Гипертониялық криз - систолалық немесе диастолалық АҚ-ның кенет жоғарлауы, сонымен қатар нысана ағзалар қанайналымы бұзылысынын жіті ауырлауы. Академик А.Л.Мясниковтың айтуы бойынша "криз дегеніміз артериялық гипертонияның квинтэссенциясы", яғни оның "койыртпағы", осы аурудың аз уакыттың ішінде күрт өсуі.
ГК тек артериялық гипертониямен емес, симптомдық гипертониямен сырқаттанатын науқастарда да дами береді. Гипертониялық криздер АҚ 160/95 мм с.б.б. көтерілгенде де дамуы мүмкін, бірақ көбіне криз кезінде САҚ 190-270 мм с.б.б., ал ДАҚ 120-160 мм с.б.б. дейін биіктейді.
Негізінде криздің ауырлығы қысымның биіктеу деңгейіне емес, ми мен жүрек жағынан болатын бұзылыстардың ауырлығына тәуелді.
Криздің дамуына түрткі болатын себептер:
• психикалық, эмоциялық стрестер, күйзелістер;
• сұйықтықты, тұзды тағамдарды мөлшерден асыра ішу;
• ауа-райының, атмосфералық қысымның өзгерістері,
метеосезімталдық, көбіне метеосезімталдық омыртқа жотасының мойын-кеуде бөлігінің остеохондрозы бар немесе неврозға ұшыраған адамдарға тән, ауа-райының құбылысынан болатын криздер күз, көктем айларында жиіленеді;
• вертебробазиллярлық бассейнде қан ағымының жетіспеушілігіне әкелетін бас миының ишемиялық эпизодтары (әсіресе егде жастағыларда); оның бір себебі - түнгі ұйқы кезінде бастың ыңғайсыз жағдайы; осыдан болатын гипертониялық криздер таңертеңгі уақыттарда байқалады;
• инфекциялық ауруларға шалдығу (грипп эпидемиясы кезінде гипертониялық криздер жиіленеді);
• бұрыннан колданып келе жатқан емді бірден үзу (клофелинді, допегитті, β-блокаторларды, изобаринді), яғни "кері соғу" феноменіңпайда болуынан;
• бүйрек кан ағымының рефлекторлық бұзылыстары;
• екіншілік альдостеронизмнің өрістеуі.
Криз дамуының негізгі механизмдері:
• симпатоадренал жүйесінің аса белсенділенуі;
• орғанизмде натрий иондары мен судың тез немесе біртіндеп жиналған іркілісі;
• артерия мен артериолалардың тегіс салалы бұлшықет жасушаларында кальцийлік механизмнің активациясы;
• ренин-ангиотензин ІІ-альдостерон жүйесінің белсенділенуі.