164
Көкшетау қаласының әуежайы ИКАО талаптарына сәйкес келеді және әуе кемелерінің
барлық түрлерін қабылдай алады.
Статистикалық деректер бойынша 2017 жылы
өнеркәсіп өндірісінің көлемі 561290
млн.теңгені, 2018 жылы – 659726 млн. теңгені
,
ал 2019 жылы 791162 млн. теңгені құрады.
2019 жылы өнеркәсіп өндірісінің құрылымында өңдеу өнеркәсібі басым бөлігін алып
отыр, оның көлемі 621930 млн теңгені (81,1%) құрады, бұл 2018 жылдан сәл артты (80,8%).
Өңірдің өңдеу өнеркәсібі тамақ өнімдерін өндірумен, жеңіл және химия өнеркәсібімен, резеңке
және пластмасса бұйымдарын өндірумен, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндірумен,
металлургиямен және машина жасаумен айналысады. Өндіріс көлемін арттыру және жаңа кен
орындарын игеру мақсатында "Қызылту" мыс-молибден кен орнын (Ерейментау ауданы) игеру
және қуаты жылына 80 мың тонна "Arai Pro" ЖШС-нің шикі каолин байыту фабрикасы
салынып жатыр.
Жалпы Ақмола облысының өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек
өнімділігінің көрсеткіші
Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен салыстырғанда 2 есе төмен және шамамен
Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы,
Оңтүстік Қазақстан облысы сияқты өңірлердің деңгейінде тұр, бұл жерлерде өнімділігі ең
жоғары секторлардың бірі – мұнай өңдеу саласы жоқ.
2018 жылы
ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымындағы облыстың үлесі 9%
құрады (5-орын).
Жыл
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі,
млрд теңге
Өсімдік шаруашылығы,
млрд. теңге
Мал шаруашылығы,
млрд. теңге
2017
378,2
254
123,3
2018
406,7
268,8
136,9
2019
487,5
318,2
167,9
*ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері
Өңірдің ауыл шаруашылығының негізгі өнімі дәнді дақылдар болып табылады,
олардың
егіс алқабы Қазақстанда ең үлкен – 4,3 млн.га немесе елдегі барлық егіс алқабының 27,9%.
Достарыңызбен бөлісу: