283
Сондай-ақ қалада екінші шикізатты қабылдаудың 3 стационарлық пункті
ұйымдастырылған және жұмыс істейді.
Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында жеке кәсіпкер ЖК Гладких екінші шикізатты
қабылдау пункті, Қызылжар ауданының Бескөл ауылында контейнерлік алаңдарда 16
контейнер және Ақжар ауданының Талшық ауылында 20 контейнер орнатылды.
"Радуга" ЖШС халық тұтынатын қажетті тауарларды шығара отырып, қайталама
полимерлерді қайта өңдеуді жүзеге асырады.
"Петропак" ЖШС соңғы өнімді (логотипі бар пакеттер) шығара отырып, жылдық көлемі
200-250 тонна қайталама полимерлер өңделеді.
2018 жылдың желтоқсанында Петропавл қаласында "Радуга" ЖШС қайталама
полимерлерді қайта өңдеу қуатын арттырды. Қазіргі заманғы зауыт дайын өнімді құрастырудан,
сұрыптаудан, қайта өңдеуден және дайындаудан бастап пластикті өңдеудің толық циклі бар
Қазақстандағы жалғыз зауыт болып табылады. Сондай-ақ, ылғал майлықтар шығаратын цех
жұмысын бастады. Қайта өңдеуге арналған қайталама шикізат Қазақстанның барлық
өңірлерінен және Ресейдің көршілес облыстарынан жиналады. Пластмассадан тұрмыстық
мақсаттағы бұйымдар өндірісінің көлемі жылына 2000 тоннаға дейін, полиэтилен пленкасы –
жылына 3340,8 тонна, жебе пленкасы – жылына 111,28 тонна, полиэтилен құбыры-жылына
1023,12 тонна, пакеттер – жылына 1722,96 тонна, ылғалды сулықтар – сағатына 55 кг құрайды.
Айыртау, Ақжар, Қызылжар, Мамлюк аудан орталықтарында екінші шикізатты қабылдау
пункттері ұйымдастырылды.
2017 жылы қалдықтармен жұмыс істеу, қалдықтарды бөлек жинауды енгізу саласындағы
мәселелерге халықтың назарын аударуға бағытталған 6 акция және іс-шаралар өткізілді, 2018
жылы 12 іс-шара өткізілді.
Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жылына 70 мың тонна қуаты бар қоқыс
сұрыптау
кешенін
салу
мәселесі
қарастырылуда.
Инвестициялық
ұсыныс
пысықталуда,экономикалық сараптама жүргізілгеннен кейін жекеше әріптесті айқындау
бойынша екі кезеңдік конкурс өткізіледі. Кешен үшін қоқыс сұрыптау желісін жеткізу "ӨБК
операторы" ЖШС жоспарланған.
Пестицидтерден ыдыстар пайда болған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары осы
қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға береді (қалдықтарды
кәдеге жаратуды пестицидтерді жеткізуші төлейді). Қалдықтарды жеткізушілермен
қалдықтарды берудің акт-тәсілдеріне қол қоя отырып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының
қалдықтарды мамандандырылған ұйымдарға тапсыруын бақылайды.
"Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру" бюджеттік бағдарламасы
шеңберінде 2018 жылы 2447,9 мың теңге сомасына 6041 дана пестицидтер (улы химикаттар)
ыдысы кәдеге жаратылды, 2019 жылы осы бағдарлама бойынша 8414 дана ыдысты кәдеге
жарату үшін 4452 мың теңге бөлінді.
Бағдарламаның мақсаты пестицидтерден (улы химикаттардан) ыдысты кәдеге жарату
есебінен адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: