Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Пилюлялардың рецептіде жазылу тәсілдері



Pdf көрінісі
бет278/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Пилюлялардың рецептіде жазылу тәсілдері. 
Пилюлялар ұнтақтар мен 
суппозиторийлер сияқты рецептіде бөлінетін және бөлінген тәсілдерімен 
жазылады. 
1) Бөлінетін - дәрілік заттардың мөлшері жазылған пилюля санына беріледі. 
 
Rp.: Acіdі arsenіcosі anhydrіcі 0,03 
Ferrі lactatіs 3,0 
Massae pіlularum quantum satіs 
Mіsce, ut fіant pіlulae N30 
Da. Sіgna.
1 пилюлядан күніне 3 рет 
2) Бөлінген - дәрілік заттардың мөлшері 1 пилюляға көрсетіліп, осындай қанша 
пилюля дайындау керектігі көрсетіледі. 
 
Rp.: Acіdі arsenіcosі anhydrіcі 0,001 
Ferrі lactatіs 0,1 
Massae pіlularum quantum satіs, ut fіat pіlula
Da tales doses N 30 
S. 
1 пилюлядан күніне 3 рет 
 
Рецепт бөлінген әдіспен жазылған. 
Ең жиі кездесетіні бірінші әдіс. Егер рецептіде көмекші зат көрсетілмесе, 
онда фармацевт дәрілік заттардың физика - химиялық қасиеттеріне қарап
көмекші затты өзі таңдайды. Көмекші заттардың мөлшері, әр пилюляның 


353 
салмағы 0,2 г болатындай етіп есептелінеді. Егер негізгі дәрілік заттардың 
мөлшері едәуір болса және 0,2 г мөлшерде пилюля алу мүмкін болмаса, онда 
дәрігер бұл массадан пилюляның екі мөлшерін белгілеп, 0,3 г бірден 2 пилюля 
қабылдауды ұсынады. 
Пилюляларды дайындау әдістері: 
қолмен илеу, дражирлеу, тамшылату, 
қалыпқа құю. 
Пилюлялар дәріхана жағдайында негізінен қолмен илеу әдіспен 
дайындалады. 
Дайындау сатылары: 
-
дәрілік заттарды араластыру; 
-
пилюлялық массаны алу, өлшеу; 
-
пилюлялық серіппені алу; 
-
пилюлялық серіппені кесу (дозалау); 
-
пилюляларды қалыптау; 
-
опалау; 
-
орамдау және безендіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет