Ұлтабар жарасының даму механизмін қысқаша келесі сызбамен келтіруге болады.
H . pylori
Антральдік гастрит
Г ипергастринемия
Т ұз қышқылының гиперсекрециясы
Ұ лтабар эпителиінің асқазандық метаплазиясы
Ұ лтабардың асқазандық метаплазияға ұшыраған эпителиінің
H . Pylori-мен колонизациясы
Д уоденит (бульбит)
Ұлтабардың жарасы
Жара ауруының жіктемесі
I. Аурудың түрі бойынша
а) алғаш анықталған;
б) рецидивтеуші.
II. Жараның орналасуы бойынша
а) асқазанда:
кардийлік және субкардийлік;
медиогастральдік (денесінің, кіші және үлкен иіннің);
антральдік;
пилорикалық каналдың.
б) ұлтабардың (бульбарлық, постбульбарлық).
III. Үдерістің фазасы:
а) өршу (жаралы ойықтық және асқазанда немесе ұлтабарда қабыну
белгілерінің болу кезі);
б) басыла келген өршу жара жазылып бітелген, бірақ қабын у белгілері
жойылмаған кез);
в) ремиссия (жара жазылып бітелген және қабыну белгілері жойылған
кез).
IV. Аурудың ағымына қарай:
а) ауыр (өршуі жылына 3 рет немесе одан жиі);
б) жеңіл (өршуі жылына 2 рет);
в) жеңіл (өршуі 1-2 жылда 1 рет немесе одан да сирек);
г) латентті (клиникалық белгілері жоқ, кездейсоқ рентгенография немесе
эндоскопия жасағанда анықталатын жара).
V. Секрециялық функциясына қарай:
а) жоғары;
б) қалыпты;
в) төмен;
г) ахлогидрия.
VI. Асқынулары:
а) қан кету;
б) пенетрация;
в) перфорация;
г) тыртықтық деформация;
д) пилородуоденальдік бөліктің стенозы:
компенсацияланған;
субкомпенсацияланған;
декомпенсацияланған;
е) малигнизация (ойық жара обырға айналуы).
Клиникалық көрінісі
Жараның клиникалық көрінісі оның фазасына, орналасу
ерекшелігіне және асқынуларының болу-болмауына тәуелді. Жара
ауруының өршу фазасына келесі синдромдар тән:
ауырсынулық (жараның орналасуына байланысты
ерекшеліктерімен);
асқазандық диспепсия;
ішектік диспепсия;
астеновегетативтік;
жаралы кемістік синдромы;
асқынулар синдромы.
Достарыңызбен бөлісу: |