Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


Гипертониялық криздің клиникалық көріністері



бет27/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69
Байланысты:
геронтология және гериатрия кітап

Гипертониялық криздің клиникалық көріністері:
Жедел энцефалопатияның салдарынан болатын шағымдар: бастың қатты ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, фотопсияның әртүрлі белгілері: көздің уақытша көрмей қалуы, қос көріну, көз алдының бұлдырлануы немесе шыбын-шіркей тәрізді көлеңкелер көрінуі. Криздің II түрінде мидың ісінуі басым болады, сондықтан мидың өтпелі ошақты закымдану белгілері байқалуы мүмкін: қолдардың, беттің жансыздануы;
бет аймағында ерін мен тілдің ауырсыну сезімталдығынын төмендеуі;
қолдың әлсізденуі, кейде бір тәуліктің көлемінде сақталатын гемипарез,афазия, құрысулар болады.
Жүрек жағынан болатын белгілер: жүрек аймағының ауырсынуы, жүрек кағуы, шалыс соғуы, ентікпенің пайда болуы немесе күшеюі.
Вегетативтік дисфункцияның белгілері: дененің дірілі, қорқыныш сезімі, шөл, тершеңдік, кейде ыстықтау сезімі және криздің соңында кіші дәретке жиі отырып, көп мөлшерде ашық түсті зәр шығару. Бұл белгілердің себебі – симпатоадренал жүйесінің шамадан тыс белсенділенуі.
Гипертониялық криздердің жіктелуі
Гипертониялық криздің көптеген жіктемелері құрастырылған, бірақ солардың ішінде көптен келе жатқан және практикалық қолдануда әзірше өз құндылығын жоймаған Н.А.Ратнердің (1974 ж.) жіктемесі.
Н.А.Ратнер криздердің екі түрін айырған: адреналиндік және норадреналиндік (5-кесте).
Бірінші типті гипертониялық криз. Криздің бұл түрі көбіне артериялық гипертонияның алғашкы сатыларына тән. Оның дамуы адреналиннің қанға көптеп бөлінуінен болады. Көрінісі беттің қызаруы, жүректің қағуы, бастың ауыруы, дененің дірілі және жалпы қозумен білінеді. Мұндай жағдайдың ұзақтығы - минуттар, сағаттарға ғана созылады. Әдетте, кризді басқаннан кейін зәр көптеп бөлінеді. Оның түсі
ашық және меншікті салмағы төмен болады.
Екінші типті гипертониялық криз. Оның даму негізі норадреналиннің гиперпродукциясынан болады. Көрінісінде тері жамылғыларының қуқылдануы назар аударады. Жүректің айнуына,құстыруға дейін алып баратын бастың ерекше қатты ауыруы тән.
Фотопсиянын әртүрлі белгілері пайда болады: көз алдындағы қара дақтар, көздің біршама уақыт көрмеуі, т.б. Осы белгілердің барлығы гипертониялық энцефалопатия синдромының көрінісіне жатады. Криз кезінде ми қанайналымының өтпелі бұзылысы немесе нағыз инсульт дамуы ықтимал. Сонымен қатар мұндай криз стенокардия ұстамасына, миокард инфарктына, өкпенің ісінуіне де алып келуі мүмкін.
Екінші типті криз бірнеше сағаттан бірнеше тәул ікке дейін созылады және оңайлықпен басылмайды. Кей жағдайларда екі түрлі криздің белгілері қатар жүруінен оларды ажырату мүмкін емес. Бұл жағдайда аралас типті криз туралы айтуға болады. Бірінші типті криздің көрінісіне екінші типті криз белгілерінің қосылуы артериялық гипертонияның өрістеуіне тән қасиет.
Криз кезінде көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыру үшін соңғы кезде М.С.Ноustоn (1989),Gіfforol (1991) ұсынған жіктемелері қолға алынуда. Бұл авторлардың жіктемесінде криздер 2 түрге басқашабөлінген (асқынған және асқынбаған).
1. Асқынған гипертониялық криз. Егер криз кезінде төменде көрсетілген жағдайдың біреуі немесе бірнешеуі болса, онда криз асқынған болып табылады:
• гипертониялық энцефалопатия;
• сол карыншаның жедел шамасыздыгы;
• аорта аневризмасының жіті ажырауы;
• эклампсия;
• мидың ішіне немесе тор қабаты астына қан құйылуы;
• бас миының жедел инфаркты (инсульт);
• миокард инфаркты немесе тұрақсыз стенокардия;
• криз кезінде қан құрамында катехоламиндер деңгейінің күрт
жоғарылауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет