5.1 Созылмалы гастрит Созылмалы гастрит (gastritis chronica) асқорыту жүйесi аурулары ішінде кеңінен тараған дерт болып есептелiнедi.
Этиология мен патогенезі. Күнi бүгiнге дейiн созылмалы гастриттің этиологиясы мен патогенезі толық зерттелмеген. Соңғы көзқарас бойынша созылмалы гастрит екі жолмен дамиды.
Созылмалы А типтi гастрит тұсында асқазанның жапсырмалы жасушаларына қарсы аутоантиденелер түзіліп, олар ең алдымен асқазан түгiнiң атрофиясына әкеліп соғады.
Созылмалы В типтi гастриттің дамуына аутоиммундық себептер әсер етпейді. Оның дамуына емдәмді бұзу, көп мөлшерде арақ -шарап қабылдау, темекіні көп тарту, т.б. себептер әсер етеді.
Соңғы жылдары созылмалы В типтi гастриттің даму барысында микроағзалардың (helicobacter pylori) әсері дәлелденуде.
Жiктелyi. Созылмалы гастриттi жiктеудiң ер түрлi жолдары бар. Тәжірибелік маңыздылығын ескерсек, гастриттің морфологиялық түpiн (беткейлi, атрофиялық) орналасуын (антралды, фундалды, диффузды), қышқыл және пепсин түзетiн функциясын (қалыпты, көтерiңкi, төмен), даму кезеңі (үдеуi, ремиссия), белгiлi деген этиологиялық себептерiн (мысалы, созылмалы iшiмдiлiк гастрит) көрсeтyiмiз қажет. Сонд ай-ақ созылмалы гастриттің кейбiр түрлерiн (гигантты гипертрофиялық гастрит ,
немесе Менетрие ауруы, ригидтi антралды гастрит, т.б.) ерекше бөледi. Клиникалық көріністері. Бұл диагноз эндоскопиялық зерттеу арқылы дәлелденеді. Сырқат белгi бермей ұзақ уақыт жүруi мумкін. Диспепсиялық синдром мен эпигастрий аймағының ауыру сезiмi морфологиялық өзгерicтерге сәйкес келуi сирек кездеседi. Кей жағдайларда ауру клиникалық белгілерінсіз-ақ пайда болады. Ол эндоскопия кезінде
анықталады.
Қышқыл түзгiш функциясы қалыпты немесе көтеріңкі созылмалы гастрит симптомдар, оның ішінде аш қарынға бiлiнетiн, түнде кешiрек байқалатын ауыру сезімі, қышқылмен кекіру, іштің қату белгiлерi анықталады.
Қышқыл түзгiш функциясы төмен, яғни секреторлық функциясы жеткiлiксiз созылмалы гастрит көбiне жасы ұлғайған адамдарда болады, эпигастрий тұсында сыздаған ауыру сезiмi, тәбеттің темендеуi, ауамен кекipy, iштiң желденуi, iштiң өту белгiлерi байқалады. Ұзақ уақытқа созылған ахилия бiрте-бiрте дене салмағының темендеуiне әкеледі, гиповитаминоз симптомдары (тырнақтың сынуы, еріннің жарылуы, т.б.) пайда болып В12тапшылық анемия дамиды.
Созылмалы гастриті бар адамдарды объективтi қарау кезiнде көп өзгерic болмайды, кейбiр жағдайларда пальпация кезiнде асқазан ауруы бар екендiгi анықталады.
Созылмалы гастриттің диагностикасында асқазанның қышқыл және пепсин түзгiш кызметі зерттеледі. Оны асқазанды фракциялық немесе асқазанiшiлiк рН-метрия әдістерімен зерттей отырып анықтайды. Рентгенологиялық зерттеу асқазанның моторикасының бұзылуын анықтауға кемектеседi. Ол асқазанның кiлегей қабаты бетiнiң пiшiнiн сипаттайды. Дегенмен созылмалы гастриттің диагностикасында
негізгі зерттеу әдісі эндоскопия болып табылады. Созылмалы гастрит панкреатит, колит, энтерит, холецистит ауруларымен жиi серiктес,сондықтан осы жағдайды ескере отырып, науқасты жан-жақты тексерген жөн.
Созылмалы гастрит ұзақ уақыт бойы жай дамуымен, көптеген жылдар ішінде үдеу және ремиссия кезендерінің алмасуымен, пайда болған өзгерiстердiң бiртiндеп ұлғаюымен сипатталады. Фундальды бөлiмiнiң атрофиясы аутоиммундық өзгерiстерге, эпителиiнiң дистрофиясына жетелейдi, онын өзi обырдың дамуына әкелетін бiрден-бiр себеп болып табылады. Аурудың жеңiл түрлерiнде ем қолданылмайды. Созылмалы гастриттің үдеу кезеңінде емдемдік тағамдану, симптоматикалық терапия,
санаторлы-курорттық ем түрлерi тағайындалады.