Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет195/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   243
Сумен жабдықтау. Солтүстік Қазақстан облысында "Қазсушар" РМК "Есіл су" филиалы 
және "Қызылжар су" ЖШС екі ірі сумен жабдықтау кәсіпорны бар. Облыстың әрбір ауданында 
қосымша сумен жабдықтау және су тарту қызметтерін көрсететін пайдаланушы кәсіпорындар 
бар.
2019 жылдың басында орталықтандырылған сумен жабдықтаумен ауыл халқының саны 
253,5 мың адамнан (81,6%) 394 АЕМ (60,7%) қамтамасыз етілді, 57,3 мың адам тұрғындар 
саны (18,4%) 255 АЕМ (39,3%) орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз 
етілмеген. Жалпы облыс халқының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 89,8% 
(ауылдық – 81,6%) құрайды. Облыстағы 5 қала орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 
"Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы сумен 
жабдықтау және су бұру объектілерін салуға және реконструкциялауға — 2691,6 млн.теңге (РБ 
— 2637,5 млн. теңге, ЖБ — 54,1 млн. теңге) бөлінді. 100% игерілді. 
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті 
арқылы топтық су құбырларын (Соколов ГВ (2 кезек), Преснов ГВ (1,2 кезек) қайта жаңарту 
бойынша 3 жобаны іске асыру жалғастырылды. Қосымша облыстық бюджет қаражаты есебінен 


281 
облыстың 41 ауылында сумен жабдықтау желілері қалпына келтірілді. Осылайша, 2019 жылы 
атқарылған жұмыстар нәтижесінде халық саны 29 мың адам болатын 48 ауылда су беріліп, 
сумен қамту жақсарды. 
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 635 ауылынан ауыл халқының саны 
253,9 мың адамы (немесе 81,7%) бар 396 ауыл (немесе 62,4%) орталықтандырылған сумен 
қамтамасыз етілді, халық саны 56,9 мың адамы (18,3%) бар 239 АЕМ (37,6%) қамтамасыз 
етілмеген. 
Жалпы облыс халқының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 89,9% құрайды. 4 
топтық су құбырының жалпы ұзындығы 3092 км құрайды, оның ішінде Булаевский — 2092 км, 
Есіл — 553 км, Пресновский — 214 км, Соколовский — 233 км. 
2020 жылы сумен жабдықтауға 7,9 млрд.теңге бағытталады. Жалпы алғанда 51 мың адам 
халқы бар 59 елді мекенде су беру және сумен жабдықтауды жақсарту жоспарлануда. Жалпы 
алғанда, 2020 жылдың соңында ауылдарды орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол 
жеткізу 62,8%-ды, ауыл халқын қамту - 82,1%-ды құрайды деп күтілуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет