Су тартуПетропавл, Сергеевка, Булаев қалаларында және 5 ауылдық елді мекенде
(Саумалкөл, Явленка, Покровка, Бескөл және Новоишимское) жүзеге асырылады. Петропавл
қаласының су бұру жүйесі жинақтауды реттеуге мүмкіндік беретін коллекторлардан, кәріздік
тазарту құрылыстарынан және сарқынды суларды жинақтағыштардан тұратын кешенді
қамтиды.
Жыл сайын сумен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу есебінен орталықтандырылған
сумен қамтамасыз етілген ауылдар саны ұлғаюда. Сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы
"Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге
асырылады.
2017 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" бағдарламасы шеңберінде сумен
жабдықтауға 6,9 млрд. теңге бағытталды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 3 ауылға су
берілді, ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 57,5% құрады.
2018 жылы сумен жабдықтау және су тарту объектілерін салуға және реконструкциялауға
барлық көздерден 5,4 млрд. теңге бағытталды. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2018 жылы
су берілді және халық саны 25 мың адам болатын 38 ауылда сумен жабдықтау жақсарды,
орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 59,6%–ға жетті (халықтың қол
жетімділігі-81,4%).
Сумен жабдықтаудың жергілікті объектілерін, тарату желілері мен топтық су құбырларын
қайта жаңарту және салу жүргізілді, облыс аудандарында бұрын жұмыс істеп тұрған сумен
жабдықтау желілерін қалпына келтіру жүзеге асырылды.
2019 жылы сумен жабдықтау және су тарту нысандарын салуға және реконструкциялауға
9,1 млрд.теңге жоспарланған. Осы жобаларды іске асыру 26,5 мың адам және облыс
орталығының 32 мың тұрғыны бар 32 ауылда су беруге және сумен жабдықтауды жақсартуға
мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаның жай-күйі, ауа мен судың ластану көлемінің қысқаруы. 2017 - 2019 жылдары стационарлық желілердің бақылау деректері бойынша