259
Тұщы судың, мәдени жайылымдардың жер үсті көздерінің болмауы, күрт континенттік,
қуаң климат, табиғи жайылымдар өнімділігінің ауа райы жағдайларына тікелей тәуелділігі,
қатты гидрологиялық жағдайлар, жер асты су көздерінің жоғары минералдануы аграрлық
сектордың дамуын шектейді.
Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету
және шығымдылығын арттыру. Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 5,99 млн. га (36%), негізгі ауыл
шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 2017 жылы – 1,028,9 мың га (0,016%), оның ішінде
алдыңғы қатарлы ылғал сақтау технологиясын пайдалана отырып егістік алқабы (тамшылатып
суару) – 0,893 мың га (2012 жылға 3,15 есе өсті). Алқаптар бөлінісінде облыс аумағы негізінен
жайылымдық алқаптармен берілген, олардың жалпы көлемі 12,7 млн. га құрайды. Суланған
жайылымдар 2788,7 мың га. 2017 жылы жоспарланған 54-тің орнына 56 құдық (ұңғыма)
салынды.
2017 жылы 19,8 га жұмыс істеген 27 жылыжаймен салыстырғанда, 2019 жылы 27,4 га
57 жылыжай жұмыс істеді.
Өсім 111% құрайды.
Ауыл шаруашылығы құрылымында шахталық және құбырлы құдықтардың тұздылығы
төмен жер асты суларын пайдалана отырып, жыл бойы жайылымдық жануарларды (түйе, қой
және жылқы) ұстауға негізделген мал шаруашылығы басым.
Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты
энергиямен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: