Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет83/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

сатып алу қағидаттарын (МСБ 10РП бағдарламалары) және ЭЫДҰ 2014 жылғы тұрақты 
сатып алудың озық тәжірибесін ашық және экономикалық тиімді тәсілмен мемлекеттік сатып 
алуды жүргізу кезінде экологиялық аспектілерді есепке алу бойынша пайдалы ұсынымдар 
ретінде пайдалана алады.
122
Экологиялық тауарлар мен қызметтер саудасына жәрдемдесу мақсатында (мысалы, 
ауаның ластануына қарсы күрес, табиғи ресурстарды қорғау үшін) Қазақстан төмендегілерді 
орындауы тиіс:
(а) 
ДСҰ-ға кіру контексінде және Еуразиялық экономикалық одақтың құзыретті 
органдарымен бірлесіп, барлық өңірлік сауда келісімдеріне нақты табиғат қорғау ережелерін 
енгізуді қолдау;
(b) 
мінез-құлық қағидаларын (компаниялардың) өзгерту үшін өршіл әрі дәйекті 
экологиялық стандарттарды, оның ішінде ерікті экологиялық стандарттарды әзірлеу;
121
Дүниежүзілік банк. Жасыл экономика: Қазақстандағы шындық пен перспективалар. 2018 жыл 
122
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж. 


161 
(c) 
барлық өңірлік сауда келісімдері шеңберінде экологиялық тауарлар мен 
қызметтер саудасын көтермелеу.
"Жасыл жұмыс орындарын" енгізу үшін Қазақстанға төмендегілерді іске асырған жөн:
a) 
Қазақстан үшін "жасыл" жұмыс орындарын айқындауды тұжырымдау және ХЕҰ 
айқындауды пайдалана отырып, елде "жасыл" жұмыс орындарын құру үшін қажетті 
құзыреттерді айқындау;
(b) 
Кәсіптік-техникалық білім беру, жоғары білім беру және кадрларды даярлау 
саласына, мысалы, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мәнмәтінінде "жасыл" 
жұмыс орындарының аспектілерін біртіндеп енгізу. Мысал ретінде кәсіби стандарттарды, білім 
беру стандарттары мен оқыту бағдарламаларын, сондай-ақ біліктілікті бағалау мен 
аттестаттауды келтіруге болады. 
Тиісінше жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманың айқындаушы
параметрлерінің арасында келесі міндеттерді шешу үшін ТБО 12, 17, 8, 15 көрсеткіштері пайда 
болуы тиіс:
- 12.7 міндет: Ұлттық стратегиялар мен басымдықтарға сәйкес мемлекеттік сатып алудың 
экологиялық практикасын қамтамасыз етуге жәрдемдесу 
- 12.с міндет. Халықтың мұқтаж және әлсіз топтарының мүдделерін қорғау үшін олардың 
экологиялық салдарларын есепке алу үшін, дамушы елдердің ерекше қажеттіліктері мен 
жағдайларын толық көлемде назарға ала отырып және олардың дамуы үшін ықтимал теріс 
салдарды барынша азайта отырып, ұлттық жағдайларды ескере отырып, нарықтық 
сәйкессіздіктерді жою арқылы, оның ішінде салық салуды қайта ұйымдастыру және олар бар 
жерлерде зиянды субсидиялардан біртіндеп бас тарту жолымен, қазба отынның ысыраппен 
пайдаланылуына әкелетін, тиімсіздігімен ерекшеленетін қазба отынды пайдалануды 
субсидиялауды ұтымды ету.
- 17.10 міндет: Даму саласындағы Доха күн тәртібі бойынша келіссөздердің аяқталуының 
арқасында Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде ережелерге негізделген әмбебап, ашық, 
кемсітпейтін және әділ көпжақты сауда жүйесін көтермелеу;
- 8.3 міндет: Өндірістік қызметке, лайықты жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлікке, 
шығармашылыққа және инновациялық қызметке ықпал ететін саясатты дамытуға бағдарланған 
шараларды жүргізуге жәрдемдесу және микро-, шағын және орта кәсіпорындарды, оның ішінде 
оларға қаржылық қызметтерге қол жеткізу арқылы ресми тануды және дамытуды көтермелеу
- 15.a міндет: Биологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану 
мақсатында барлық көздерден қаржы ресурстарын жұмылдыру және айтарлықтай ұлғайту.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның тұжырымдамасында орнықты дамумен және оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет