Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет173/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Технологиясы:
30 мл тазартылған суда 2,0 г танинді ерітеді. Фарфор 
табақшада глицеринді йод ерітіндісімен араластырып, оны танин ерітіндісіне 
бөлшектеп қосады. Қоспаны алдын-ала ыстық сумен мұқият жуылған мақта 
тампон арқылы босататын қоңыр түсті құтыға сүзеді. Тығындап, безендіреді: 
негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», 
«Салқын жерде сақта». Коллоидты ерітінділерді дайындау кезінде коагуляция 
процесін болдыратын электролиттердің қосу ережесін ескеру керек.
Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығына сілтілі заттар, қышқылды заттар, 
су сіңіруші заттар кері әсер етеді. Қорғалған коллоидтар жарық әсерінен, 
қыздырудан, салқындатудан, ұзақ уақыт сақтағаннан коагуляцияға ұшырайды. 


238 
Сондықтан оларды салқын, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Қорғалған 
коллоидтардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрілік түрлер сияқты жүргізіледі. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Коллоидты ерітінділер дегеніміз не? 
2.
Коллоидты ерітінділердің қандай ерекшеліктерін білесіздер? 
3.
Протаргол және колларгол ерітінділерін дайындаудың ерекшеліктері қандай? 
4.
Протаргол және колларгол ерітінділерін фильтрлеуге бола ма? 
5.
Ихтиол ерітіндісін дайындау технологиясы қалай жүргізіледі? 
6.
Коллоидты электролиттердің (жартылай коллоидтар) ерітінділерін дайындау 
технологиясы. 
7.
Коллоидты ерітінділердің сапасын бағалау қалай жүргізіледі? 
 
 
 
 
 
3.9 Суспензиялар 
Суспензиялар - (
Suspensіones
) - официналды дәрілік түр. ҚР МФ, т.1, 500 б. 
«Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» жалпы мақаласына енгізілген. 
КСРО МФ ХІ басылымының 2 томына жалпы мақала енгізілген.
Суспензия - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан 
тұратын ішуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік 
түр. 
Барлық дәрілік түрлер секілді суспензиялардың да артықшылықтары мен 
кемшіліктері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет