Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет61/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   243
Ормандарды өрттен қорғауды «Қазавиаорманқорғау» РМҚК жыл сайын мемлекеттік 
орман қоры аумағының 30%-ға жуық алаңында авиациялық күзету арқылы жүзеге асырады. 
Сондай-ақ орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері мен Комитеттің ведомстволық 
бағынысты ұйымдары минералдандырылған жолақтар құру және оларды күту бойынша 
жұмыстар жүргізуде.
Облыс әкімдіктерінің орман шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан 
Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің табиғат қорғау 
мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының орман өрттерімен күрес жөніндегі 
өзара іс-қимыл жоспарлары әзірленеді және келісіледі. 
Аумақты өртке қарсы жайластыру және орман өрттерін сөндіру мәселелері бойынша, 
сондай-ақ ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін хаттамалар жасау тәртібі 
бойынша орман өрттері қызметтеріне оқыту және нұсқау беру жүргізіледі. Өрт сөндіру 
командалары құрылады. Өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және бақылау объектілерін 
жөндеу жүргізіледі. Орман өрттері қызметтерінің телефон нөмірлері көрсетілген табиғат қорғау 
тақырыптарына аншлагтар мен панно дайындалады. Жанар-жағар май материалдарының 
резервтік қоры құрылуда. Радиобайланыс және телефон байланысы жөнделуде. 
Авиациялық бөлімшелерде жыл сайын авиациямен өрт сөндіру қызметінің инструкторлық 
және десанттық құрамының орман өрттерін сөндіру жөніндегі жұмыстарға жіберу және қайта 
даярлау жүргізіледі. 
Орман шаруашылығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының сайттарында өрт 
қауіпті кезеңге дайындық жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат үнемі орналастырылады. 
Қар жамылғысының түсуіне қарай өрт қауіптілігін төмендету мақсатында орман қоры 
аумағында және оған іргелес аумақтарда шөп өсімдіктерінің бақыланып отырылуы жүргізіледі. 
2018 жылы орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты 
мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында өртке қарсы насихаттау және ұдайы жариялау 
мақсатында республикалық және жергілікті телеарналарда мемлекеттік және орыс тілдерінде 
өртке қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.
Ормандарды өрттен қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР АШМ Орман 
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық органдары мен ведомстволық 
бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ облыс әкімдіктерінің орман шаруашылығы құрылымдық 
бөлімшелерінің бірінші басшыларының дербес жауапкершілігі белгіленген.


116 
ҚР ІІМ мәліметі бойынша жыл сайын елімізде 4 мыңға жуық табиғи өрт пен жанулар орын 
алады, олар 200 мың гектардан астам аумақты қамтиды, өртпен келтірілген шығын 150 
млн.теңгеден асады.
Бұл ретте орта есеппен 400 өрт республиканың мемлекеттік орман қоры аумағында болып 
келеді. Орман өрттерімен бір мезгілде орта есеппен 3,5 мың дала өрттері мен жану ошақтары 
жойылады.
2018 жылы еліміздің орман қоры аумағында өрт саны 36%-ға төмендеп, 358 өрт ошағын 
құрады, материалдық шығын 3%-ға азайды. Бұл ретте от шарпып өткен алаң 8 есеге өсті (1.8.3-
кесте).
1.8.3-кесте Орман өрттері
 
Жылда
р 
Орман 
өрттерінің 
саны, 
жағдайлар 
Өрт болып өткен орман 
алаңы, гектармен 
Өртпен келтірілген шығын, 
ағымдағы бағаларда, млн. 
теңге 
Бір өрттің орташа 
алаңы, гектар 
2017 
563 
19 690 
215,4 
351 
2018 
358 
162 605 
209,6 
454 
2019 
628 
39227 
563,5 
62,4 
Дереккөз: ҚР ЭГТРМ 
2019 жылы ҚР ормандарында жалпы көлемі 73512,6 га 628 орман өрті болды, оның ішінде 
орман өрті 39226,9 га, оның ішінде орманмен қамтылғаны 34523,04 га, оның ішінде жоғарғы 
алқабы 773,29 га, орман емес алқабы 34288,68 га. МОҚ аумағындағы өрттің орташа орман 
алаңы 62,4 га құрады.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі құрғақ 
шөптің жыл сайынғы бақыланбайтын отының проблемасы кешенді сипатқа ие - от орман 
қорының жерлеріне және елді мекендерге ауысады. Жағдай минералдандырылған жолақтардың 
жоқтығынан немесе олардың уақтылы жаңартылмауынан одан да тереңдей түседі. 
«Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес табиғи өрттерді сөндіру міндеті АШМ және 
ЖАО құзыретіне жатады. Сонымен қатар, 2018 жылы ІІМ бөлімшелері 87 орман өртін
сөндірді.
Табиғи өрттерге ден қою үшін ЖАО 3919 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды, 
олардың жарақтарында 9 мыңнан астам техника, оның ішінде 283 өрт сөндіру автомобилі, 8231 
бейімделген техника, 945 өрт сөндіру мотопомпасы бар. Құрамалардың жеке құрамы 42 
мыңнан астам адамды құрайды.
ІІМ мүдделі орталық мемлекеттік органдармен (АШМ, ИИДМ, Қорғанысмині, 
ЦДИАШӨ, БҒМ, ДСМ, ЭМ, АҚДМ, ҰҚК) және жергілікті атқарушы органдармен келісілген 
«2019 жылғы өрт қауіпті маусымда Қазақстан Республикасының аумағында зілзалалар қаупін 
азайту және орман және дала өрттерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» ІІМ мен АШМ 
бірлескен бұйрығы (ІІМ 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 286 және АШМ 2019 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 160 бұйрығы).
2018 жылы ҚР бойынша ормандарда 3553,64 м
3
көлемінде заңсыз ағаш кесу бойынша 419 
оқиға тіркелді. Жалпы шығын 46531,4 мың теңгені құрады.
Облыстық атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік орман иеленушілердің 
қарамағындағы ормандарда 3102,79 м
3
көлемінде заңсыз ағаш кесудің 341 оқиғасы тіркелді. 
Жалпы шығын 34710,4 мың теңгені құрады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі 
комитетінің қарамағындағы ормандарда 450,85 м
3
көлемінде заңсыз ағаш кесудің 78 жағдайы 
тіркелді. Шығын 11821 мың теңгені құрады.
2019 жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 4245,2 м
3
көлемінде заңсыз ағаш кесудің 
367 оқиғасы тіркелді. Жалпы шығын 32313,8 мың теңгені құрады. Облыстық атқарушы 
органдардың және басқа да мемлекеттік орман иеленушілердің қарамағындағы ормандарда 
3549,4 м
3
көлемінде заңсыз ағаш кесудің 303 оқиғасы тіркелді. Жалпы шығын 25380,4 мың 
теңгені құрады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы 


117 
ормандарда 695,8 м
3
көлемінде заңсыз ағаш кесудің 64 жағдайы тіркелді. Шығын 6933,3 мың 
теңгені құрады. 
Қазіргі уақытта бюджет есебінен орман шаруашылығы саласындағы ғылыми 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет