Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет193/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   243
Жылумен жабдықтау.
Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылы облыстағы 
жылу желілерінің жалпы ұзындығы 374,2 км құрады, оның ішінде тозғаны - 194,5 км (52%), 
ауыстыруды қажет ететіні — 130,4 км (34,9%), ауыстырылғаны — 9,6 км. 
"Петропавл Жылу Желілері" ЖШС қызметінің негізгі түрі Петропавл қаласының 
тұтынушыларына жылу энергиясын тасымалдау және тарату болып табылады. Петропавл 
қаласындағы жылу желілерінің тозуы 2018 жылы – 69,9%-ды құрады. 
Газбен жабдықтау. Солтүстік Қазақстан облысында өндірістік және тұрмыстық 
қажеттіліктер үшін тек сұйытылған көмірсутекті газ пайдаланылады. Солтүстік Қазақстан 
облысына сұйытылған газдың негізгі жеткізушілері: "Рока" ЖШС, "Горгаз-сервис" ЖШС, 
"Райгаз" ЖШС, "Алыс газ" ЖШС, "Альнұр Газ" ЖШС, "Облгаз" ЖШС, "Данияр-Бидай"ЖШС 
Аккредиттелген ұйымдары болып табылады. Газды негізгі жеткізу "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" 
ЖШС-мен, "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-мен жүзеге асырылады. Облыс 
аудандарында халықты және кәсіпорындарды сұйытылған газбен жабдықтау газ баллондары, 
автогаз құю станциялары және топтық резервуарлық қондырғылар арқылы жүзеге асырылады. 
Петропавл қаласында көп қабатты үйлерді топтық резервуарлық қондырғылар арқылы 
сұйытылған газбен жабдықтауды "Горгаз-сервис"ЖШС жүзеге асырады. "Горгаз-сервис" ЖШС 
кәсіпорнының қызмет көрсетуінде 327 ГРҚ, 460 км газ құбыры бар. Кәсіпорын Петропавл 
қаласының 725 көпқабатты үйін газбен қамтамасыз етеді. Абоненттер саны 55 мың. 
Қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету, сондай-ақ облысқа отын жеткізуді 
әртараптандыру мақсатында Петропавл қаласында сұйытылған табиғи газды қайта газдандыру 
кешенінің құрылысы бойынша жоба іске асырылуда. Жылына қуаты 4 млн текше метр газ 
кешені Екатеринбург қаласынан жеткізу жолымен және регазификациялық қондырғылар 
арқылы газ тәріздес күйге ауыстыру арқылы бұрын дизельді отынмен жұмыс істеген 
"Молпродукт" ЖШС жаңадан салынған газ құбыры бойынша газдың үздіксіз берілуін 
қамтамасыз етеді. Жалпы құны 300 млн теңге болатын жобаны "Global Gas Group" ЖШС 
компаниясы жүзеге асырады. Нысанды іске қосу 2020 жылдың қаңтарында жоспарланып отыр. 


280 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет