Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі


Медициналық тауарлардың түр - түрі



бет10/47
Дата31.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#78001
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
Ôàðìàöåâòèêàëû?-òàóàðòàíó

Медициналық тауарлардың түр - түрі.

Фармацевтикалық ұйымдар қызметінің маңызды бағыттарының бірі – халық пен денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық тауарларға қажеттілігін жан-жақты қанағаттандыру негізінде түсімнің ұлғаюын қамтамасыз ететін сапалы ассортимент саясатын жүргізу болып табылады.


Тауарлар ассртименті (тауарлар номенклатурасы) – бір немесе бірнеше белгілері бойынша біріккен тауарлар жиынтығы. Медициналық тауарлар ассортиментін тауарлардың тұрған жері мен қамту енділігі, қажеттілікті қанағаттандыру сипаты, қалыптастыру тәсілдері бойынша бөледі.
Тауарлардың тұрған жері бойынша өнеркәсіптік және сауда ассортименттерін бөледі.
Өнеркәсіптік ассортимент (өндірістік ассортимент) - өнеркәсіптің жеке салалары немесе жеке өнеркәсіп кәсіпорындары шығаратын тауарлар ассортименті.
Сауда ассортименті – сауда жүйесінде ұсынылған тауарлар ассортименті. Сауда ассортиментінің өнеркәсіптік ассортименттен айырмашылығы - оған әр түрлі өндірістің тауарлары енеді.
Тауарлар жиынтығы деп тауарлар кластарын, тобын, түрін және бір түрін айтады.
Тауарлар класы – бұл қызметтері ұқсас келетін тауарлар жиынтығы. Мысалы, дәріханада сатылатын тауарларды келесі тауарларға бөлуге болады: фармацевтикалық тауарлар, медициналық тауарлар және бірге болатын ассортимент тауарлары.
Таурлар тобы - құрамы ұқсас тұтыну қасиеттеріне ие белгілі бір кластың тауарлар жиынтығы, мысалы, таңу заттары, оптика, инемен егуге арналған заттары, күтім жасау заттары, т.б.
Тауарлар түрі – атаулары мен тағайындалуы жалпы біріккен белгілі бір топтың тауарлар жиынтығы. Мысалы, таңу заттары тобында келесі тауарлар түрін атап көрсетуге болады: мақта, дәке бинттері, салфеткалар, бекіту таңғыштары және т.с.с
Тауарлардың бір түрі – бірқатар жеке белгілері бойынша берілген белгілі бір тауарлар түрінің жиынтығы, мысалы дәке бинттері көлемі, стерильдігі, өндіруші жағынан ерекшелінеді.
Ассортимент құрылымы – белгілі бір белгілері бойынша берілген тауарлардың жиынтықтағы байланысы. Ассортимент құрылымын анықтауда жалпы классификаторында келтірілген медициналық тауарлар жіктеуін қолдануға болады.

1 сурет. Ассортимент сипаттамаларының жіктеуі.



өнеркәсіптік





Тауарлардың тұрған жері бойынша

сауда





қарапайым





күрделі




Тауарлардың қамту енділігі бойынша

топтық





Кең жайылған

Бірге болатын


аралас

Қажеттілікті қанағаттандыру сипаты бойынша

нақтылы








бағдарлаушы



оқу

тиімді


Қалыптастыру тәсілі бойынша

еркін

міндетті

Ең аз ассортимент


• Тауарлардың қамту енділігі бойынша ассортименттің қарапайым, күрделі, топтық, кең жайылған, бірге болатын және аралас түрлерін ажыратады. Ассортиментке енетін тауарлардың қамту енділігін олардың топтары, шағын топтары, түрлері, бір түрі, маркалары, атаулары сандарымен анықтайды.


- Қарапайым ассортимент үш белгілері бойынша жіктелген тауарлар түрлерімен берілген (бір түрі, түрлері, топтары). Мысалы, бір ассортимент тобының өнімдерін (таңғыш заттарды, оптиканы, қысым өлшегіш аспапты, медициналық жиһаздарды және т.б.) сатуға (немесе жасауға) бағытталған кәсіпорын тауарларының жиынтығы.
- Күрделі ассортимент - үштен көп белгілері бойынша жіктелетін тауарлар жиынтығы. Күрделі ассортимент бірнеше ассортимент кластары немесе топтарының тауарларын біріктіреді. Дәріханаларда әртүрлі ассортименттің тауарлар номенклатурасы бар, яғни оларға тауарлардың күрделі ассортименті тән.
- Топтық ассортимент (ірілендірілген ассортимент) – тауардың белгілі жиынтығының жалпы белгілері бойынша біріккен тауарлар ассортименті.
- Тауарлардың кең жайылған ассортименті (топ ішіндегі ассортимент) – тауардың бір түрі ұсынылған ассортимент, яғни әртүрлі өндіруші шығарған медициналық тауарлардың біртектес атаулары немесе сыртқы түрімен өзгешелінетін өнімдердің модификациясы.
- Бірге болатын ассортимент (парафармацевтикалық өнім) – көмекші қызмет атқаратын және фармацевтикалық ұйымдар үшін негізгі (яғни дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар) болып табылатын тауарларға жатпайтын тауарлар. Парафармацевтикалық өнімдерге жататындар:

  • Емдік қасиеті бар косметикалық тауарлар, және санитарлық-гигиеналық заттар;

  • Жеміс, көкөніс шырындары, нектар мен сусыншылар, дәрумендер мен дәрілік шөптер қосылған шәйлер;

  • Минералдық сулар, соның ішінде емдік және асханалық;

  • Ем - дәмдік және балалар тағамы.

  • Аралас ассортимент - қызметінің әртүрлілігімен ерекшелінетін әр түрлі топ, түр атаулар тауарларының жиынтығы.

• Қажеттіліктерді қанағаттандыру сипаты бойынша ассортимент нақтылы, бағдарлаушы оқу және тиімді болып бөлінеді.

  • Нақтылы ассортимент – нақты даярлаушыда (немесе сатушыда) бар тауарлардың нағыз жиынтығы.

  • Бағдарлаушы ассортимент потенциалды тұтынушының мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында даярлаушыны (немесе сатушыны) анықтайды.

  • Оқу ассортименті – оқу мақсатының жетістіктеріне арналған тауарлар жиынтығы.

  • Тиімді ассортимент – потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік беретін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты деңгейінде тұрмыстың ең жақсы сапасын қамтамасыз ететін тауарлар жиынтығы.

• Қалыптастыру тәсілі бойынша ассортимент еркін және міндетті түрге бөлінеді.

  • Міндетті ассортиментті мемлекеттік басқарма органдары немесе қоғамдық ұйымдар фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметін реттеу мақсатында, және сондай-ақ халыққа әлеуметтік кепілдемені қамтамасыз ету үшін даярлаушыларға (немесе сатушыларға) тапсырыс етеді.

  • Еркін ассортиментті кәсіпорын шаруашылықты жүргізу мақсатына, мамандырылуына, нарық коньюнктурасына, қаржыландыру мүмкіндіктеріне және басқа да факторларға сүйене отырып, жеке қалыптастырады..



Ассортимент қасиеттері мен көрсеткіштері.
Ассортименттің тиімділігін және оның нарықтың нақтылы жағдайына тұрақтылығын анықтау мақсатында оқтын-оқтын талдау жасау қажет.
Ассортимент қасиеттері – ассортиментті қалыптастыру кезінде көрінетін өзіне тән ерекшеліктері.
Ассортимент көрсеткіштері – ассортимент қасиеттерінің сандық көрінісі.
Ассортимент енділігі тауарлардың ассортимент топтарының санымен сипатталады. Оны ассортименттің нағыз енділігінің (Двг) базалық енділік қатынасына тең енділік коэффициентпен (Квг) көрсетеді.
Двг
Квг = х 100%

Ввг


• Нағыз енділік – бар тауарлар тобының дұрыс саны.


• Базалық ендік – нормативтік құжаттармен реттелген тауарлар тобының немесе шағын топтарының саны.
Ассортимент толықтығы әрбір нақты топтағы ассортимент позицияларының санын сипаттайды. Мысалы, дәріханада “Медициналық бұйымдар, күтім және гигиена заттары” тобы бойынша медициналық тауарлар ассортиментінің толықтылығы 110 құрайды, “Медициналық құрал-жабдықтар” бойынша – 28 және т.с.с.
Ассортимент толықтылығы оның нағыз толықтылығының (Дсом) базалық толықтылыққа (Всом) қатынасы ретінде коэффициентпен (Ксот) белгілейді.
Дсоn
Квr= х 100%

Всоn




Ассортимент тереңдігі тауардың (немесе жеке тауарлар нұсқаларының) бір түрінің болуымен сипатталады.
Мысалы, дәріхана “Ворсмен медициналық жабдықтар зауыты” ЗАҚ, “Мединфорт” бірлестігі, “Серпухов тоқымасы” ЗАҚ шығаратын мөлшері 5мх 7 см залалсыздандырылмаған дәкені бинттерді сата алады.
Ассортимент тереңдігінің көрсеткіші ретінде оның нағыз тереңдігінің (Дd) базалық көрсеткішіне (Вd) қатынасымен анықталатын тереңдік коэффициенті (Кd) белгіленеді.

Dd
Кн= х 100%


Вd
Ассортиментті қолдану дәрежесі – нақты уақыт аралығында ұйымдағы бар тауарлар ассортиментін қолдану көрсеткіші.
Ассортиментті толықтыру – тауарлар жиынтығының өзгерген қажеттіліктерді жаңа тауарлар есебінен қанағаттандыру қасиеті. Ол нағыз толықтырумен – жаңа тауарлар атауының жалпы санына (В) тең жалпы тізімдегі тауарлар саны (Н) мен толықтыру индексімен (Кн) сипатталады.
Н Н
Кн= немесе Кн=


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет