3 тарау. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы
қызметінің тәртібі
29. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында
күнтізбелік жыл ішінде әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық,
әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек,
әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық қызметтер түріндегі арнаулы
әлеуметтік қызметтерді үш жастан он сегіз жасқа дейін алады:
1) жетім балалар;
2) ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-
аналарының хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп
жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-
аналарының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-
анасының баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-аналары өз баласын тәрбиелеу немесе
емдеу мекемесінен алудан бас тартқан кезде, оларды уақтылы орналастыру
мүмкін болмаған, сондай-ақ олардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер
төнген кезде орган ата-анасынан (олардың бірінен) немесе қамқорлығында болған
басқа да адамдардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де
жағдайларда іріктеп алған;
3) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан
он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;
4) арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;
5) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан
қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар.
30. Осы Қағидалардың 29-тармағының 1) және 2) тармақшаларында
көрсетілген, білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмағандарға органдар
мынадай құжаттарды ұсынады:
1) білім басқармасының білім беру ұйымына жіберу туралы бұйрығы;
2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);
3) денсаулық жағдайы және егулер туралы медициналық құжаттар;
4) білім туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін);
5) баланың өмір сүру жағдайларын тексеру актісі;
6) ата-аналары туралы мәліметтер (ата-аналарының қайтыс болуы туралы
куәліктердің көшірмелері, соттың шешімі (ата-аналарының ата-ана құқықтарын
шектеу немесе айыру туралы, ата-аналарын хабарсыз кетті деп тану, оларды
қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі)
деп тану туралы), ауруы туралы анықтама, ата-аналарды іздестіру туралы
анықтама және ата-аналарының болмауын немесе олардың өз балаларын
тәрбиелеу мүмкін еместігін растайтын басқа да құжаттар);
7) жақын туыстарының бар-жоғы және тұрғылықты жері туралы анықтама;
8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейін қалған мүліктің тізімдемесі, оның
сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтер;
9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекіту туралы құжаттар.
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Осы Қағидалардың 29-тармағының 3) және 5) тармақшаларында
көрсетілген кәмелетке толмағандарға:
1) органның қаулысы;
2) баланың туу туралы куәлігі (жеке куәлігі) (бар болса);
3) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі (тұрғылықты жерін
белгілеу кезінде);
4) кәмелетке толмағанға, сондай-ақ оның ата-анасына немесе басқа да заңды
өкілдеріне мінездеме (ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері анықталған кезде);
5) туу туралы куәлік (болған жағдайда);
6) білім беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар үшін);
7) медициналық құжаттар (бар болса-егу паспорты және амбулаториялық
карта).
Осы Қағидалардың 29-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген
кәмелетке толмағандарға:
1) сот қаулысы.
31. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы Қағидалардың 31-
тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке
толмағандар өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына осы
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды өмірлік
қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына қабылдау туралы актінің
негізінде орналастырылады, бұл туралы өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды
қолдау Орталығының Әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан
Республикасының прокуратура органдарына жазбаша.
32. Кәмелетке толмағандарды одан әрі ұстау не орналастыру туралы
мәселені шешу үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау
орталығының қызметкерлері үш жұмыс күні ішінде қадағалаусыз, панасыз қалу
не зорлық-зомбылық, баланың өмірі мен денсаулығына қатыгез қарау белгілерінің
болуын негіздейтін органдарға ақпарат жібереді.
33. Консультациялық көмек өз бетінше және өз еркімен жүгінген балаларға
және олардың заңды өкілдеріне білім басқармасының жолдамасынсыз көрсетіледі.
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
34. Тәрбиеленушіні өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау
орталығынан басқа ұйымға ауыстыруды Білім басқармасы психологиялық-
медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және өмірлік қиын
жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының қолдаухаты негізінде жүзеге
асырады. Бұл ретте білім басқармасы ауыстыру туралы тиісті бұйрық
дайындайды.
35. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының
тәрбиеленушілерін шығару өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау
орталығының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша, ол болмаған кезде –
өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы әкімшілігінің шешімі
бойынша жүргізіледі.
36. Кәмелетке толмағандар Кәмелетке толғанға дейін отбасына тәрбиелеуге
орналастыру мүмкін болмаған жағдайда оларға көмек көрсету және оларды одан
әрі орналастыру мәселелерін шешу үшін алты айдан аспайтын мерзімде өмірлік
қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында болады.
37. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына келіп
түскен сәттен бастап алты ай ішінде жетім бала және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған бала мәртебесі белгіленген кезде өмірлік қиын жағдайда
жүрген балаларды қолдау орталығына тұрақты тұруға қабылдау осы
Қағидалардың 29-тармағына сәйкес белгіленген құжаттар тізбесі негізінде
кейіннен отбасына орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады.
38. Тәрбиеленушіні өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау
орталығынан ауыстырған (шығарған) кезде жеке істер тәрбиеленуші тұратын
және оқитын ұйымның өкіліне беріледі, ол туралы журналға тиісті жазба
жазылады.
39. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында
қызметтер (бөлімдер) ұйымдастырылады):
1) орталық тәрбиеленушілері мен өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды
психологиялық және құқықтық қолдау қызметі (бөлімі);
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
2) қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының
тәрбиеленушілерін отбасылық орналастыруға жәрдемдесу, қиын өмірлік
жағдайдағы балаларды қолдау орталығының түлектерін асырап алушы ата-
аналарды сүйемелдеу және интернаттан кейінгі сүйемелдеу қызметі (бөлімі).
40. Орталық тәрбиеленушілері мен өмірлік қиын жағдайда жүрген
балаларды психологиялық және құқықтық қолдау қызметінің (бөлімінің)
міндеттері:
1) тәрбиеленушілердің, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың жеке
және зияткерлік дамуына жәрдемдесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту
қабілетін қалыптастыру;
2) тез дамып келе жатқан ақпараттық қоғам жағдайында тәрбиеленушілерге,
қиын өмірлік жағдайдағы балаларға, олардың табысты әлеуметтенуіне
психологиялық көмек көрсету;
3) әр оқушыға және қиын өмірлік жағдайдағы балаға оның жеке басын
психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде көзқарасты дараландыруға ықпал
ету;
4) психологиялық диагностика жүргізу және қиын өмірлік жағдайдағы
тәрбиеленушілер мен балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) өмірлік қиын жағдайдағы тәрбиеленушілер мен балалардың
психологиялық қиындықтары мен мәселелерін шешу бойынша
психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асыру;
6) психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмысының
оңтайлы әдістерін таңдауда Орталықтың ата-аналары мен қызметкерлеріне
консультациялық көмек көрсету;
7) тәрбиеленушілерді патронаттық отбасылардағы өмірге психологиялық
даярлауды жүзеге асыру.
41. Қызметтің (бөлімнің) міндеттері өмірлік қиын жағдайда жүрген
балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін отбасылық орналастыруға
жәрдемдесу және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының
түлектерін асырап алушы ата-аналарды сүйемелдеу және интернаттан кейінгі
сүйемелдеу:
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
1) баланы отбасына қайтару мақсатында өмірлік қиын жағдайда жүрген
балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілерінің туған отбасыларымен жұмысты
жүзеге асыру;
2) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз
отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын
психологиялық даярлауды жүзеге асыру;
3) отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқықтарын іске асыру үшін
өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілерінің
ата-ана қамқорлығынан айырылуының нақты мән-жайларын анықтау бойынша
жұмыстарды жүзеге асыру;
4) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз
отбасына тәрбиелеуге қабылдауға және қабылдауға тілек білдірген Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға консультациялық
көмек көрсету;
5) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
өз отбасына тәрбиелеуге қабылдаған отбасыларға психологиялық,
консультациялық және өзге де көмек көрсету;
6) тәрбиеленушілерді қабылдаушы отбасына орналастыру бойынша
органдармен жұмысты жүзеге асыру;
7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған ұйымдардың түлектеріне өз бетінше өмір сүруге бейімделуіне жәрдем
көрсету;
8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған ұйымдар түлектерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмек
көрсету;
9) өзін-өзі қамтамасыз ету проблемаларын шешуде, өмірлік қиын
жағдайларды еңсеру бойынша мүмкіндіктерді іске асыруда қолдау көрсету;
10) еңбексүйгіштікті, салауатты өмір салты дағдыларын, мінез-құлық
мәдениетін, заңға бағынуды қалыптастыру.
42. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында
қажеттілігіне қарай басқа да қызметтер (бөлімдер) құрылуы мүмкін.
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
43. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы қызметі
өмірлік қиын жағдайдың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен
байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық
қызметтер көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |