Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет235/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Эмульсиялық негіздер: 
1. С/М типті эмульсиялық негіз «Консистенттік эмульсия» құрамы: 
Вазелин
60 бөлік 
Эмульгатор Т-2 
10 бөлік 
Тазартылған су 
30 бөлік 
Құрамы: 60 бөлік вазелин, 10 бөлік эмульгатор Т-2, 30 бөлік тазартылған су 
С/М типті эмульсиялық негіздің өкілі болып табылады. Дайындау: вазелин мен 
эмульгатор Т-2 су моншасында балқытылып, араластыра отырып біртіндеп 
ыстық (90-95 
0
С) су құйылады. Негізді 30 
0
С дейін суығанша араластырады. 
Содан кейін негізді 1 тәулікке салқын жерге қояды. Негіз күкірт жағармайын, 
калий йодиді жағармайын және скипидар жағармайын дайындау үшін шошқа 
майының орнына қолдануға бекітілген. 
2. Г.П. Грядунова және А.С. Прозоровский төмендегі құрамдағы негізді ұсынған: 
Вазелин
30,0 
Магний олеаты 
20,0 
Тазартылған су 
50,0 
3. Г.П. Грядунова ұсынған негіз құрамы: 
Вазелин
58,0 
Эмульгатор ВНИИЖ 
2,0 
Тазартылған су 
40,0 
4. В.М. Грецкий және Ю.А. Благовидова ұсынған негіз: 
Вазелин
47,5 
Тазартылған су 
50,0 
Сорбитанолеат
2,5 
Дерматол жағармайын дайындаған кезде қолданылады. 
5. В.В.Василенко, В.М. Грецкий ұсынған негіз: 
Вазелин 
38,0 
Тазартылған су
60,0 
Пентол
2,0 
Осы негізде натрий сульфацилмен, сульфадимезинмен, стрептоцидпен 
жағармайлар дайындалады. 
Дәріхана жағдайында жағармай дайындау үшін екі эмульсиялық негіз 
ұсынылған: 
а) Сусыз ланолин
168,0 
Вазелин 
240,0 
Тазартылған су
72,0 
б) Сусыз ланолин
Күнбағыс майы 
Тазартылған су
бірдей мөлшерде. 
Дайындалуы
:
липофильді компоненттерді алдымен балқытып, араластыра 
отырып ыстық суды қосады, эмульгирлеуді негіз салқындағанша жүргізеді. 


303 
Соңғы екі негіздердің сақталу мерзімі шектелген, 25 
0
С температурада бірінші 
негіз 15 тәулік, екінші негіз - 5 тәулік сақталады. Май/су типті эмульсиялық негіз 
сирек қолданылады және оның ассортименті аз. Бұл типті негіздер сақтау кезінде 
булану нәтижесінде өзінің суын жоғалтады, ол оның консистенциясының, осы 
жағармайдағы дәрілік заттың концентрациясының өзгеруіне алып келеді. 
Мысалы ретінде, ХНИХФИ зерттелген негізді алуға болады, оның құрамына 
бірдей мөлшерде адсорбциялық негіз және су кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет