Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет211/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   243
2.15. Нұр-Сұлтан қаласы (Астана). 
Қаланың аумағы, халқы және ЖӨӨ. Экономиканы әртараптандыру 
Нұр-Сұлтан қаласы (2019 жылға дейін – Астана) - Қазақстан Республикасының астанасы-
бүкіл Еуразиялық кеңістіктегі ең жылдам дамып келе жатқан мегаполистердің бірі

2019 жылы 
халық саны 1136,2 мың адамға жетті.
152
Статистика комитетінің деректері бойынша, Астана қаласының жалпы өңірлік өнімінің 
көлемі 2018 жылы 6706,0 млрд.теңгені немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 117% құрады. 
Еліміздің ІЖӨ-дегі қаланың үлес салмағы-10,9%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 6359,5 
мың теңгені құрады. 2019 жылы ЖӨӨ 78348 млрд.теңгені, жан басына шаққанда 7075,8 мың 
теңгені құрады.
Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары 884,3 
млрд.теңге, 2018 жылы - 646,7 млрд. теңге, ал 2017 жылы – 573,9 млрд. теңге сомасына өнім 
өндірді. оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 2019 жылы — 786,5 млрд. теңге, 2018 жылы – 546,9 
млрд. теңге, 2017 жылы – 484,9 млрд. теңге. 
2019 жылы негізгі өңдеуші салалар мыналар болды: металлургия (алтын және күміс 
өндірісі) (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 55,4%), машина жасау (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 
16,8%), басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 9,0%) және 
тамақ өндірісі (өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 5,4%). 
Индустрияландыру картасы шеңберінде 2010 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде 
234,2 млрд. теңге сомасына инвестициялар көлемі және жұмыс орындарының саны - 3,5 мың 
адам болатын 25 жоба іске асырылды. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда Индустрияландыру 
картасы шеңберінде өндірілген өнім көлемі 2858,8 млрд.теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінің 
жалпы көлемінен өнім өндіру көлемінің үлесі 50,4% құрайды. 2018 жылы №1 Индустриялық 
152
Мұнда және одан әрі Нұр-Сұлтан қаласының аумағын дамытудың 2018-2023 жылдарға арналған 
бағдарламасы және оны іске асыру бойынша 2018 және 2019 жылдарға есептер. 


295 
парк аумағында 730 жұмыс орнын құрылып, жалпы сомасы 10,6 млрд.теңгеге 7 жоба 
пайдалануға берілді. 
2019 жылы "Астана – Технополис" АЭА аумағында 333 млрд.теңге сомасына 10 жоба 
тіркелді, оның ішінде ІТ-саласында 2 жоба іске қосылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет