Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата14.10.2022
өлшемі0,83 Mb.
#42997
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Стандарт-ДВО kaz 1

2-тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына 
қойылатын талаптар
7. Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу.
8. Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың 
мынадай қабілеттері дамуы тиіс:
1) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының 
нормаларын құрметтеу және сақтау;
3) әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдай алу;
4) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталану;
5) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттік 
алуан түрлілігін құрметтеу;
6) рухани келісім және толеранттылық идеяларын қолдау;
7) қоршаған ортаға және экологиялық тұрақтылықты сақтауға оң қарым-
қатынас;
8) шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлау;
9) коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен 
технологияларды тиімді қолдана білу;


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
10) өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге талпыну.
9. Негізгі орта білімнің мақсаты – тұлғаның жалпы мәдениетін 
қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы 
түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың 
ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру.
10. Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушылардың:
1) рухани-адамгершілік қасиеттерін;
2) ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесін;
3) өздігінен білім алу және тұлғалық өзін-өзі дамыту дағдыларын;
4) оқу, жобалау, зерттеушілік іс-әрекеттерін жүзеге асыру дағдыларын;
5) сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау дағдыларын;
6) қауымда өзін-өзі іске асыру және өзара әрекет жасау дағдыларын 
қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
11. Негізгі орта білім берудің мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады 
және Стандарт талаптары негізінде әзірленетін оқу пәндерінің оқу 
бағдарламаларымен айқындалады.
12. Негізгі орта білім берудің мазмұны оқу, жобалау және зерттеу іс-
әрекеттерінің мақсатты ұйымдастырылған тәрбие жұмысымен үйлесімі арқылы 
іске асырылатын академиялық дайындықты, білім алушылардың дербестігін 
дамытуды және рухани-адамгершілік тәрбиені кіріктіру негізінде айқындалуы 
тиіс.
13. Негізгі орта білім берудің мазмұны мынадай бағдарларды ескере 
отырып айқындалады:
1) заманауи қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес болу;
2) сын тұрғысынан, шығармашылық және позитивті ойлауды дамыту 
қажеттілігі;
3) оқу пәндері мазмұнын кіріктіруді күшейтудің орындылығы;
4) бастауыш білім беру және негізгі орта білім беру деңгейлері арасындағы 
білім беру мазмұнының үздіксіздік және сабақтастық қағидатын сақтауды 
қамтамасыз ету;


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
5) білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы 
арасындағы теңгерімді сақтау;
6) оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
14. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту 
мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға, оның ішінде білім алушылардың 
ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеруге бағытталған. 
Оқытуды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жетекші қызметі ретінде 
оқуға басым рөл беріледі.
15. Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбие мәселелері шешіледі. 
Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті 
тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті 
зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
16. Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру жинақтала 
келе білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-
эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз етеді.
17. Оқу процесін ұйымдастыру білім алушыларды ізденуге, мәселелерді 
талқылауда, көзқарасын дәлелдеуде белсенділікке, сындарлы шешімдер 
қабылдауға ұмтылу жолымен өздігінен тәжірибе меңгеруін ұйымдастыруға 
негізделген оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды көздейді.
18. Міндетті оқу пәндерін оқытумен қатар элективті курстар, сыныптан тыс 
сабақтарды өткізу, білім алушылардың ғылыми жобаларға қатысуы көзделген.
19. Білім алушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекеті дағдыларын 
дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру 
процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.
20. Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты 
шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – 
кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі салаларында үш тілде еркін диалог 
жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың 
мәдениетін түсінетін және құрметтейтін Қазақстанның азаматын қалыптастыруға 
негізделеді.
21. Үштілді білім беру іс жүзінде:
1) қазақ, орыс және шетел тілдерін деңгейлік меңгеру;


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) оқыту тіліне қарамастан жекелеген пәндерді қазақ, орыс және шетел 
тілдерінде оқытуды ұйымдастыру;
3) сабақтан тыс іс-әрекеттер мен элективті курстарды қазақ, орыс және 
шетел тілдерінде ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
22. Негізгі орта білім берудің әр білім беру саласы бойынша базалық 
мазмұны білім алушыларға тек ғылым негіздерін оқытып қана қоймай, олардың 
тиімді әлеуметтенуіне ықпал ететін рухани, әлеуметтік және мәдени 
тәжірибелерін одан әрі дамытуды қамтамасыз етудің қажеттілігі ескеріле отырып 
анықталды.
23. «Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін «Қазақ тілі», «Қазақ 
әдебиеті» және оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін «Орыс тілі», 
«Орыс әдебиеті»;
2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін «Қазақ тілі мен 
әдебиеті» және оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін «Орыс тілі мен 
әдебиеті»;
3) «Шетел тілі»;
4) Қазақстан аумағында жинақы тұратын этностардың тілінде оқытатын 
білім беру ұйымдарында «Тіл және әдебиет» білім беру саласына осы этностың 
ана тілі мен әдебиеті қосымша енеді. Оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде 
жүргізілетін сыныптар үшін «Ана тілі», «Әдебиет» («Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек 
әдебиеті», «Тәжік әдебиеті») оқу пәндері ҮОЖ инвариантты компонентіне енеді.
24. «Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін «Қазақ тілі», «Қазақ 
әдебиеті» және оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін «Орыс тілі», 
«Орыс әдебиеті»;
2) қазақ емес тілде оқытатын сыныптар үшін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», 
орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін «Орыс тілі», «Әлем әдебиеті».
3) «Шетел тілі»;
4) Қазақстан аумағында жинақы тұратын этностардың тілінде оқытатын 
білім беру ұйымдарында «Тіл және әдебиет» білім беру саласына осы этностың 


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
ана тілі мен әдебиеті қосымша енеді. Оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде 
жүргізілетін сыныптар үшін «Ана тілі», «Әдебиет» («Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек 
әдебиеті», «Тәжік әдебиеті») оқу пәндері ҮОЖ инвариантты компонентіне енеді.
25. «Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны басқа тілдік және 
тілдік емес оқу пәндерімен пәнаралық байланысты пайдалануды; білім 
алушылардың ойдағыдай әлеуметтенуін; білім алушылардың жас 
ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік 
дағдыларын дамытуды; қазіргі әлемде тілдерді оқытудың маңыздылығын 
түсінуді; рухани-адамгершілік құндылықтардың дамуын; көптілді және 
көпмәдениетті әлемнің тұтастығын түсінуді; қарым-қатынас процесінде 
тұлғаарлық және мәдениетаралық байланыстарды орнатуды; өзге елдердің 
мәдениетімен танысу арқылы әртүрлі көзқарастарды сыйлай білуге тәрбиелеуді
оқыту тілінде түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде интернет ресурстарымен өз 
бетінше жұмыс істей білуді; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту және пайдалануды қамтамасыз етеді.
26. «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны 
«Математика», «Алгебра», «Геометрия», «Информатика» оқу пәндерінде іске 
асырылады.
27. «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны 
математика мен информатиканың әлемдегі рөлін айқындау және түсіну қабілетін 
қалыптастыруды; математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен 
процестерді модельдеудің құралы ретінде түсінуді; математика мен 
информатиканы оқыту кезінде орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, 
пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; жалпы орта білім беру деңгейінде 
оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді оқуға, оларды күнделікті өмірде 
пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруді; 
бағдарламалау технологиясының және ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін, 
информатиканы және басқа да пәндерді оқу кезінде ақпараттық және 
телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып шынайы объектілер 
мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруді; 
функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық 
ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін 
(сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі 


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуды 
қамтамасыз етеді.
28. «Жаратылыстану» білім беру саласының мазмұны «Жаратылыстану», 
«Физика», «Химия», «Биология», «География» оқу пәндерінде іске асырылады.
29. «Жаратылыстану» білім беру саласының мазмұны «Жаратылыстану», 
«Физика», «Химия», «Биология», «География», «География. Қазақстан 
географиясы» оқу пәндерінде іске асырылады.
30. «Жаратылыстану» білім беру саласының мазмұны функционалдық білім 
мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм 
бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік дағдыларды жетілдіру, 
қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын қалыптастыруды; 
әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан іргелі ұғымдарды, 
заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты ғылыми тану әдістерін, 
табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерттеу негізінде адамзаттың 
ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдетуді; экологиялық 
мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды; патриоттық 
сезімдерді, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті және ұқыпты қарауды 
тәрбиелеуді; білім алушыларды жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби 
бағдарлауды іске асыруды қамтамасыз етеді.
31. «Адам және қоғам» білім беру саласының оқу пәндерінің мазмұны 
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» оқу пәндерінде іске 
асырылады.
32. «Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда 
«Адам – Қоғам» жүйесі шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша 
білім негіздерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Оқу пәндерінің мазмұны білім 
алушыларда тарихи ойлау, өткен және қазіргі жағдайды, олардың өзара 
байланысын түсіну мен ұғыну, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, 
әлеуметтік ақпарат көздері материалдары бойынша талдау мен негізделген 
қорытындылар жасау және соның негізінде ешкімге тәуелсіз тұжырым жасау, 
өзіндік сараланған шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға; патриотизм 
сезімін тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты, демократиялық құқықтық қоғам 
идеалдары мен құндылықтарын түсінуді, әлеуметтік-мәдени байланыс 
жағдайында тиімді өзара қарым-қатынасты іске асыру және коммуникативтік 


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
құралдарды таңдау үшін белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға
жалпыадамзаттық, этномәдени құндылықтар жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық 
және саяси жағдайларға жеке қатынасын айқындай білуін дамытуға, адамгершілік 
таңдауды жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды 
бақылау мен бағалауға бағытталады.
33. «Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны «Музыка», 
«Көркем еңбек» оқу пәндерінде іске асырылады.
34.Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны «Музыка», 
«Технология», «Бейнелеу өнері» оқу пәндерінде іске асырылады.
35. «Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны қоршаған 
әлемнің бейнесін, өскелең ұрпақтың ортақ мәдениетін тұтастай қабылдауды, білім 
алушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік және эмоционалдық саласын 
қоғамның ұлттық және әлемдік көркем құндылықтары негізінде дамытуға, адам 
өміріндегі өнер мен технологиялардың рөлі туралы негізгі түсініктерді дамытуға, 
қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтарының салт-дәстүрлеріне, 
мәдениетіне және әртүрлі өнер түрлерін түсінуге және құрметтеуге; өнердің 
әртүрлі түрлерінде көркем, музыкалық және жобалық әрекетті жүзеге асыру 
білімдерін, біліктерін және дағдыларын одан әрі дамытуға; негізгі технологиялық 
білім, білік, дағдыларды, соның ішінде компьютерлік цифрлық технологияларды 
қолдану арқылы; әртүрлі музыкалық цифрлық технологияларды қоса алғанда, 
вокалды және инструменталды дағдыларды дамытуға; мәнерліліктің көркем және 
музыкалық құралдары және заманауи технологиялар арқылы әлемді танудың 
әртүрлі әдістерін өз бетінше меңгеруге бағытталады.
36. «Дене шынықтыру» білім беру саласының мазмұны «Дене шынықтыру» 
оқу пәнінде іске асырылады.
37. «Дене шынықтыру» білім беру саласының мазмұны денсаулықты 
нығайтуға, негізгі дене бітімі қасиеттерін дамытуға және ағзаның қызметтік 
мүмкіндіктерін жоғарылатуға; қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға, қозғалыс 
тәжірибесін жалпылай дамыту мен түзетуге бағытталған физикалық жаттығулар 
арқылы байытуға; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-
әрекеті дағдысы мен іскерлігіне, дене жаттығуларын жасауды өз бетінше 


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
ұйымдастыруға үйретуге; базалық және ұлттық спорт түрлерінің техникалық 
қимылдарымен амалдарын меңгеруге; патриоттық сезімге, өз Отанын сүюге және 
рухани ерік-жігер қасиеттеріне тәрбиелеуге бағытталады.
38. «Жол қозғалысы ережелері» оқу курсы 5-8-сыныптарда сыныптан тыс 
уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, сынып 
журналының жеке бетінде сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні 
көрсетіліп жазылады.
39. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес 
жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 
маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 
тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне 
қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар 
тізбесін сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет