Бұл тәсіл - алмастырылатын түрлердің 
терапевтік эквивалентті жағдайында тиімді болып табылады. Микстураларды 
ұнтақтармен, тамшыларды микстуралармен, ұнтақтарды микстуралармен 
алмастыру жолымен сыйымсыздықты болдырмаудың мысалдары белгілі. 
Компоненттің бірін бөлу. 
Бұл тәсіл - сұйық препараттарда, ұнтақтарда 
және басқа дәрілік түрлерде сыйымсыздықтарды болдырмау үшін жиі 
қолданылады. Бірақ бұл тәсілді жүзеге асыру барысында бірқатар 
қиындықтар туындайды, себебі улы, есірткі және күшті әсер ететін заттарды 
дайын болған препараттың құрамынан бөлек босатуға рұқсат етілмейді. 
Препарат компоненттерінің біреуінің бөлінуі жөнінде дәрігер хабардар болуы 
керек. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Фармацевтік 
сыйымсыздық, 
фармакологиялық 
сыйымсыздық, 
рационалды емес жазылымдар деген түсініктер нені білдіреді? 
2.
Сыйымсыздық, қанша топқа жіктеледі? Әр топқа жеке сипаттама 
беріңіздер. 
3.
Дәрілік заттардың ерімеуі қандай жағдайда сыйымсыздық деп 
қарастырылады? 
4.
Ингридиенттердің өзара араласпауынан туындайтын сыйымсыздықты 
болдырмау жолдары. 
5.
Химиялық сыйымсыздық қалай жіктеледі? Мысал келтіріңіздер. 
6.
Сұйық дәрілік түрлерде тұнбалар не себептен пайда болады? 


504 
7.
Қандай жағдайларда сыйымсыздық газ тәрізді заттардың бөліну 
салдарынан туындайды? 
8.
Сыйымсыздықты болдырмау жолдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет