Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет127/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   243
аңшылық алқаптарының бекітілу пайызы 81,3% құрайды. Барлық жерде жануарлар дүниесін 
қорғауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Жалпы, жүргізілген биотехникалық іс-шаралар нәтижесінде мемлекеттік орман қорындағы 
жабайы жануарлардың негізгі аңшылық-кәсіпшілік түрлері популяциясының жай-күйін 
тұрақтандыруға және олардың санының тұрақты өсуіне қол жеткізілді. Облыста жабайы 
жануарлардың 37 аңшылық-кәсіптік түрлері бар. Қасқырдың, аң аулайтын жерлерде иттердің, 
бор және суда жүзетін құстардың ұя салатын жерлерінде сұр қарғаның жыртқыштығының 
зиянын төмендету бойынша биотехникалық іс-шаралар тиімді жүргізіледі. 
Балық популяциясын сақтау мақсатында жыл сайын су қоймаларының балығын 4 
млн.данадан (2016 жылы) 11,6 млн. данаға дейін (2018 жылы) көбейту бойынша жұмыстар 
жүргізіледі.
2019 жылға балық аулау лимиті-9,2 мың тонна. Лимитті игеру-67%. Халықаралық 
және Республикалық маңызы бар су айдындарында – 60 учаске, оның ішінде 25-і бекітілген. 35 
учаске бекітілмеген күйінде қалып отыр. Жергілікті маңызы бар 96 су айдынының 27-сі 
бекітілді. 69 су қоймасы бекітілмеген күйінде қалып отыр. 
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғат 
қорғау мекемелерінің алаңы 1680311 га құрады: 
- 3 мемлекеттік табиғи қорық (Батыс Алтай, Марқакөл, Алакөл); 
- 2 мемлекеттік ұлттық табиғи парк (Қатон-Қарағай, "Тарбағатай») 
- 1 мемлекеттік орман табиғи резерваты ("Семей Орманы"»); 
- Республикалық маңызы бар 5 мемлекеттік табиғи қаумалы (төменгі Тұрғысын, Қаратал 
құмдары, Құлынды (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), "Оңтүстік Алтай" (кешенді)) 
- 1 Республикалық маңызы бар "Синегорская пихтовая роща"табиғат ескерткіші. 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жануарлардың сирек кездесетін және Құрып 
кету қаупі төнген түрлерінің сақталуына және санының артуына ықпал етті. Облыс аумағында 
қар барысы, сабаншы, алтай арқары, қазақстан арқары, тас сусары, алтай ұлары, қара ләйлек, 
бүркіт, ителгі, лашын, аққұйрық субүркіт, дуадақ, балықтың эндемиялық түрлері-майқан, ускуч, 
таймень сияқты жануарлар мекендейді және қорғалады. Бұл түрлердің әрқайсысы Батыс және 
Оңтүстік Алтайдың табиғат қазынасының бірі болып табылады. 
Шығыс Қазақстан климаттың ерекшелігіне қарамастан, туризмді дамыту әлеуетіне ие: 
өңірде жалпы ұлттық маңызы бар көлемі 1,7 млн.га 24 табиғат қорғау аймақтары, 600-ден астам 
тарих ескерткіштер және 100-ден астам туризм ескерткіштері бар. 
Республикалық маңызы бар 17 тарих және мәдениет ескерткіштері және жергілікті 
маңызы бар 592 ескерткіш тіркелген, әлемнің жетекші ғалымдарының қатысуымен археология 
саласында ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Археологиялық зерттеу нәтижелері бойынша 3 
жыл ішінде 424 тарихи-мәдени мұра объектісі анықталды, 226 ескерткіш паспортталды. 2016 - 
2017 жылдары туристік әлеуеті бар 5 көрнекті археология объектілері зерттелді. 2017 жылы 
жүргізілген жұмыстар барысында анықталған 4807-ге жуық артефактілер облыстық тарихи-
өлкетану музейінің қорын толықтырды. Археологиялық зерттеулерге 9 шет мемлекеттен 
беделді археологтар қатысты. Үлкен нәтижелердің бірі Катонқарағай ауданындағы Берел 
бірегей кешенінде ашық аспан астындағы мұражай құру болып табылады.
Туристік қызығушылық туғызатын негізгі орындар - Белуха тауы, Австрия жолы, 
Алакөл және Марқакөл көлдері, Бұқтырма су қоймасы, Киин-Керіш каньоны, Ақбауыр табиғи-
тарихи ескерткіші, Жидебай-Бөрілі қаласындағы Абай Құнанбаев мұражай-үйінің мемориалдық 
кешені, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ырғызбай-ата ескерткіші болып 
табылады. 
2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс республикада орналастыру орындарының 
саны бойынша бірінші орында, ішкі туризм көлемі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы және 
Алматы облысынан кейін төртінші орында тұр.


216 
Ресми статистикаға сәйкес өткен жылы облысқа келушілер саны 600 мыңнан астам 
адамды құрады (өсім 8,4%). 
Бейрезиденттер саны 3,1%-ға артып, 29 741 адамды құрады. 
Резиденттер саны 8,7%-ға артып, 582948 адамды құрады. 
Соңғы үш жылда туристік ағым өсімінің оң серпіні сақталып отыр, ол 33%-ға ұлғайды. 
2.5.7-кесте. Облысқа келушілер саны 
2017 
2018 
2019 
ШҚО 
486 157 
565 030 
612 689 
Бүгінгі күні облыста бір реттік сыйымдылығы отыз үш мыңнан астам төсек-орынды 
қамтитын (33 мың) 576 орналастыру орны бар. 
Туристік қызметтерді 115 фирма (51 туроператор және 64 турагент) көрсетеді, 2017 жылы 
тіркелген орналастыру орындарының саны – 505 объект (2016 ж. – 455), нөмірлік қоры 8958 
нөмір (2016 ж. – 8320) және біржолғы сыйымдылығы 27841 төсек-орын (2016 ж. – 25847). 
Көрсетілген қызметтер көлемі 6 млрд.338 млн. теңгеден асты (өсім 7,6%). 
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі 
тұжырымдамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында "Алтай маржаны" туристік кластерін 
қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Облыстың киелі жерлерінің туристік 
картасы жасалды, 23 тақырыптық туристік бағыт әзірленді. Киелі объектілерге туристік 
инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар кезең-кезеңімен қабылдануда. 
"ШҚО туристік саласын дамытудың 2017-2023 жылдарға арналған Жол картасы" 
шеңберінде 7,2 млрд. теңгеге 25 жоба іске асырылуда, 2017 жылы 242,8 млн. теңгеге 4 жоба іске 
асырылды.
2017 жылы Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірінде туристік инфрақұрылым 
жақсартылды, ЭБЖ жүргізілді және Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай (әулие) кесенесінің 
айналасындағы аумақ абаттандырылды, Шалқар көлінің жағалауындағы жағажай 
абаттандырылды (немесе 3-ші Сібе көлі). Алакөл көлінің жағалауы абаттандырылды, саябақ 
салынды, нысандар өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтірілді.
Соңғы 2 жылда негізгі туристік бағыттар бойынша (Алакөл, Сібін, Марқакөл көлдеріне, 
"Нұртау", "Алтай Альпісі" тау шаңғысы базаларына) жалпы сомасы 4,3 млрд.теңгеге 
автомобиль жолдары жөнделді. Алдағы жылдары Алакөл көлінде 10 пирс салу жоспарлануда. 
Жалаңашкөл станциясынан Қабанбай ауылына дейінгі автожолды жөндеуді аяқтау және 
Алакөл көлінің жағалауын абаттандыру жоспарлануда. 
Жыл сайын шілде айынан қыркүйек айына дейін Семей және Өскемен қалаларынан 
Жалаңашкөл стансасына дейін пойыз қатынайды. Үржар ауылына дейін әуе қатынасы 3 
маршрутпен қамтамасыз етілген, сондай-ақ Алакөл көліне дейін 4 тікелей автобус маршруттары 
қатынайды.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен 
бірлесіп аймақта (көлдер) бальнеологиялық қорытынды алу және емдеу-сауықтыру туризмін 
дамыту үшін облыстың 8 көлі мен 2 бұлағы су мен батпақтың физикалық-химиялық 
қасиеттеріне зерттеу жүргізілді: Алакөл, Марқакөл, Зайсан, Сібін, Дубығалы (Окуньки) көлдері, 
Шыбындыкөл және Рахман қайнарлары, "Барлық-Арасан" шипажайы, Қоңыр әулие бұлағы, 
Әулие бұлақ). 
Бұқтырма су қоймасында, Алакөл көлінде демалыс базаларының карталары әзірленді, 
Сібе көлдері бойынша карта дайындалуда.
Алакөл көлінің жағалауы бойынша орналастыру орындарын онлайн-брондау функциясы 
бар бірыңғай ақпараттық ресурс қалыптастырылды. 
Туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірде 
туризмнің өсуінің негізгі нүктелерін дамыту жоспарлануда, бірінші кезекте бұл Алакөл көлі, ол 
республикалық ауқымдағы 10 басым туристік дестинациялардың бірі болып танылып, 
туристификация картасының ТОП 10-дығына кірді. 


217 
Жағалауда туризмді дамыту мақсатында кезең-кезеңмен, кешенді жұмыс жүргізілді, 
Мастер-жоспар мен егжей-тегжейлі даму жоспары әзірленді. 
Алакөл көлінің инфрақұрылымын абаттандыру мен жақсартуға 2016-2019 жылдары 
облыстық бюджеттен 6 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді, ол жолдарды жөндеуге, теміржол 
және әуе тасымалдарын субсидиялауға, демалыс базаларына қызмет көрсету үшін арнайы 
техника сатып алуға, жағалауды абаттандыруға, "Арбат" серуендеу аймағының құрылысына
Қабанбай ауылындағы Мәдениет үйі мен мұражайды қайта жаңартуға бағытталған. 
Демалушыларға ыңғайлы болу үшін жағалауда жоғары жылдамдықты интернет жүргізілді, 
туристік ақпараттық орталық ашылды. 
Алдағы 4 жылда жалпы сомасы шамамен 30 млрд.теңгеге 6 ірі инфрақұрылымдық жобаны 
іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде: сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін, электр 
беру желілерін салу; жағалауды нығайту; Үржар ауылы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта 
жаңарту; көл жағалауының жаңа аймағын құрғату. 
Сондай-ақ, киелі нысандарда инфрақұрылым дамуда. Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай 
ата кесенесінің айналасы 50 млн. теңгеге абаттандырылды. 
25 млн. теңге сомасына Қоңыр әулие үңгірін абаттандыру жүргізілді. Семей қаласынан 
Қарауыл ауылына дейінгі жол 2,2 млрд. теңгеге жөнделді. 
Катонқарағай ауданының Берел қорғандарында ашық аспан астында мұражай құрылды. 
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыстың туроператорларымен бірлесіп, 
облыстың киелі орындары арқылы өтетін және Шығыс Қазақстанның танымал жазушылары 
мен басқа да көрнекті тұлғаларының есімдері берілген «Әдеби Шығыс» туристік маршруты 
әзірленді. Жобаға өңірдің 2 200 оқушысы қатысты, облыстық бюджеттен 80 млн. теңге бөлінді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет