98
қолданыстағы жүйесінің орнына ең озық қолжетімді технологияларды қолдануға негізделген
кешенді экологиялық рұқсаттар беру жүйесі зерделенеді және енгізіледі.
5.21 «Кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалау процесінің өзгеруі» бастамасы.
ШОБ кәсіпорындарының экологиялық сауатты басқарушылық шешімдерді қабылдауы үшін
шаруашылық қызметтің кез келген түрінің қоршаған орта мен
халықтың денсаулығына әсер
етуінен қауіптің сипатын, қарқындылығын және дәрежесін анықтау жөніндегі процесс
қоршаған ортаға әсерді бағалау процесіне өзгертілетін болады.
5.22 «Қоршаған ортаны қорғау саясатын белсенді ілгерілету» бастамасы. «Жасыл»
саясатты кеңінен ілгерілетуге баса назар Жарияланымдар, ережелер мен қағидаттарды түсіндіре
отырып, реттеушілер мен компаниялар арасындағы тікелей байланыстар, қоршаған ортаны
қорғау саласындағы жетістіктері үшін салалық наградаларды тапсыру арқылы жасалатын
болады.
Аталған бастамаларды іске асыру басқалардың қатарында атмосфералық ауаның жай-күйін
едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстанның позициясын
БҰҰ-ның Адам дамуы
индексінде 56-дан 40-қа дейін арттыру, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайту, нәрестелер
өлімін төмендету (тиісінше 1000 тірі туылғандарға шаққанда 7,2-ге дейін), 1 жастан 6 жасқа
дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды 80%-ға дейін кеңейту
сияқты өлшемдерде көрініс табады
83
.
ЭЫДҰ елдерімен технологиялық алшақтықты еңсеру үшін Қазақстан Республикасының
2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында 2.1 «Технологиялық
процестерді
стандарттау» бастамасы көзделген, оның шеңберінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес ұлттық
стандарттарды мерзімді жаңарту қамтамасыз етіледі, стандарттау саласындағы салалық
мемлекеттік органдардың жұмысы жандандырылады, қазіргі заманғы стандарттарды алу және
технологиялық құзыреттерді арттыру үшін кәсіпорындарды ынталандыру құралдары
кеңейтіледі, аккредиттелген зертханалар желісі дамытылады.
Осы жұмыс шеңберінде
мемлекеттік органдар салалардағы техникалық регламенттер мен стандарттарды халықаралық
талаптар мен жаңа технологиялық трендтерге сәйкестігі тұрғысынан талдауды және
өзектендіруді жалғастырады. Онда 2.5 «Технологиялар трансферін ынталандыру» бастамасы
қазақстандық компанияларға шетелде жоғары технологиялық және озық технологияларды
іздестіру, сатып алу кезінде, сондай-ақ технологиялар трансферінің халықаралық желісіне
кіру арқылы жәрдемдесуді көздейді.
ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының
басымдықтарының бірі болып табылады, өйткені Қазақстан осы
ұйымға кіруді мақсат етіп
қояды. Сондықтан ЭЫДҰ озық тәжірибелері мен стандарттарын имплементациялау, сондай-
ақ тиісті бекітілген іс-қимыл жоспары шеңберінде ЭЫДҰ комитеттері мен жұмыс
органдарына қазақстандық қатысу деңгейін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады (3-
міндет. ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты тереңдету).
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табысы мен өмір сапасының артуы» Жолдауын
орындау үшін Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (ЖҰЖ) бекітілді. ЖҰЖ-ның 55-тармағымен
ҚР Энергетика министрлігіне заңнамаға экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік
санкциялардың мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу, экологиялық
тексерулер жүргізу тетігін жетілдіру, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнен
түсетін қаражатты тиісті өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға
байланысты мәселелерді
шешуге бағыттау нормативін белгілеу жөнінде заң жобасын әзірлеу тапсырылды.
Халықаралық тәжірибе негізінде экологиялық заңнаманы қайта қарау Қазақстан
Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының 5.17 бастамасын да
көздейді.
83
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары.
99
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыруға бағытталған жалпыұлттық жоспарды орындау үшін
Экологиялық кодекстің жобасы жаңа редакцияда 2019 жылғы желтоқсанда Қазақстан
Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: