Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтары



Pdf көрінісі
бет22/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

8-параграф. Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтары 
қызметінің үлгілік қағидалары
348. Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтары (бұдан әрі – 
Орталық) дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, қолдау, оқыту, 
дамыту, сүйемелдеу және әлеуметтендіру, сондай-ақ «Ел үміті» бастамасының 
жобаларын іске асыру үшін құрылады.
349. Орталық қызметінің мақсаты білім алушылардың қабілеттерін 
диагностикалау, Дарынды балаларды анықтау, зияткерлік дайындық деңгейін 
арттыруға жәрдемдесу, отбасылардың әлеуметтік жағдайы мен қаржылық 
мүмкіндіктеріне қарамастан, зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру, кәсіби 
өзін-өзі анықтау үшін жағдай жасау болып табылады.
350. Орталық келесі міндеттерді жүзеге асырады:
1) дарынды балаларды анықтау және психологиялық-педагогикалық қолдау 
үшін жүйелі тәсілді әзірлеу;
2) дарынды балаларға психологиялық-педагогикалық консультациялар;
3) білім алушылардың кәсіптік бағдары;
4) дарынды балаларды анықтау және қолдау үшін материалдық-техникалық 
және оқу-әдістемелік база құру;
5) желілік өзара іс-қимыл жүйесін және дарынды балалармен жұмыс 
бойынша бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;
6) дарынды балалардың бірыңғай тізілімі - дарынды балалардың 
электрондық дерекқорын құру;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
7) дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша жұмысты 
ұйымдастыруды әдістемелік қамтамасыз ету;
8) дарынды балаларды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға 
жәрдемдесу;
9) педагогтарға дарынды балалармен жұмыс әдістерін меңгеруге көмек 
көрсету;
10) сауықтыру орталықтары мен лагерьлерде олимпиадалар, конкурстар, 
тренингтер, бейінді ауысымдарды ұйымдастыру және өткізу;
11) дарынды балаларды, сондай-ақ педагогтарды атаулы қолдау тетігін құру;
12) дарынды балаларды қолдау және дамыту үшін қосымша оқытуды 
ұйымдастыру;
13) дарынды балалармен жұмысты жоспарлау, бақылау және талдау;
14) дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша педагогтердің оң 
тәжірибесін тарату;
15) республикалық және халықаралық деңгейдегі жалпы білім беретін 
пәндер бойынша зияткерлік іс-шаралар өткізу (турнирлер, марафондар, 
конкурстар, ойындар, фестивальдар, ғылыми жарыстар мен олимпиадалар).
351. Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы қызметінің 
бағыттары дарынды балаларды анықтау және қолдау жүйесін ұйымдастыру-
экономикалық қамтамасыз ету, дарынды балаларды психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу, дарынды балалардың тізілімін жүргізу, дарынды 
балалармен жұмыс істейтін педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу.
352. Орталық келесі қызметтерді көрсете алады – оқушылардың 
қабілеттерін диагностикалау; кәсіптік бағдарлау; дарынды балаларға және 
олардың заңды өкілдеріне психологиялық-педагогикалық кеңес беру; таланттар 
тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына 
қайшы келмейтін басқа да қызметтер.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
3-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет