Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) облысы



Pdf көрінісі
бет201/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   243
2.14. Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) облысы 
Облыстың аумағы, халқы және ЖӨӨ. ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының 
үлесі. Экономиканы әртараптандыру 
2018 жылдың 19 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің №702 Жарлығымен 
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан деп аталды, ал оның әкімшілік орталығы Түркістан 


286 
қаласы болды. Түркістан облысының аумағы 116,1 мың ш. км. құрайды. Облыс халқы 1963,4 
мың адамды құрайды, халықтың тығыздығы орташа 1 шаршы км аумақта 16,8 адамды құрайды.
2019 жылы халық саны 2016 мың адамды құрады. 
Статистика комитетінің деректері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы 
өңірлік өнімі мынадай көрсеткіштерге ие болды: 2015 жылы көлемі 2508,4 млрд. теңгені 
құрады, ал 2017 жылы 3187,7 млрд. теңгеге дейін өсті. 
Оңтүстік Қазақстан облысында жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің төмендігі өңір 
халқының жоғары санына байланысты болды. 2013 - 2015 жылдары ол 13%-ға өсіп, 2017 жылы 
1097,7 мың теңгені құрады.
151
Түркістан облысы бойынша 2018 жылы ЖӨӨ көлемі 1660 млрд.теңгені құрады, 
өнеркәсіптегі негізгі үлес - 20,4%, ауыл шаруашылығы - 15,0%, өзге де қызметтер — 27%. 2019 
жылы — 2016,1 млрд. теңге, жан басына шаққанда — 1008,1 мың теңге. 
Өнеркәсіп өңір экономикасында маңызды рөл атқарады. Оңтүстік Қазақстан облысы 
бойынша 2017 жылы осы салада облыстың барлық жұмыспен қамтылған халқының 5,1%-ы 
жұмыспен қамтылды, ал ЖӨӨ құрылымындағы саланың үлесі Статистика комитетінің 
деректері бойынша 832,1 млрд. теңге көлемімен 24,4%-ды құрады.
2015 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға 54,4 мың АҚШ долларын 
құрады, 2017 жылы – 44,2 мың АҚШ долларын құрады және 2015 жылға қарай өсу индексі 
106,7% (ОҚО бойынша деректер). Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау 
картасы аясында 2015-2017 жылдары 81,8 млрд. теңге сомасына 60 инвестициялық жоба іске 
асырылды (2,5 мың жұмыс орны). 2019 жылдың соңында Түркістан облысының өңдеу 
өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі адам басына 26,9 мың АҚШ долларын құрады. 
2018 жылы Түркістан облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 438,6 млрд.теңгеге өнім 
өндірді, ал 2019 жылы — 505,0 млрд. теңге, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 213,8 млрд. теңге 
(2017 жылы ОҚО бойынша – 575,8 млрд. теңге), 2019 жылы — 244,6 млрд. теңге.
Тау-кен өнеркәсібінің дамуы пайдалы қазбаларды, ең алдымен уранды экспортқа 
бағдарланған өндіруге байланысты. Бұдан басқа, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық 
көлік дәлізінің құрылысы және М-39 "Алматы-Ташкент-Термез" халықаралық автомобиль 
жолы тау-кен өнеркәсібінің дамуына әсер етті, бұл кенсіз пайдалы қазбаларды өндіруге деген 
сұранысты тудырды.
Металл кендерін өндіру Созақ және Отырар ауданында жүзеге асырылады. Ал қалған 
аудандар мен қалаларда (Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарынан басқа) кең таралған 
пайдалы қазбалар өндіріледі.
Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің негізін тамақ өнімдері өндірісі, металлургия өнеркәсібі, өзге 
де металл емес минералдық өнімдер өндірісі және машина жасау құрайды. 
2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының 
үлесі 9,5% құрады, 2018 жылдың 1 жартыжылдығында Түркістан облысы бойынша 19,5% 
құрады.
Бір қызметкерге шаққандағы еңбек өнімділігі 2016 жылы 1430 мың теңгені құрады немесе 
42,5% -ға өсті. 2017 жылы орман, ауыл және балық шаруашылығы қызметкерлерінің саны 180,3 
мың адамды құрады, бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 1552 мың теңгені құрап, 
8,5%-ға өсті. 2018 жылы Түркістан облысында орман, ауыл және балық шаруашылығы 
жұмысшыларының саны 172 мың адамды құрады, бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 
1 726 мың теңгені құрап, 11,2% артты (2019 ж. - 2 077,8 мың теңге). 
Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің 
көлемі өткен жылмен салыстырғанда 505,3 млрд.теңгені құрады, 2018 жылы – 548,7 млрд. 
теңге, ал 2019 жылы өсімдік шаруашылығының басымдығымен (55,7%) 614,0 млрд. теңгені 
құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет