Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет239/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Негізде жеңіл еритін заттар
: анестeзин 5% дейін, ментол, камфора, 
хлоралгидрат және т.б. міндетті түрде негізде ерітіледі (негіз майлы). 
б) 
Суда еритін заттар
: алкaлоид тұздары, дикаин, ихтиол, калий иодиді, 
новокаин, күміс нитраты, колларгол, протаргол, таннин және т.б. сулы ерітінді 
түрде енгізіледі. 
Протаргол, колларгол, таннин - олардың концентрациясына тәуелсіз 
жағармайға ерітінді түрінде енгізіледі, себебі емдік қасиетін сулы ерітінді 
түрінде көрсетеді. Қою, құрғақ экстрактыларды, опийді спирт-су-глицерин 
қоспасында ерітіп қосады (1:6:3). 


307 
в)
Суда да, майда да ерімейтін дәрілік заттар
және суда еритін, бірақ көп 
мөлшерде жазылған заттарды суспензия түрінде енгізеді. Оларға: висмут негізгі 
нитраты, ақ балшық, дерматол, сынап сары тотығы, норсульфазол, салицил 
қышқылы, бор қышқылы, крахмал, ксероформ, натрий тетрабораты, сынап 
амидохлориді, күкірт, стрептоцид, тальк, мырыш тотығы. 
Резорцин, пирогаллол, мырыш сульфаты (көз жағар майынан басқа), 
олардың суда еріштігіне қарамастан, тек суспензия түрінде енгізіледі, маймен 
немесе сұйық парафинмен ысқылайды. Себебі суда еріткенде тез сіңіріліп, улы 
әсер етеді.
Гомогенді жағар майлар:
балқыма жағармай, ерітінді жағармай, 
экстракциялық жағармай. 
Балқыма жағармайлар.
Балқыма жағармайлар екі немесе бірнеше 
балқитын 
бір-бірінде 
еритін 
компоненттердің 
қоспасы. 
Жағармай 
компоненттерін балқыту фарфор табақшада су моншасында жүргізіледі. 
Деструкцияға ұшырайтын жеңіл балқитын және сұйықтықтардың тым 
қызып кетуін немесе ұшқыш компоненттердің жоғалуын болдырмау үшін, ең 
бірінші қиын балқитын заттарды, содан соң балқу нүктесінің төмендеуіне қарай 
басқа заттарды балқытады. Сұйық ингредиенттерді ең соңында қосады. 
Rр: Cerae albae 6,5
Lanolіnі anhydrіcі 12,5
Oleі Persіcorum 30,0
Cetaceі
10,0
Aquae purіfіcatae 10 мл
Mіsce fіat unquentum 
Da. Sіgna.
Құрғақ теріге арналған май 
 
Есептеу:
m
ж
=6,5+12,5+30,0+10,0+10,0= 69,0 
Рецептіде 
берілген 
жағармай 
гомогенді 
балқыма 
жағармай. 
Ингредиенттердің балқу температурасы ескеріледі. 
Cerae albae
t
б 
= 63 – 65 
0
С 
Cetaceі
t
б 
= 45 – 57 
0
С
Lanolіnі anhydrіcі
t
б 
= 36 – 42 
0
С
БП 
Cerae albae
6,5
Cetaceі
10,0
Lanolіnі anhydrіcі
12,5
Aquae purіfіcatae
10 ml
Oleі Persіcorum
30,0 
m
ж
= 69,0 
Технологиясы:
фарфор табақшаға 6,5 г ақ балауызды өлшеп салып, су 
моншасында балқытады, оған 10,0 г спермацет қосып балқытады. Келіге 


308 
алдын ала пергамент қағазында өлшеніп алынған сусыз ланолинді, 10 мл 
тазартылған су қосып, араластырып, эмульсиялайды, бөлшектеп балқытылған 
қоспаны қосады, толық суығанша араластырып, бөлшектеп 30 г шабдалы 
майын қосады, араластырады. Дайын жағар майды кең мойынды шыны 
немесе пластмасса құтыға салып, қақпақпен тығындайды. Негізгі этикетка 
«Сырт тәнге», ескерту этикеткасы «Салқын жарық түспейтін жерде сақта». 
Официналдық балқыма жағар майы: МФ lХ басылымы 728 мақалада 
берілген нафталан жағар майы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет