Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата14.10.2022
өлшемі0,83 Mb.
#42997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Стандарт-ДВО kaz 1

2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына 
қойылатын талаптар
5. Бастауыш білім беру мазмұнында:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу базалық құндылықтар болып айқындалған.
6. Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар 
негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен 
дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;
2) сын тұрғысынан ойлау;


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды 
меңгеру;
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.
7. Бастауыш білім берудің мазмұны оқыту нәтижелеріне бағдарланады және 
мынадай аспектілерді ескере отырып айқындалады:
1) заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;
2) сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту 
қажеттілігі;
3) оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;
4) оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
8. Бастауыш білім берудің мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде 
іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш 
тілді меңгерген, қызметтің алуан түрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, 
өз елінің мәдениетін бағалайтын, басқа елдердің мәдениетін түсінетін және 
сыйлайтын Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
9. Үштілді білім беру іс жүзінде мынадай жолдармен іске асырылады:
1) қазақ, орыс және шетел тілдерінің халықаралық стандарттарға сәйкес 
деңгейлік меңгерілуін қамтамасыз ету;
2) сабақтан тыс жұмысты қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастыру.
10. «Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны оқу пәндерінің 
аясында жүзеге асырылады:
1) «Сауат ашу», «Қазақ тілі» қазақ тілінде оқытатын сыныптарда, «Русский 
язык» орыс тілінде оқытатын сыныптарда, оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 
сыныптарда «Қазақ тілі», оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда 
«Русский язык», «Әдебиеттік оқу», «Шетел тілі»;
2) Қазақстан аумағында жинақы тұратын этностардың тілінде оқытатын 
білім беру ұйымдарында «Тіл және әдебиет» білім беру саласына осы этностың 
«Ана тілі» оқу пәні қосымша енеді. Ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде оқытатын білім 


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
беру ұйымдарына арналған «Ана тілі» оқу пәні үлгілік оқу жоспарының 
инвариантты компонентіне енеді.
11. Қазақ тілінде оқытылатын оқушылар үшін «Әліппе», «Ана тілі» пәндері 
бойынша әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінің міндеттері «Әліппе» 
оқулығымен 1-жартыжылдықта, әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері «Ана тілі» 
оқулығымен 2-жартыжылдықта; орыс тілінде оқытылатын оқушылар үшін 
«Букварь», «Обучение грамоте» пәндері бойынша әліппеге дейінгі және әліппе 
кезеңдерінің міндеттері «Букварь» оқулығымен 1-жартыжылдықта, әліппеден 
кейінгі кезең міндеттері «Обучение грамоте» оқулығымен 2-жартыжылдықта 
жүзеге асырылады.
12. «Тіл және әдебиет» білім беру саласындағы пәндердің мазмұнында 
Қазақстанның ұлт мәдениеттерінің бірлігі мен әртүрлілігі, ұлттық сана-сезімнің 
негізі ретінде мемлекеттік тіл туралы түсініктерін қалыптастыруға, сөйлеу 
әрекетінің төрт түрі бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған 
коммуникативтік тәсілді қолдану көзделеді. Тілдік пәндердің мазмұны ойын және 
танымдық іс-әрекеттер арқылы білім алушылардың бойында тілдерді үйренуге 
деген қызығушылығы мен оң қатынасын дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу, 
тілдік материал ретінде мәтінмен жұмыс істей білу, фразалар мен сөз 
орамдарының мәнін түсіну және оларды нақты жағдайлар кезінде қолдану үшін 
бастапқы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
13. Қазақ тілін / орыс тілін/ ана тілін оқыту тілі ретінде үйрету білім 
алушылардың тілдік дағдыларын дамыту, мәтіннің әртүрлі түрлерімен және 
типтерімен өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру үшін әдеби мәтіндерді 
пайдалануға негізделген.
14. Екінші тілді (оқыту тіліне байланысты қазақ тілі/орыс тілі) және үшінші 
тілді (шетел тілі) оқыту тілді деңгейлеп меңгеруге бағдарланған.
15. «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны 
«Математика», «Цифрлық сауаттылық» оқу пәндерінде іске асырылады.
16. «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны білім 
алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын 
сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға; ауызша және 
жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер шығарудың жалпы амалдарын, 
өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу 


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
машықтарын дамытуға; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың 
қарапайым құралдарын қолдану дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, 
объектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен 
және диаграммалармен жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, 
интерпретациялау және деректерді беру машықтарын қалыптастыруға 
бағытталған.
17. «Жаратылыстану» білім беру саласының мазмұны «Жаратылыстану» 
оқу пәнінде іске асырылады.
18. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат» жүйесі 
шеңберіндегі ғылыми білімнің қарапайым деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл оқу 
пәні білім алушылардың табиғатты тануға деген қызығушылығын, зерттеу 
дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсініп, көре білуді 
қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны «қарапайымнан күрделіге қарай, 
таныстан таныс емеске қарай» принципі бойынша құрастырылған. Жанды және 
жансыз табиғаттың құбылыстары мен процестерінің өзара байланыстарының 
себебін ұғыну және түсіну, қоршаған ортаның көптүрлілігі мен күрделілігін 
саналы аңғару білім алушылардың ой-өрісін кеңейтеді. «Жаратылыстану» оқу 
пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерінде дербес пән ретінде оқылатын 
«Биология», «Физика», «География», «Химия» оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол 
бастайтын, сондай-ақ білімнің барлық салаларында маңызды орын алатын зерттеу 
дағдыларының іргетасын қалайды.
19. «Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны «Дүниетану» оқу 
пәнінде іске асырылады.
20. «Адам және қоғам» білім беру саласы пәндерінің мазмұны «Адам –
Қоғам» жүйесі шеңберінде кіріспе білімді қамтамасыз етуге бағытталған. 
Пәндердің мазмұны қоғамдық қатынастардың өткені мен бүгінін, олардың өзара 
байланысын, адамдардың отбасындағы, қоғамдағы өзара қарым-қатынастарын 
танып-білуге; өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, отбасындағы, 
жергілікті, өңірлік, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын ұғуға; 
қазақстандық қоғамның құндылықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды 
түсінуге; әр білім алушының өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық 
әлеуетінің көзін ашуына; өз халқының және басқа да халықтардың мәдениетіне 


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
деген құрмет сезімін дамытуға, өз қылығы үшін жеке басы жауапкершілігін 
ұғынуына, басқа адамдардың сезімдерін түсінуге және бірге бөлісуге, адам мен 
қоршаған ортаға деген ізгілік қатынасын тәрбиелеуге бағытталған.
21. «Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны «Музыка», 
«Көркем еңбек», «Еңбекке бауылу» және «Бейнелеу өнері» оқу пәндері арқылы 
беріледі»;
22. «Технология және өнер» білім беру саласы пәндерінің мазмұны 
қоршаған ортаны біртұтас қабылдауды қалыптастыруға, оны визуалды өнер мен 
музыка құралдары арқылы тануға; бейнелеу өнерінің, қолөнер мен музыканың 
адам өміріндегі рөлі туралы алғашқы түсініктерді дамытуға, қазақтың ұлттық 
сәндік-қолданбалы өнеріне, музыкалық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, әлемдегі 
басқа халықтардың өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге; өнердің алуан түріне 
адам өмірінің көрінісі ретінде адамгершілік-эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуге, 
бастауыш мектеп білім алушыларының көркем және музыкалық-шығармашылық 
дамуына бағытталған.
23. «Дене шынықтыру» білім беру саласының мазмұны «Дене шынықтыру» 
оқу пәнінде жүзеге асырылады.
24. «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны физикалық қасиеттерді, жалпы 
дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға деген қызығушылықты дамытуға; 
саламатты өмір салты мәдениетін дарытуға; дене шынықтырудың адам өміріндегі 
рөлі туралы түсініктерді қалыптастыруға, спорт, қазақтың ұлттық спорт түрлері 
туралы ақпаратты өз бетімен таба білу және оны өзінің денсаулығын нығайту 
үшін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға; оқу, ойын және жарыс қызметі 
жағдайында құрбы-құрдастармен қарым-қатынас жасау мәдениетінің 
машықтарын қалыптастыруға бағытталған.
25. 1-4-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын міндетті 
меңгеруқамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда 
«Дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6 
сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады.
26. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда әрбір 
сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып 
жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете 
отырып, іске асырады.


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
27. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес 
жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 
маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 
тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне 
қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар 
тізбесін сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет