Қазақстан республикасының денсаулық сақтау



бет11/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69
Байланысты:
геронтология және гериатрия кітап

2.2.3 Біріншілік глаукома
Глаукома – көзден сулы ылғалдың шығуының бұзылуымен, көзішілік қысымның (КІҚ) жоғарылауымен, көру жүйкесінің атрофиясымен және көру қызметінің үдемелі төмендеуімен жүретін аурулар тобы.
Этиологиясына қарай туа пайда болған, біріншілік және екіншілік глаукома деп ажыратады. Біріншісі көзден сұйықтықтың ағып шығуына жауапты құрылымдардың дамуындағы ақауларға байланысты болады.
Екіншілік глаукома көздің басқа ауруларының салдарынан (жарақаттар, қабыну және т.б) туындайды. Біріншілік глаукома бірінші кезекте көз құрылымындағы кәрілік өзгерістердің қарқындылығымен, сонымен қатар жеке анатомиялық және метаболикалық ерекшеліктерге, тамырлық, жүйкелік және эндокриндік жүйе жағдайына байланысты пайда болады.
Әр науқаста барлық патогенді факторлар анықтама бермейді, ал оның кейбір бөліктері ғана анықталады. Біріншілік глаукоманы мультифакторлы ауруларға жатқызады.
Ашықбұрышты және жабықбұрышты глаукомаларды ажыратады.
Бірінші жағдайда КІҚ жоғарылауы көздің дренаждық жүйесіндегі өзгерістермен, ал екіншісі – нұрқабық тамыры мен алдыңғы камера бұрышының бөгелуімен немесе гониосинехиялармен байланысты болады.
Біріншілік ашық бұрышты глаукома (БАБГ). БАБГ патогенезіне екі негізгі патофизиологиялық: гидромеханикалық және метаболикалық механизмдер жатады. Гидромеханикалық дренаждық жүйеде көзден сулы ылғалдың ағып шығуының нашарлауы айқындалады. Бұл КІҚ жоғарылауының себебі болып табылады.
Метаболикалық ығысулар себебінің ішіне гемоциркуляциялық бұрылыстар жатады. Ол ишемия мен гипоксияға алып келеді. Глаукоманы тудыратын метаболикалық факторлорға, сонымен қатар липидтердің қостотықпен тотығуы, коллагендер мен гликозамингликандардың алмасуының бұзылуы да жатады.
БАБГ диагностикасы. Глаукоманың ең негізгі белгілеріне КІҚ жоғарылауы, көру жүйкесінің экскавациялық атрофиясы және көру алаңының өзгерістері (мұрын жақтан тарылуы, парацентральды дақтардың көрінуі) жатады. Глаукоманың алғашқы сатыларында соңғы екі белгілері көрінбеуі де мүмкін. Тек КІҚ жоғарылауының анықталуы «глаукома» диагнозын қою үшін жеткіліксіз. Сонымен бірге көру жүйкесінің глаукомалық нейропотиясы қалыпты КІҚ кезінде де туындауы мүмкін.
Сондықтан, дұрыс диагноз қою үшін, науқастың барлық қосымша белгілерін ескере отырып, динамикалық бақылауға алғаннан кейін ғана қою керек. Динамикалық бақылау кезінде «гла укомаға күдік» деген диагноз қойылады.
БАБГ емі. Глаукоманың емін КІҚ төмендететін медикаментозды әдіспен бастайды. Дәрілік ем тиімсіз болса, операция жасайды. Дәрілік гипотензивті заттардың ішінде бета-адреноблокаторлар (тимолол,бетаксалол, проксодолол) және холиномиметик – пилокорпин тағайындалады. Қалған офтальмогипотензивті заттар (антихолинэстеразды
миметиктер, симпато-миметиктер, карбоангидразалар ингибиторлары) екінші кезекте таңдалады. Гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарға қарсы вазодилататорлар, ангиопротекторлар, дезагреғанттар, антиоксиданттар тағайындалады.
Біріншілік жабықбұрышты глаукома (БЖБГ). БЖБГ патогенезінде салыстырмалы қарашық бөгемесі нәтижесінде нұрқабық түбірінің алдыңғы камера бұрышының бөгелуі жатады. Қарашық бөгемесі көзбұршақтың алға қарай орналасуынан туындайды. Бұл кезде нұрқабық көзбұршаққа тығыз жатады да, артқы камерадан алдыңғысына қарай сұйықтықтың өтуін қиындатады. Бұл артқы камераның қысымының жоғарылауына және нұрқабықтың алға шығуына (бомбаж) әкеледі. Алдыңғы камераның бұрышы тарылған көздегі нұрқабықтың алға шығуы оның жартылай не толық бөгелуіне алып келеді, нәтижесінде КІҚ тез жоғарылауы туындап, жіті немесе жітілеу глаукома ұстамасының клиникалық көрінісі орын алады. БЖБГ ұстамасы 45–50 жастан асқан, көзінің алдыңғы камералары ұсақ және бұрышы тарылған адамдарда туындайды. Ұстаманың негізгі себебіне қарашықтың ұлғаюы, тамырлы қабықтың қанмен толығуы және сулы ылғал секрециясы жылдамдығының күрт жоғарылауы жатады.
Глаукоманың жіті ұстамасын анықтау қиындық тудырмайды. Науқас көзі мен басының ауыруына, көрудің бұлыңғырлануына, күн көзіне қарағанда дөңгелек сызықтардың көрінуіне шағымданады. Қарағанда көз алмасы тамырларының иньекциясы, мөлдірқабықтың ісінуі, тарылған алдыңғы камера, кеңейген қарашық көрінеді. Көзді пальпациялағанда көз қатты, КІҚ 40–50 с.б.б. дейін жоғарылайды.
Глаукоманың жітілеу ұстамасында алдыңғы камера бұрышының толық емес бөгемесі және клиникалық белгісі дәл сондай, бірақ айқындылығы төмендеу болады. Глаукоманың жіті ұстамасының емі қарқынды түрде офтальмогипотензиялық дәрілерді (пилокарпиннің 1–2% ерітіндісі, тимололдың 0,5%, трусоптың 2% ерітіндісі тамшы түрінде, ішке диакорб және глицерол) қабылдаудан тұрады. Келесі ұстаманың алдын алу үшін, қысымды төмендеткеннен соң, хирургиялық немесе перифериялық лазерлі
иридэктомиялық жүргізіледі. Созылмалы БЖБГ емі БАБГ еміндегідей
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет