284
Жыл сайын орман шаруашылықтары облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында
орманды молықтыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.
2018 жылы жоспар бойынша 580 га 721 гектар алқапта ормандарға отырғызу жүргізілді,
бұдан басқа, 680 гектар алқапта орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары жүргізілді.
Жалпы орман өсімін молайту 1401 гектар алқапта жүргізілді, жоспарлы көрсеткіш 1065 гектар
(131%).
2019 жылға арналған орманды молықтыру бойынша жоспарлы тапсырма 1185 гектарды
құрайды, оның ішінде орман отырғызу - 700 гектар (372 га – көктемгі кезеңде, 328 гектар –
күзгі кезеңде), орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізу – 485 гектар (күзгі
кезеңде).
2019 жылы облыс бойынша орман шаруашылықтары
мен ұзақ мерзімді орман
пайдаланудың орман пайдаланушылары 700 га алқапта 2800 мың көшет отырғызды. Орман
алқаптарын қорғау мақсатында мынадай көлемде өртке қарсы алдын алу іс – шаралары
жүргізілді: минералдандырылған жолақтарды орналастыру - 1345 км орындалды;
минералдандырылған жолақтарға күтім жасау-26560 км орындалды.
Облыс ормандарында екпелердің тұрақтылығын
сақтау және арттыру, олардың
өнімділігін арттыру, аурулардың жұқпалы фонын азайту мақсатында санитарлық-сауықтыру іс-
шаралары жүргізіледі. 2018 жылдың басында облыс бойынша жалпы ауданы 228 гектар орман
зиянкестерінің таралу ошақтары болды. 2019 жылдың маусым айында "Бурлук Орман
шаруашылығы" КММ-де орман зиянкестерінің жаңа ошақтары-жалпы ауданы 62,2 га көктерек
қоңызы табылды. 2018 жылдың ішінде барлық алаңда мемлекеттік орман иеленушілер жер үсті
күрес шараларын жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде орман зиянкестерінің таралу
ауданының жыл сайын және едәуір төмендеуі байқалады.
2018 жылы СҚО аумағында 2014-2018 жылдар аралығында жауын-шашынның мол түсуі
нәтижесінде жер асты сулары көтерілді. Нәтижесінде 14 мың гектардан астам алқапта сулану
пайда болды.
Орман мекемелері сулануды азайту бойынша қажетті іс-шараларды жүргізеді, ең алдымен
бұл өлі екпелерді санитарлық кесу. 2018 жылы 2481
гектар суланған орман кесіліп, 240 мың
текше метр көлеміндегі сүрек халықты отын ағашымен қамтамасыз етуге жұмсалды.
Орман ресурстары орман пайдаланушыларға орман пайдалану түріне байланысты ұзақ
мерзімді немесе қысқа мерзімді пайдалануға беріледі. Жыл сайын облыста шамамен 450-500
мың текше метр игеріледі, оның 40%-ын ұзақ мерзімді орман пайдалануды орман
пайдаланушылар игереді. Орман пайдалану кезеңінде 2004-2018
жылдар аралығында орман
пайдаланушылар 950 млн. теңгеден астам сомада орманды пайдаланғаны үшін бюджетке төлем
енгізді, 60 трактор, 74 автомобиль, 3 өрт сөндіру автомашинасы, 3 манипулятор-тиегіш сатып
алынды. Ағаш өңдеу бойынша материалдық-техникалық база құрылды-28 ағаш өңдеу цехы
ұйымдастырылды, 35 ағаш кесуші, 3 технологиялық жоңқа өндіру желісі, 114
ағаш өңдеу
станогы және 5 ұнтақтау қондырғысы орнатылды. Тұрақты негізде 500-ден астам адам жұмысқа
орналастырылды.
Жыл сайын орман пайдаланушылар 100 мың текше метр жергілікті сүректі қайта өңдейді
және жыл сайын терең өңдеу көлемі ұлғаяды. Шығарылатын өнімнің ассортименті 40-қа жуық
атауды құрайды және ассортиментті кеңейту жұмыстары халықтың сұранысына байланысты
үнемі жүргізіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: