Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне



Pdf көрінісі
бет14/25
Дата14.10.2022
өлшемі0,83 Mb.
#42997
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Стандарт-ДВО kaz 1

3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне 
қойылатын талаптар
30. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу 
жүктемесінің ең жоғары көлемі әр сыныпта аптасына 35 сағаттан аспайды.
31. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден 
тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық 
және жылдық оқу жүктемесі ҮОЖ-да белгіленеді.
32. Апталық оқу жүктемесі ҮОЖ-мен (инвариантты және вариативті 
компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы 
(түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығын ескере 
отырып, міндетті түзету компоненті қарастырылған. Арнайы (түзеу) білім беру 
ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзету және вариативті 
компоненттер ерекше оқытуды қажет ететін білім алушыларды ескерумен 
белгіленеді.
33. Сыныпты екі топқа бөлуге білім беру ұйымдарында сыныптарға білім 
алушылар саны 24 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
2) шетел тілі;
3) информатика бойынша жүзеге асырылады.


Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Білім беру ұйымдарында сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан 
артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі 
мен әдебиеті бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.
34. Сыныптарды топтарға бөлу 33-тармақта көрсетілген пәндерден басқа 
инвариантты компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар 
санына қарамастан, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты 
мектептерде рұқсат етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет