Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет197/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   243
Петропавловск қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі төмен деп бағаланды 
(ИЗА 3-4 құрайды) және 2018 жылы жоғары (ИЗА = 7). СИ = 28, 2017 жылы (>10 өте жоғары 
деңгей) және 2018-2019 жылдары 6 (жоғары деңгей) болды. НП = 1 - 4% (жоғарылау деңгей).
2017 жылы Тайынша, Саумалкөл және Булаево кенттерінде экспедициялық бақылау 
деректері бойынша күкірт диоксидінің ең жоғары концентрациясы байқалды: 1,08 ШРК, 1,3 
ШРК, 1,6 ШРК, 2018 жылы – Бескөл ауылында күкірт диоксиді бойынша 2,44 ШРК көрсетті. 
2019 жылы бақылау деректері бойынша Тайынша, Саумалкөл, Булаев, Бескөл 
кенттерінде барлық ластаушы заттардың концентрациясы рұқсат етілген норманың шегінде 
болды.
2018 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттардың 
шығарындылары 75113 т құрады (Статистика комитетінің деректері). Облыстағы ең ірі 
ластаушы "Севказэнерго" АҚ болып табылады, тұрақты көздерден шығатын ластаушы 


282 
заттардың атмосфераға шығарындылары 37381 т құрады, бұл облыс шығарындыларының 
жалпы көлемінің 48% құрайды. 
СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен 
қоршаған ортаны қорғау департаментінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 2016 жылы 
атмосфералық ауаға шығарындылардың лимиттерін 140 мың тоннадан (2017 жылға белгіленген 
нысаналы индикатор – 141 мың тонна) 2017 жылы 116 мың тоннаға дейін төмендетуге қол 
жеткізілді, төмендеу көлемі 24 мың тоннаны құрады. 
Облыста қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдар бекіткен I, II, III 
және IV санаттағы объектілер бойынша эмиссиялардың рұқсат етілген көлемін төмендету 
бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді және жұмыс жүргізілуде. Осылайша, атмосфералық 
ауаға шығарындылар бойынша 2018 жылға белгіленген нысаналы индикатор 129 мың тоннаны, 
шығарындылар бойынша эмиссияларға рұқсаттармен белгіленген лимит 116,7 мың тоннаны 
құрады. 
Атмосфералық ауаға шығарындылар бойынша 2019 жылға арналған белгіленген 
нысаналы индикатор 126 мың тонна. Шығарындылардың нақты көлемі - 74,7 мың тоннаны 
құрады.
Жыл сайын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру 
шарттары бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде "Әуе бассейнін қорғау" бөлімі 
бойынша іс-шараларды орындайды. Стационарлық және жылжымалы көздерден ластаушы 
заттардың шығарылуын болдырмау және төмендету, технологиялық жабдықтар мен 
аспирациялық жүйелерден зиянды заттарды ұстауға, залалсыздандыруға арналған шаң-газ 
тазартқыш қондырғыларды пайдалануға беру, жөндеу және қайта жаңарту бойынша іс-шаралар 
жүргізіледі.
Сондай-ақ, облыста көлікті газ отынына көшіру жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылғы 1 
қаңтардағы жағдай бойынша газ моторлы отынды пайдаланатын автокөлік саны 10507 бірлікті 
құрайды. 2017 жылмен салыстырғанда өсім 34,4% (2017 жылы – 7816 бірлік). Өңірде 114 газ 
құю станциясы жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жер үсті суларының ластануын бақылау Есіл
өзенінде және Сергеевское су қоймасында жүргізілді.
Су объектілеріне ластаушы заттардың төгінділері бойынша лимиттер 2016 жылы 114 мың 
тоннадан (2017 жылға белгіленген нысаналы индикатор – 114 мың тонна), 2017 жылы 96 мың 
тоннаға дейін төмендеді, төмендеу көлемі 18 мың тоннаны құрады. Жыл сайын эмиссиялардың 
рұқсат етілген көлемін 8-10%-ға төмендетуді қамтамасыз ету іс-шаралар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет