Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған



Pdf көрінісі
бет175/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   243
Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған 
сумен жабдықтау және су тартумен қамтамасыз ету 
Қалалық жерлерде сумен жабдықтау. Өңір жартылай шөлейт аймақта орналасқан, 
осыған байланысты су ресурстары өте шектеулі. Облысты сумен жабдықтау 3 көзден жүзеге 
асырылады:
1) тұщыланған теңіз суы ("МАЭК-Казатомпром" ЖШС»);
2) "Астрахань-Маңғышлақ" суағары беретін Еділ суы;
3) жерасты су кен орындары.
2017 жылдың қорытындысы бойынша (Форт-Шевченко шағын қаласын есепке алғанда) 
қалалық халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі 99,8%-ды,
2019 
жылы-100% құрайды. Қалалардағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 2017 жылы және 
2018 жылы 1455,3 км, 2019 жылы — 1465,3 км құрады. 2018 жылы - 227 км су құбыры желісі, 
2019 жылы — 239,9 км (Статистика комитетінің деректері) тозған жағдайда болды. Осы 
көрсеткіштің үлкен үлесін Ақтау қаласы желілерінің тозуы – 86% құрайды.. 
Форт-Шевченко қаласы мен Баутино ауылында ауыз су құбыры мен тұрмыстық 
канализация құрылысы жобасын іске асыру нәтижесінде (1-кезек) Ұлттық қор қаражаты 
есебінен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен 
қамту 100%-ды құрады. 
Ауылдық жерлерде сумен жабдықтау. 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыс 
бойынша 39 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алады 
("МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС, "Астрахань-Маңғышлақ" су құбыры, Түйесу, Сауысқан, 
Торорпа, Оңды, Шайыр кен орындары), 14 АЕМ орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды 
пайдаланады (Сам, Қарағайлы, Аққұдық, Ақмыш, Сауқан, Ұланақ, Тұщыбек, Беки, Боздақ кен 
орындары). 8 ауылдық елді мекен тасымалданатын суды пайдаланады (Басқұдық, Түйесу, 
Сауысқан кен орындары). 2019 жылы 44 АЕМ (75,8%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз 
етілді.
Ауылдардағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 2017 және 2018 жылдары 1061,6 
км, 2019 жылы — 1140,6 км құрады. 2018 жылы - 227 км су құбыры желісі, 2019 жылы — 63 км 
(Статистика комитетінің деректері) тозған жағдайда болды.
Аумақтық бөліністе аудандар бойынша (халық саны бойынша) орталықтандырылған 
сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізу дәрежесі былайша көрінеді: Мұнайлы ауданы - 47,46%, 
Бейнеу ауданы - 68,6%, Түпқараған ауданы – 86,9%, Қарақия ауданы – 89,24%, Маңғыстау 
ауданы – 77,67%.
АЕМ бойынша судың нақты шығыны 628,214 мың м
3
құрады. 
Сумен жабдықтау саласындағы негізгі мәселе-бұл халықтың және экономиканың тұрақты 
өсуі кезіндегі облыста орын алып отырған су тапшылығы. Бұл проблеманы инфрақұрылымның, 
атап айтқанда, облыс үшін негізгі су көздерінің бірі болып табылатын "Астрахань - 
Маңғышлақ" сутартқышының тозуы қиындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет