Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет73/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   243
Болашаққа арналған жоспарлар.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін одан әрі дамыту Қазақстан 
Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының (Үкіметтің 2013 жылғы №1434 
қаулысы) негізгі ережелерінде көзделген, осыған сәйкес желіні 2020 жылға қарай 29,1 млн. га 
(ел аумағының 10,67%) және 2030 жылға қарай 41,6 млн. га (15,27%) дейін ұлғайту болжанып 
отыр. Алайда, бұл жоспарланған өзгертулер әлі күнге дейін КБР № 11 Айти нысанын шешуге 
мүмкіндік бермейді, оған сәйкес 2020 жылға қарай жер және ішкі сулардың кем дегенде 17% -
ы және жағалау мен теңіз аймақтарының 10% тиімді және ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтардың өкілетті және өзара жақсы байланысқан жүйелері әділ басқарудың, экологиялық 
таза болудың арқасында сақталатын болады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы 7-
міндет шеңберінде Биологиялық әртүрлілікті сақтау Қазақстан аумақтың орманды жерлерін 
ұлғайту және оны 4,8%-ға дейін жеткізу арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау саясатын 
жалғастырады, Жер ресурстарын тұрақты басқару жөніндегі ұлттық стратегия шеңберінде 
жердің тозуы мен шөлейттену проблемасын жүйелі шешуге бағытталған стратегиялық 


143 
шараларды іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады, ормандарды молықтыру мен орман 
өсіру көлемін ұлғайту, облыс орталықтарының айналасында жасыл аймақтар құру, жекеше 
орман өсіруді дамыту көзделеді.
Қазақстан балықтар түрлерінің популяциясын сақтау және тауарлы балық өсіру мен 
акваөсіру дамыту арқылы да биологиялық әртүрлілікті сақтау саясатын жалғастырады.
110
2019 жылдың мамыр айында «NCOC N.V.» компаниясы мен Федералдық мемлекеттік 
бюджеттік ғылым мекемесі Ресей Ғылым академиясының А.Н.Северцов атындағы Экология 
және эволюция проблемалары институты (РҒА ЭЭПИ) ғылыми ынтымақтастық және өзара іс - 
қимыл туралы келісімге қол қойды және Солтүстік Каспий акваториясындағы Каспий 
итбалығын зерттеу бағдарламасының 2019-2023 жылдарға арналған жобасын әзірледі. 
2019 жылғы 3 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы (Балық 
шаруашылығы ҒӨО, Микробиология және вирусология ҒӨО, Қазақстандық Қолданбалы 
Экология Агенттігі), Ресей Федерациясы (РҒА ЭЭПИ) ғалымдарының және Ресей 
Федерациясының Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан 
Республикасындағы «Газпром» АҚ өкілдігінің, «PSA» ЖШС, «NCOC N.V.» компаниясының 
өкілдерінің қатысуымен конференция өткізілді, онда 5 жылға көзделген бағдарлама талқыланды 
және бекітілді. 
Бағдарламаның түпкі нәтижелерінің бірі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Каспий 
итбалығының негізгі мекендейтін жерлерін сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақты 
(ЕҚТА) құру бойынша биологиялық негіздеме беру болжанып отыр. 
Бұл ретте Ақтау, Баутино және Атырау қалаларында Итбалықтарды зерттеу және оңалту 
орталықтарымен (ИЗОО) ЕҚТА құрудың табиғи ғылыми негіздемесін (ТҒН) және ТЭН 
әзірлеуді қамтамасыз ету ұсынылды.
Қазақстан БИОФИН Биоалуантүрлілікті қаржыландырудың жаһандық бастамасын іске 
асыратын елдердің қатарына кіреді, оның мақсаты биоалуантүрлілікті қаржыландыру 
үрдістерін анықтауда және олардың көмегімен биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында қаржы 
ресурстарын жұмылдыруға болатын қаржылық шешімдерді әзірлеуде елдерге қолдау көрсету 
болып табылады. БИОФИН 2011-2020 жылдарға арналған биоалуантүрлілік бойынша БӘК 
амбициялық стратегиялық жоспары үшін маңызды көмек ретінде қарастырылады.
Қазіргі қаржылық тапшылықты жабу үшін Қазақстанда БИОФИН жобасының 
сарапшылары неғұрлым перспективалы қаржылық шешімдерді қамтитын биоалуантүрлілікті 
сақтау үшін қаржы ресурстарын жұмылдыру жоспарын әзірледі. Ресурстарды жұмылдыру 
жоспары шеңберінде сарапшылар мынадай қаржылық шешімдерді іске асыруды ұсынады: 
оларды 
қаржыландыруды 
жақсарту 
үшін 
ЕҚТА 
әлеуетін 
арттыру, 
көміртегі 
шығарындыларына өтемақы енгізу, аңшылық шаруашылықтарын қаржыландыруды жетілдіру, 
балық өсіруді субсидиялау, органикалық егіншілікті қолдау, экотуризмді дамытуды салықтық 
ынталандыру,биоалуантүрлілікті жоғалтқаны үшін өтемақы енгізу, орман ресурстарын сақтау 
және тұрақты басқару үшін сыртқы инвестицияларды тарту. 
АҚШ Ұлттық парктерін басқарудың бай тәжірибесін зерделеп, ҚР Мәдениет және спорт 
министрлігінің «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Қазақстанның үш ұлттық парктерінде экотуризмді 
дамыту бойынша пилоттық жобаны енгізуде. Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы 
14 тамызда компания төрағасы «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, «Іле-Алатау 
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, сондай-ақ «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық 
табиғи паркі» РММ басшыларымен бірлескен қызмет туралы екіжақты шарт жасасты. 
Бірлескен қызмет қолданыстағы экожүйені сақтау мүдделерін ескере отырып, сапалы туристік 
инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инновациялық идеяларды, бағдарламаларды, жобалар 
мен технологияларды әзірлеуге, енгізуге және ілгерілетуге бағытталатын болады. Ұлттық 
парктерде экологиялық туризмді дамыту туристердің болуына жол берілетін аумақтарда 
110
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. 


144 
болжанады. Бірлескен қызмет барысында үздік тәжірибелерді енгізу үшін халықаралық 
сарапшылар мен ұйымдар тартылатын болады. Инвестициялар тарту үшін нақты аумақтар 
айқындалатын болады. Пилоттық жобаларды табысты іске асыру Қазақстан Республикасының 
барлық ұлттық парктерінде осы тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа модельді 
енгізудің арқасында туристік ағындарды жылына 1,3 млн. туристен 3,4 млн. туристке дейін 
2025 жылға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл іс-шаралар 20 мыңға жуық жаңа жұмыс 
орындарын ашуға және таяудағы 5-7 жылда шамамен 100 млрд.теңге инвестиция тартуға 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет