Қазақстан республикасының денсаулық сақтау



бет13/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Клиникалық ағымы. ТЖОД дамуы 3 фазадан өтеді – 1-ші фазасында торқабықтың орталық аймағында, Брух мембранасы мен торқабықтың пигментті эпителийінің (ТПЭ) базалды мембранасы арасында орналасатын, ұсақ немесе сары дөңгелек ошақты друзалар немесе коллоидты денешіктер байқалады. Осы фазада макуланың
дезпигментациясы: ТПЭ атрофиялық бөліктері оның гиперплазиясымен қосарланып туындайды. 2-ші фаза – экссудативті ірілеу дөңгелек формалы болып сипатталатын түзілістің ісінген торқабықтың алдыңғы жағына шығуы, ТПЭ және (немесе) макулярлы ретиналық аймақтың бірігуі болады. Бұл фазада торқабық астында Брух мембранасындағы жарылулар арқылы және торқабыққа хориоидалды тамырлардың жаңа түзілістері түзіледі. 3-ші фазада жаңа түзілген тамырлардағы транссудация және
геморрагиялар пролиферация және фиброз үдерістерімен бірігеді.
Нәтижесінде сары дақ орнында дөңгелек ісік тәрізді түзіліс түзіледі. Көру алаңы әдетте сақталған, бірақ орталық скотома кезінде көру өткірлігі бірнеше жүзге дейін төмендейді.
Емі. ТЖОД емінің тиімділігі төмен. Ангиопротекторлар, антиоксиданттар, геморрагиялардың алдын алу үшін аскорбин қышқылы мен дицинон тағайындалады. Оң нәтижеге жаңа түзілген тамырларды уақтылы лазермен коагуляция жасау арқылы жетуге болады.
2.3 Қарттық жаста дәм, иіс сезу, түйсіну сезімінің өзгеруі Егде және қарт жастағыларда тағамның дәмін сезу қабілеті нашарлайды, себебі, дәм сезу жасушалары – тілдегі дәмдік рецепторлар саны азаяды. 70 жасқа қараған шақта бұл жасушалар саны 16% ғана қалады. Сондықтан, қарт кісілер тағамға көп тұз бен тәттіні қосады.
Қосымша, егер ауызда жасанды тіс протезі болса дәм сезу өзгереді. Тағам дәмін толық сезбегендіктен кейде ашып, тұрып қалған тағамды қолданғандықтан тағамдық улану мен ішек инфекциясы да дамуы мүмкін.
Егде жастағы кісілер ауызда жағымсыз дәмге, немесе, дәмді мүлде сезбеуге шағымданады. Олар айтуы мүмкін: «Тағам мүлде дәмді емес!», «Тағам тұрып қалғандықтан дәмі жоқ!» және т.б.
Бұл жайттар келешекте тамақ қабылдаудың төмендеуіне, тіпті тамақтан бас тартуы да мүмкін. Егде және қарт жастағыларға тағам дайындағанда, хош иісті қоспаларды, көптеген көкөніс пайдалану керек.
Егде және қарт жастағылар бір өздері тамақтанғаннан гөрі, көпшілікпен тамақтанғаны жөн. Тағам ішер алдында ауыз қуысын сумен шайып, тіс протезін үнемі тазалап, ауыз қуысының санациясын жүргізіп тұруы керек. Егде және қарт жастағылар тұз бен қантты дәміне қарап емес, салмағына қарап қолдануы керек.
Иіс сезу қабілеті дәм сезу қабілетінің 2/3 – ін қамтиды. Жас келе иіс сезу де төмендейді. Темекі көп тартатындарда иіс сезу қабілеті тез төмендейді де, ауыр дәрежеге өтеді. Тағамның дәмі иіспен байланысты.
Егде және қарт жастағы кісілерде иіс сезу төмендейді және иісті ажырата алмайды. Иіс сезу қабілеті төмендегендіктен тағам дәм ін сезбейді, тағамға деген тәбеті төмендейді.
Қиындық тудыратын жағдай: иісті сезбесе ас үйдегі ашық қалған комфоркадан (газдан) уланады. Өрт шыққан жағдайда, күйген иісті де сезбеуі мүмкін.
Түйсіну сезімінің өзгерісі: егде және қарт жастағыларда түйсіну сезімінің өзгеруі – алдымен саусақ ұштарында, алақанда, табандарда байқалады. Заттарды сезу қабілеті төмендейді. Қалыптыдағы саусаққа қалың қолғап киіп, бір затты ұстаған сезімге ұқсайды. Сол себепті қолдарына заттарды ыңғайсыз ұстайды, оларды тез түсіріп алуы мүмкін,нәтижесінде қолдарын күйдіріп алады. Егде және қарт жастағы кісілердің
ыдыстарының көлемі үлкен және қолға ұстағанға ыңғайлы болуы керек.
Табанның түйсіну сезімі төмендегендіктен жүрген кезде де құлап қалу қаупі бар. Аяқ киім аяғына дәлме-дәл шақ болуы керек, жұмсақ әрі тайғанақ емес табан болуы керек.
Егде және қарт жастағы кісілердің ішкі сезімін, рухын көтеру үшін үнемі қолмен қол амандасып, апалардың қолын сипау керек. Олар жас балалар сияқты өздеріне деген сенімін жоғалтпау керек. Қоғамға әлі де болса өз үлестерінің бар екенд ігін сезіндіру керек.
Егде және қарт жастағылар төсекте жатып сізге қолын созса, міндетті түрде оның қолынан ұстау керек, себебі ол сіздің көмегіңізді талап етіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет