Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі



Pdf көрінісі
бет2/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
А. Аймағамбетов


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
1-қосымша
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан әрi – 
Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – 
«Білім туралы» Заң) сәйкес әзiрленген және мектепке дейінгі ұйымдар қызметінiң 
тәртiбiн айқындайды.
2. Мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:
1) мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын 
қорғау;
2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және 
жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық 
дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен 
тығыз ынтымақтастықта болу;
5) ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және 
денсаулығын сақтау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету;
6) баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған өзгеретін 
ойын және тақырыптық зоналарды (аймақтарды), инклюзивті дамыту ортасын 
құру;
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен 
вариативтілігін қамтамасыз ету, қауіпсіз және жайлы білім беру жағдайларын 
жасау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 
22 ақпандағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) бекітілген Білім беру ұйымдары 
түрлерінің номенклатурасында қарастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың 
түрлері құрылады.
4. Мектепке дейінгі ұйымдар:
1-3-ке, 10-ға дейін және одан да көп топтар санымен түрлі жас топтарының 
болуымен;
5 күндік жұмыс аптасымен балалардың 4, 9, 10, 5, 12, 24 сағат болуымен;
6 күндік жұмыс аптасымен балалардың 4, 9, 10, 12, 24 сағат болуымен 
ерекшеленеді.
5. Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері:
бөбекжай-бақша - бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі 
балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың болуын 
қарастырады;
балабақша - үш жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі балаларға 
арналған мектеп жасына дейінгі топтардың болуын қарастырады;
отбасылық бөбекжай - отбасы мүшелерінің тікелей қатысуымен құрылады 
және әртүрлі жастағы топтардың (бір-үш жастағы балалар, үш-бес жастағы 
балалар) болуын қарастырады;
санаториялық бөбекжай-бақша - бір жастағы және 1-сыныпқа 
қабылданғанға дейінгі бөбек жастағы және мектеп жасына дейінгі топтардың 
болуын қарастырады және балалар ауруларының диагнозына байланысты дәрілік 
және физиотерапиялық емдеуді, сауықтыру-профилактикалық шараларды 
(шынықтыруды, емдік дене шынықтыруды, массажды) жүргізеді;
мектепке дейінгі шағын орталық - бір жастағы және 1-сыныпқа 
қабылданғанға дейінгі балаларға арналған бөбек жастағы және мектеп жасына 
дейінгі топтардың болуын қарастырады, балалардың толық немесе жарты күн 
болуымен білім беру ұйымдарының жанында жұмыс істейді;
арнайы бөбекжай-бақша - бір жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға 
дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, 
дамыту, күтім жасау және сауықтыру үшін арнайы жағдайлар жасайтын мектепке 
дейінгі ұйым;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
арнайы балабақша – үш жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, күтім 
жасау және сауықтыру үшін арнайы жағдайлар жасайтын мектепке дейінгі ұйым.
6. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі құрылымдық бірлігі жас тобы болып 
табылады, топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы 
бойынша жасақталады.
7. Жас ерекшелігі бір қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы:
1) ерте жас тобы (1 жастағы балалар) – 10 баладан артық емес;
2) кіші топ (2 жастағы балалар) – 20 баладан артық емес;
3) ортаңғы топ (3 жастағы балалар) - 25 баладан артық емес;
4) ересек топ (4 жастағы балалар) – 25 баладан артық емес;
5) мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастағы балалар) - 25 баладан 
артық емес.
8. Жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жас топтарының 
толықтырылуы:
1) топта жас ерекшелігі екі түрлі (1 жастағы балалар, 2 жастағы балалар) 
балалар болған жағдайда– 15 баладан артық емес;
2) топта жас ерекшелігі үш түрлі (3 жастағы балалар, 4 жастағы балалар, 5 
жастағы балалар) балалар болған жағдайда – 20 баладан артық емес.
9. Мектепке дейінгі ұйымдарды жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз 
ету «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру 
ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 
қаңтардағы № 70 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
бұйрығына
тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
10. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарының (заңды өкілдерінің) 
мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен оқыту:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, оның 
ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жас топтарында 
(үш тәрбиеленушіден артық емес);


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) және (немесе) тәрбие мен оқытудың арнайы бағдарламасы бойынша 
бұзылыс түрлері негізіндегі арнайы топтарда қарастырылады.
Топта ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер болған 
жағдайда топтарды жинақтау бір тәрбиеленушіге тәрбиеленушілердің жалпы 
санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
11. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 
Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидалар мен 
мектепке дейінгі ұйымдар жарғысын және Қазақстан Республикасының мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық 
актілерін басшылыққа алады.
12. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға 
дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және 
әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу 
және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет 
қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде тәрбиленушілерге 
инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.
13. Тәрбиеленушілерді мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы 
орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 
254 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік 
қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) (бұдан әрі – 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары) жүзеге асырылады.
14. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін келесі кезеңдер бойынша 
ұйымдастырады:
1) 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы («Мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 
12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген бағдарламаның (бұдан әрі –
Бағдарлама) мазмұнын меңгеру кезеңі (Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген);
1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – мектептердің (лицейлердің, 
гимназиялардың) мектепалды сыныптары үшін оқу жылы (Бағдарлама мазмұнын 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
меңгеру кезеңі), оқу жылы бойы мектептің (лицейдің, гимназияның) ішкі тәртіп 
ережелеріне сәйкес каникулдар белгіленеді;
2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;
3) мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепке 
дейінгі ұйымнан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;
мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектептердің 
(лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарынан шығару жыл сайын 31 
мамырда жүзеге асырылады;
4) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру 
тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, 
ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады;
мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарын 
жинақтау тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере 
отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
15. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушінің орны:
1) тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда 
емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі 
бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде;
2) тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің 
жылына екі айдан артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша 
өтініш ұсынған жағдайда;
3) елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы 
төтенше жағдайлар), карантин енгізілген кезеңде сақталады.
16. Тәрбиеленушілер мектепке дейінгі ұйымдардан:
1) мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де 
заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған;
2) тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке 
ескертпей, мектепке дейінгі ұйымға келмеген;
3) дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде 
тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер 
болған жағдайларда шығарылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
17. Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы 
мөлшері:
1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық 
нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда және мемлекеттік 
білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 
тәрбиеленушінің жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын 
құрайды; жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша тәрбиеленушілерді 
тамақтандыруға кететін шығындар жергілікті бюджеттен ішінара немесе 
толығымен өтеледі;
2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге арналған 
санаториялық балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілерді 
күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады;
3) мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, 
жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның 
құрылтайшысы белгілейді.
18. Түрлеріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке 
дейінгі ұйымдар, оның ішінде жаңадан құрылғандары, сондай-ақ мемлекеттік 
мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары және педагогтері Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аттестаттаудан өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет