Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Дәрілік препараттарды орта ғасырларда дайындау (V- XVІІ)



Pdf көрінісі
бет13/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Дәрілік препараттарды орта ғасырларда дайындау (V- XVІІ) 
Алхимия және ятрохимияның әсері. 
ІV
 
ғасырдан
 
XVІ ғасырдың басына 
дейін фармация алхимиямен тығыз байланыста болған. Алхимиктер 
фантастикалық міндеттердің ізіне түсті – арзымайтын металдарды алтынға 
айналдыруға қабілетті «философиялық тасты» іздеу, және «өмір эликсирін», 
және барлық аурудан жазатын панацейді табуға тырысты, зерттеу 
нәтижелерін жинақтады. Дәрілерді алу үшін аппараттар мен қондырғылар 
алхимиктердің лабараториясынан, орта ғасырдың дәріханасына көшірілді. 
Бірінші дәріхана Бағдатта 754 ж. ашылды. Араб алхимиктері су моншасын, 
айдалатын куб жасап шығарып, қайнау, декантацияны, дистилляцияны, 
сублимацияны, ерітуді, коагуляцияны сипаттап, азот және тұз қышқылдарын, 
этанолды, хлорлы әкті алды. Персид ғалымы Абу Мансур аль Харави 
Муваффат алғаш рет 975 ж. дистилденген суды фармацевтикалық мақсатта 
қолдануды ұсынды. 
Рационалды фармацияны қалыптастыру үшін Орта Азия ғалымдарының 
жұмыстары үлкен роль атқарды, әсіресе, Бируни және Ибн Сина. Бируни 
«Минералогияда» әртүрлі металдар мен минералдардың құрылыстарын және 
емдік қолданылуын анықтап, кең таралған қымбат тастардың шипалылығын 
дәлелдеді. Бұл еңбектерінде Бируни Шығыста жақсы белгілі дәрілік зат 
«мумия асиль» туралы, қазіргі кездегі зерттеушілердің көңілін аудартатын, 
кең және қызықты мәліметтер келтірген. 
Медицина тарихында Ибн Синаның «Канон врачебной науки» (1020ж.) 
атты кітабы маңызды рөл атқарды. Канонның бесінші кітабында 
(Фармакопеяда) ботқа, ұнтақтар, шырындар, қайнатпалар, пилюлялар және 
басқа күрделі дәрілік заттар туралы жазды. Қазіргі заманғы технологияда – 
олар дәрілік түрлер және галенді препараттар. Ибн Синаның дәрілерді 
дайындау тәсілдері туралы еңбектерінде сол кездегі білім деңгейлеріне 
байланысты рационалды адасулар мен түсініктер тән. 
Ибн Сина Диоскориданың, Цельстің, Галеннің және басқа алдыңғы 
қатарлы ғалымдардың дәстүрлерін жалғастырып, көптеген ғасырлар бойы 
көптеген елдердің оқу орындарында қажетті оқу құралы болған медициналық 
және фармацевтикалық энциклопедия құрастырды. 
Орта ғасырлық Батыс Еуропада мистикалық түсініктер кеңінен таралған. 
Емдік 
үшін 
талисман, 
жұлдызнама 
және 
магиялық 
сыйынулар 
пайдаланылған. 
XVІ ғасырдың екінші тоқсанынан – XVІІ ғ ортасына дейін 
ятрохимияның, яғни «дәрігерлік химияның» жандану уақыты болды. Оның 
негізін қалаушы дәрігер Теофраст Бомбаст фон Гогенгейм (1493-1541) болып, 
Парацельс деген атқа ие болды. Ол химияны «ұлы ана» - медицинаға қосуға 
ой тастап «мен химияны қажет деп санаймын, химиясыз медицина білімі 
болуы мүмкін емес» деген. 


15 
XVІІ ғ. алғашқы рет дәрілік заттарды күре тамырға енгізу және қан құю 
жасалған. Ғылыми негізделмей, ол көбінесе науқастың өлімімен аяқталған. 
1581 ж. Мәскеуде «царева» (патшалық) деген дәрі дайындайтын дәріхана 
ашылды, ал 1673 ж. Ресейде алғаш рет халыққа арналған дәріхана ашылды. 
XVІІ ғасырдың екінші жартысында құрамында жазылымдары және 
тұнбалар, экстрактылар, тұндырмалар, медициналық майлар, жағар майлар, 
ұнтақтар және басқа дәрілік түрлер мен препараттарды дайындау тәсілдері 
бар, қолжазбалы фармакопея құрастырылған. XVІІ ғасырдан бізге дейін 
жеткен үш «фармакопеялардың» авторларының фамилиялары сақталған: 
емдеуші Иван Венедиктов, дәріханашы Данила Гурчин және архиепископ 
Афанасий (Алексей Артемьевич Любимов). 
Дәріханада күшті әсер етуші заттарды дозалау үшін «таразылар» 
қолданған. Өлшеуіш тастар ретінде тиындар, күміс тиындар және арпа 
дәндері қолданылған. Тұрмыста дәрілерді уыспен, ожаумен өлшеген. Кейде 
жұмыртқаның немесе грек жаңғағының қабығымен өлшеген. 
Суларды, арақтарды, тұнбаларды эликсирлерді, эссенцияларды, 
спирттерді және т.б. экстракциялау тәсілімен дайындаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет