115
1.8.2-сурет. Орман зиянкестері мен ауруларының таралу динамикасы.
2019 жылы БҰҰДБ/ЭГТРМ Орман жобасы шеңберінде Алматы облысының 5 пилоттық
орман қорғау мекемелеріндегі ормандардың орман патологиялық жай-күйіне бағалау
жүргізілді.
Зерттеу ауданы Тянь-Шань және
Жетісу Алатауының сексеуілді, тоғайлы және
таулы ормандарын қамтыды, олардың негізгі орман құраушы
ағаш тұқымдары қара сексеуіл,
Шренка шыршасы, тораңғы, жиде, алма ағашы және т. б. болып табылады.
Жұмыс нәтижелері
бойынша орман зиянкестері мен ауруларымен күресудің орман қорғау және алдын алу
шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді. Ұсыныстардың бірі орман зиянкестерімен
күресу үшін биологиялық препараттарды енгізу болып табылады. Қазақстанда
биопрепараттарды қолдану 2%, ал Қытайда 60%, Германияда 90%, Францияда 95% және
Бельгияда 94% құрайды. Биопрепараттарды пайдаланудың
негізгі артықшылығы жоғары
тиімділік пен экологиялылық болып табылады. Кемшілігі ретінде бағасының қымбаттығын
айтуға болады.
Алма көбелегімен күресу үшін биологиялық препарат актарофит (Энтолек К) сыналды.
Биологиялық өнім орман шаруашылығы бұрын қолданған химиялық заттардан кем болмай, 92-
100% жоғары тиімділікті көрсетті. Препараттың белсенді ингредиенті-бұл Streptomyces
avermitilis пайдалы топырақ саңырауқұлақтары шығаратын табиғи авермектиндер кешені.
Нұсқауларға сәйкес, ол өрмекшілерге, жыртқыш қоңыздарға, құмырсқаларға, жер қоңыздарына,
құрттарға және т.б. үшін
улы емес, қоршаған ортада тез ыдырайды, бұл оның жемістерде,
көкөністерде және топырақта жиналуына жол бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: