216
Ресми статистикаға сәйкес өткен жылы облысқа келушілер саны 600 мыңнан астам
адамды құрады (өсім 8,4%).
Бейрезиденттер саны 3,1%-ға артып, 29 741 адамды құрады.
Резиденттер саны 8,7%-ға артып, 582948 адамды құрады.
Соңғы үш жылда туристік ағым өсімінің оң серпіні сақталып отыр, ол 33%-ға ұлғайды.
2.5.7-кесте. Облысқа келушілер саны
2017
2018
2019
ШҚО
486 157
565 030
612 689
Бүгінгі күні облыста бір реттік сыйымдылығы отыз үш мыңнан астам төсек-орынды
қамтитын (33 мың) 576 орналастыру орны бар.
Туристік қызметтерді 115 фирма (51 туроператор және 64 турагент) көрсетеді, 2017 жылы
тіркелген орналастыру орындарының саны – 505 объект (2016 ж. – 455), нөмірлік қоры 8958
нөмір (2016 ж. – 8320) және біржолғы сыйымдылығы 27841 төсек-орын (2016 ж. – 25847).
Көрсетілген қызметтер көлемі 6 млрд.338 млн. теңгеден асты (өсім 7,6%).
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі
тұжырымдамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында "Алтай маржаны" туристік кластерін
қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Облыстың киелі жерлерінің туристік
картасы жасалды, 23 тақырыптық туристік бағыт әзірленді.
Киелі объектілерге туристік
инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар кезең-кезеңімен қабылдануда.
"ШҚО туристік саласын дамытудың 2017-2023 жылдарға арналған Жол картасы"
шеңберінде 7,2 млрд. теңгеге 25 жоба іске асырылуда, 2017 жылы 242,8 млн. теңгеге 4 жоба іске
асырылды.
2017 жылы Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірінде туристік инфрақұрылым
жақсартылды, ЭБЖ жүргізілді және Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай (әулие) кесенесінің
айналасындағы аумақ абаттандырылды, Шалқар көлінің жағалауындағы жағажай
абаттандырылды (немесе 3-ші Сібе көлі). Алакөл көлінің
жағалауы абаттандырылды, саябақ
салынды, нысандар өрт және санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтірілді.
Соңғы 2 жылда негізгі туристік бағыттар бойынша (Алакөл, Сібін, Марқакөл көлдеріне,
"Нұртау", "Алтай Альпісі" тау шаңғысы базаларына) жалпы сомасы 4,3 млрд.теңгеге
автомобиль жолдары жөнделді. Алдағы жылдары Алакөл көлінде 10 пирс салу жоспарлануда.
Жалаңашкөл станциясынан Қабанбай ауылына дейінгі автожолды жөндеуді аяқтау және
Алакөл көлінің жағалауын абаттандыру жоспарлануда.
Жыл сайын шілде айынан қыркүйек айына дейін Семей және Өскемен қалаларынан
Жалаңашкөл стансасына дейін пойыз қатынайды. Үржар ауылына дейін әуе қатынасы 3
маршрутпен қамтамасыз етілген, сондай-ақ Алакөл көліне дейін 4 тікелей автобус маршруттары
қатынайды.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен
бірлесіп аймақта (көлдер) бальнеологиялық қорытынды алу және емдеу-сауықтыру туризмін
дамыту үшін облыстың 8 көлі мен 2 бұлағы су мен батпақтың
физикалық-химиялық
қасиеттеріне зерттеу жүргізілді: Алакөл, Марқакөл, Зайсан, Сібін, Дубығалы (Окуньки) көлдері,
Шыбындыкөл және Рахман қайнарлары, "Барлық-Арасан" шипажайы, Қоңыр әулие бұлағы,
Әулие бұлақ).
Бұқтырма су қоймасында, Алакөл көлінде демалыс базаларының карталары әзірленді,
Сібе көлдері бойынша карта дайындалуда.
Алакөл көлінің жағалауы бойынша орналастыру орындарын онлайн-брондау функциясы
бар бірыңғай ақпараттық ресурс қалыптастырылды.
Туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде өңірде
туризмнің өсуінің негізгі нүктелерін дамыту жоспарлануда, бірінші кезекте бұл Алакөл көлі, ол
республикалық ауқымдағы 10 басым туристік дестинациялардың бірі болып танылып,
туристификация картасының ТОП 10-дығына кірді.
217
Жағалауда туризмді дамыту мақсатында кезең-кезеңмен, кешенді жұмыс жүргізілді,
Мастер-жоспар мен егжей-тегжейлі даму жоспары әзірленді.
Алакөл көлінің инфрақұрылымын абаттандыру мен жақсартуға 2016-2019 жылдары
облыстық бюджеттен 6 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді, ол жолдарды жөндеуге, теміржол
және әуе тасымалдарын субсидиялауға, демалыс базаларына қызмет көрсету үшін арнайы
техника сатып алуға, жағалауды абаттандыруға, "Арбат"
серуендеу аймағының құрылысына,
Қабанбай ауылындағы Мәдениет үйі мен мұражайды қайта жаңартуға бағытталған.
Демалушыларға ыңғайлы болу үшін жағалауда жоғары жылдамдықты интернет жүргізілді,
туристік ақпараттық орталық ашылды.
Алдағы 4 жылда жалпы сомасы шамамен 30 млрд.теңгеге 6 ірі инфрақұрылымдық жобаны
іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде: сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін, электр
беру желілерін салу; жағалауды нығайту; Үржар ауылы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта
жаңарту; көл жағалауының жаңа аймағын құрғату.
Сондай-ақ, киелі нысандарда инфрақұрылым дамуда. Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай
ата кесенесінің айналасы 50 млн. теңгеге абаттандырылды.
25 млн. теңге сомасына Қоңыр әулие үңгірін абаттандыру жүргізілді. Семей қаласынан
Қарауыл ауылына дейінгі жол 2,2 млрд. теңгеге жөнделді.
Катонқарағай ауданының Берел қорғандарында ашық аспан астында мұражай құрылды.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыстың туроператорларымен бірлесіп,
облыстың киелі орындары арқылы өтетін және Шығыс Қазақстанның танымал жазушылары
мен басқа да көрнекті тұлғаларының есімдері берілген «Әдеби Шығыс» туристік маршруты
әзірленді. Жобаға өңірдің 2 200 оқушысы қатысты, облыстық бюджеттен 80 млн. теңге бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: