Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты



Pdf көрінісі
бет119/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   243
Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты 
энергиямен қамтамасыз ету 
Электрмен жабдықтау. Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық әлеуеті зор. 
Облыста жалпы белгіленген қуаты 2323 МВт болатын 9 электр станциясы бар, бұл 
Қазақстанның барлық энергия қуатының 10,6% құрайды. Ертіс өзеніндегі 3 ГЭС ұлттық 
маңызы бар мәртебеге ие және Қазақстан Республикасының бүкіл энергетикалық кешенінің 
сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Электр энергиясының негізгі тұтынушылары өнеркәсіп (тұтынылған электр энергиясының 
71%), халық (16,5%), сондай-ақ бюджеттік және квазимемлекеттік сектор (8,3%) болып 
табылады. 
Облыс электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Облыста электр 
энергиясының едәуір үлесі (67,8%) гидроресурстар есебінен өндіріледі, көмір энергетикасы 
тағы бір көзі болып табылады. 
Шығыс Қазақстан жылына 61,3 млрд. кВт*сағ жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) 
айтарлықтай әлеуетіне ие, 20 млрд. кВт*сағ әлеуетін пайдалану техникалық тұрғыдан орынды. 
2018 жылы өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия 
көздерінің өндірілген электр энергиясының үлесі 74,3%, ал 2019 жылы 70,6% немесе жалпы 
өнділіілетін 9 688 045,2 мың кВт –тан жылына 6841333,6 мың кВт құрады.
Қолданыстағы ЖЭК объектілері: Лениногор каскад ГЭС (Тишин ГЭС, Хайрузовск ГЭС), 
Үлбі ГЭС, Зайсан ГЭС. 
Ағымдағы жылы белгіленген қуаты 24,9 МВт Тұрғысын ГЭС-1 құрылысы аяқталуда. 
Жалпы, Зырян ауданында Тұрғысын ГЭС-1, ГЭС-2 және ГЭС-3 каскадының құрылысы жылына 
328,0 млн. кВт.сағ. дейін "жасыл" электр энергиясын өндіруге және облыста электр 
энергиясының резервтік қуаттылығын салуға мүмкіндік береді.
Шығыс Қазақстанда жел энергетикасын дамытуға жеткілікті әлеует бар және ЖЭС салу 
үшін қолайлы учаскелер де бар және келесі ЖЭС салу жоспарлануда:
- Ұлан ауданындағы қуаты 24 МВт Тайынты ЖЭС жылына 65 млн. кВт.сағат электр 
энергиясын өндіретін болады.
- Жарма ауданындағы қуаты 37,5 МВт Жарма ЖЭС жылына 98 млн. кВт.сағат электр 
энергиясын өндіретін болады. 
- "Жарма Энерджи" ЖШС "қуаты 40 МВт жел электр станциясының құрылысы".
Сондай-ақ, ұлғайту перспективасы 29,2 МВт, жалпы белгіленген қуаты 132,5 МВт 
болатын күн электр станциясының құрылысы жоспарлануда.
Облыста 283 күн панелі орнатылған, 2021 жылға дейін қосымша 515 баламалы энергия 
көздерін орнату жоспарлануда.
Жаңартылатын энергия көздері 2015-2017 жылдар кезеңінде 159,4 млн. кВт.сағат электр 
энергиясын өндірді (ЛК ГЭС, Тишин ГЭС – 129,9 млн.кВт.сағат, Зайсан ГЭС – 29,5 
млн.кВт.сағ). 
2015 - 2017 жылдар кезеңінде жаңартылатын энергия көздерімен 159,4 млн.кВт*сағ электр 
энергиясы өндірілді (ЛК ГЭС, Тишин ГЭС – 129,9 млн. кВт*сағ, Зайсан ГЭС – 29,5 млн. 
кВт*сағ). 
2019 жылдың тамыз айында Жарма ауданында белгіленген қуаты 30 МВт күн электр 
станциясы сәтті пайдалануға берілді. 2021 жылы Алтай ауданында белгіленген қуаты 24,9 МВт 
және орташа жылдық өнімі 79,8 млн. кВт*сағ Тұрғысын ГЭС-1 пайдалануға беру жоспарланып 
отыр. 
2018 жылғы аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша Аягөз ауданының Ақтоғай 
кентінде қуаты 100 МВт жел электр станциясын салуға 1 жер учаскесі анықталды. Жобаның 
бастамашысы "ВЭС 100 МВт "Абай 1"ЖШС болып табылады. Жел электр станциясы 300 млн. 
кВт*сағ дейін электр энергиясын өндіретін болады. Қазіргі уақытта желдің жылдамдығын 


207 
анықтау үшін анемометриялық мұнара орнатылған. Әкімшілік ғимарат пен кірме жолдардың 
құрылысы басталды. Нысанды пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған. 
2019 жылғы аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша Шығыс Қазақстан 
облысының Жарма ауданында жалпы қуаты 29,7 МВт 6 жоба айқындалды. Бүгінгі күні 
жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және 
өткізу қағидаларына сәйкес жел электр станциялары объектілерін салу бойынша жобаларды 
іске асыру мерзімі шарт жасалған сәттен бастап 36 айды құрайды.
Алайда, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 
2020 жылғы 17 сәуірдегі №13 хаттамалық шешіміне сәйкес құрылыс-монтаждау 
жұмыстарының басталуы туралы хабарламаларды және объектілерді пайдалануға қабылдау 
актілерін ұсыну мерзімі бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылды. 
2015 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылға дейін энергия үнемдеу 
және энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспар іске асырылуда. 2020 жылға қарай 
жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын кемінде 25%-ға төмендету бойынша міндет кезең-
кезеңімен шешілуде. Соңғы 3 жылда облыс кәсіпорындарының энергия сыйымдылығы 235 мың 
тонна шартты отынға немесе 22% - ға төмендеді.
Сондай-ақ, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен ынтымақтастық шеңберінде 
энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған 4 жоба жүзеге асырылуда. Жобалар 
бойынша 56 мың газ разрядты шамдарды энергиялық тиімді шамдарға және 70%-дан астам 
тозған инфрақұрылым объектілерін ауыстыру жоспарлануда.
Осы жобаларды іске асыру электр энергиясын тұтынуды 40%-ға дейін қысқартуға және 
желілердегі нормативтен тыс ысыраптарды азайтуға мүмкіндік береді. 2020 жылға қарай жалпы 
ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын кемінде 25%-ға төмендету бойынша міндет кезең-
кезеңімен шешілуде (2.5.3-кесте).
2.5.3-кесте. Ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету және электр энергиясының 
жаңартылатын көздерін енгізу
Мақсатты индикаторлар 
Жылдар бойынша орындалуы 
2017 ж. 
2018 ж. 
2019 ж. 
2020 ж. 
жоспар 
Жалпы 
өңірлік 
өнімнің 
энергия 
сыйымдылығының көрсеткіші, 2000 жылғы 
бағалармен мың АҚШ долл. (2013 жылы -0,82) 
0,83 
0,79 
(деректер 
2020 
жылғы 
желтоқсанда 
қалыптастырылаты
н болады) 
0,61 
ЖЭК өндірілген электр энергиясының өндірілген 
электр энергиясының жалпы көлеміндегі үлесі,

(ірі 
гидроэлектростанцияларды 
есепке 
алғандағы деректер) 
75,7 
74,3 
70,6 
3,2 
Өнеркәсіп саласы (электр энергетикасын қоса алғанда) өңірде тұтынылатын 
энергетикалық ресурстардың жалпы көлемінің 70-80% орташа тұтынады, қалған көлемдерді 
коммуналдық - тұрмыстық сала, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т. б. тұтынады.
Өнеркәсіп кәсіпорындары арасында энергияны көп қажет ететін өндіріс "Қазмырыш" 
ЖШС бар, онда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл 
бөлінеді.
"Мемлекеттік энергетикалық тізілімді (МЭТ) қалыптастыру және жүргізу қағидаларын 
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы №143 қаулысына 
сәйкес бюджеттік ұйымдар ғимараттарына, сондай-ақ өнеркәсіптік объектілерге, тұрғын үй 
құрылыстарына энергетикалық аудит жүргізуге арналған объектілердің тізбесі жасалды. ШҚО 
бойынша МЭТ-ке 1348 субъект енгізілген.
Бүгінгі күні облыстың 20 ірі өнеркәсіптік кәсіпорны 
энергия аудитін жүргізуді аяқтады және энергия ресурстарын тұтынуды төмендету бойынша іс-
шаралар өткізді. 


208 
Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдама 
аясында облыстың барлық 655 мектебінде 17 418 қыздыру шамы энергия үнемдейтін шамдарға 
ауыстырылды.
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен ынтымақтастық шеңберінде инфрақұрылымды 
жаңғыртуға және энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтуға бағытталған жобаларды іске 
асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Атап айтқанда, "Өскемен және Семей қалаларының көше жарықтандыру жүйелерін 
жаңғырту "жобасы аясында құны 4,8 млрд.теңге болатын 26 488 шамды энергия тиімді көше 
шамдарына ауыстыру жоспарлануда. Аталған жобаларды іске асыру электр энергиясын 
тұтынуды 40%-ға дейін қысқартуға немесе жылына шамамен 228 млн. теңгені үнемдеуге 
мүмкіндік береді. 
ЕҚДБ қарыз қаражаты есебінен жалпы сомасы 20,9 млрд.теңгеге жылумен жабдықтау 
және сумен жабдықтау желілерін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде. Семей және Өскемен 
қалалары бойынша 37,3 км су құбыры және 54,6 км жылумен жабдықтау желілерін қайта 
жаңарту жоспарланған. 2018 жылдан бастап жасалған шарттар шеңберінде жеткізу кестесіне 
сәйкес қаражат игерілуде. Жобаларды іске асыру 70% - дан астам тозған инфрақұрылым 
объектілерін ауыстыруға бағытталған, бұл жаңа технологияларды қолдану есебінен желілердегі 
нормативтен тыс ысыраптарды және энергия ресурстарын тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар, облыстың көшені жарықтандыру жүйесіне энергия үнемдейтін 
технологиялар енгізілуде. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында көше шамдарын 
жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет