Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Оқу-тәрбиелік орталығы қызметінің үлгілік қағидалары



Pdf көрінісі
бет20/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
6-параграф. Оқу-тәрбиелік орталығы қызметінің үлгілік қағидалары
334. Оқу-тәрбиелік орталық (кешен) (бұдан әрі - ОТО) жалпы жалпы білім 
беретін орта мектептің құрылымына кіреді.
335. ОТО негізгі міндеті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша 
білімнің жалпы білім берудегі оқу бағдарламасын жүзеге асыру.
336. Аталған мақсатқа жетү үшін ОТО келесі міндеттерді іске асырады:
1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және 
қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және 
әдістемелік жетістіктерге жеткізу;
2) білім алушыларды кәсіби-бағдарлық жұмыспен қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене бітімінің мүмкіндіктерін 
дамыту, олардың қабілеттерін ашу;
4) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін 
қалыптастыру, даралығын дамыту үшін жағдай жасау арқылы зердесін байыту;
5) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына 
деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді 
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға 
қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
6) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, 
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу 
қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын 
қалыптастыру;
7) қоғамдық өмірге бейімдеу;
8) бос уақытын мағыналы өткізуді ұйымдастыру;
9) оқушылардың оқуы үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
337. ОТО бір немесе бірнеше ұқсас пәндердің мұғалімдерін біріктіреді. 
Әдістемелік бірлестіктердің басшылары ОТО басшылық етеді.
338. ОТО білім алушыларға сабақтан тыс тәрбиелеу жұмысын 
ұйымдастырады, қосымша білім береді.
339. ОТО ішінде мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі 
жұмыс істейді.
340. Әр ОТО – ол өзіне оқу кабинеттерді, сондай ақ ОТО қызмет мазмұнына 
сәйкес рәсімделген рекреация мен кіреберістері бар дербес бөлімше.
341. ОТО әдістемелік, анықтамалық әдебиетпен, сөздіктермен, теле-
радиоаппаратурамен жабдықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет